Меню
Назад » » »
Квадрат түбірлері бар өрнектерді шешуге есептер шығару
загрузка...

загрузка...
С.Ешбаев атындағы орта мектебі

Бекітемін: _________________________ Оқу ісінің орынбасары А.Ж.Тулеуова
«_____» «________________» 2015 жыл

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Квадрат түбірлері бар өрнектерді шешуге есептер шығару»

8 класс

Өткізген: А.О.Қыйлыбаева

2015 – 2016 оқу жылы
Мақсаты:
- Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту;логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
- оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу;
- санның квадратын табуын, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Сабақтың типі: білімді тиянақтау.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, семантикалық карта, бағалау парағы, балықтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
- оқуышлармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру;
- оқушылардың назарын сабққа аудару;
- сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Психологиялық дайындық.
«Қызықты сәлемдесу» :
- Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
- Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады.
- Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды.
- Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшын екінші жанның қолына тигізіп, терең дем алады.

ІІІ. Оқушыларды пойызға орналастыру үшін үш топқа бөлемін. Ол үшін үш түсті қағаздар пайдаланылады. Пойыз үш вагоннан тұрады.
Үш вагонға 3 жолсерік бекітіледі.
Жолаушылар өз араларынан жолсерік таңдайды.
Жолсерік есептеулерді дұрыс орындаған оқушыларға жетондар таратып отырады, сабақ сонында жетондарды санау арқылы баға қояды.

ІV. Үй тапсырмасын тексеру.

V. Қайталау сұрақтары:
- арифметикалық квадрат түбір дегеніміз не?
- арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін ата;
- квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендірудің неше тәсілі бар?

VІ. Есептер шығару.
№85,86,88

Топтық жұмыс.

VІІ. «Балық аулау» ойыны. Оқушылар балықтарды аулау арқылы есептерді шешеді.
VІІІ. Семантикалық карта.
Берілгені 11 1 16 10 5









ІХ. Бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Жетондарды санау, жеңімпаз топты анықтау.
Х. Үйге тапсырма. №90
ХІ. Қорытынды. Берілген жетондарды санап, жеңімпаздарды анықтау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Квадрат түбірлері бар өрнектерді шешуге есептер шығару можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 312 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar