Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Квадрат теңдеулер» тарауын қайталау . -

«Квадрат теңдеулер» тарауын қайталау .

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1513 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: «Квадрат теңдеулер» тарауын қайталау .
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Квадрат теңдеулер» тарауы бойынша білім, білік, дағдыларын жүйелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру; есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгінгі сабақта топ-топпен жұмыс жасаймыз. Жұмыс барысында алдынғы сабақта қабылданған топ ережелерін сақтаймыз.
Топқа бөлу. Сыныптағы оқушыларды фигураларға байланысты топқа бөлу. Ол үшін оқушыларға әр түрлі фигуралар (үшбұрыш, шеңбер, квадрат) таратылады.
І топ (үшбұрыш)
ІІ топ (шеңбер)
ІІІ топ (квадрат)
ІІ. «Адасқан әріптер»
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін келесі «Адасқан әріптер» деген тапсырманы орындайық. Ол үшін берілген әріптерден сөз құрастыру керек.
1 топ Таниимдкисрн (дискриминант)
2 топ Едңует (теңдеу)
3 топ Үрбті (түбір)

Осы сөздер қандай тақырыппен байланысты? (Квадрат теңдеулер). Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Квадрат теңдеулер» тарауын қайталау. Ал сабақтың мақсатын кім айтады?
(Дәптерге күннің ретін және тақырыпты жазу)
Эпиграф:
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Жүсіп Баласағұни
Жүсіп Баласағұни кім?
Ақын, ойшыл дана. Жетісу өңірінде 1020 жыл шамасында туылған. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Оған шығыс патшалары «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген екен.

ІІІ. Ой қозғау. (Теориялық білімдерін саралау)
Өткен тақырыптар бойынша теориялық материалды қайталау үшін әр топ берілген тапсырмаларды орындау керек .
Тапсырманың жауабын кластер түрінде көрсету керек.
І топ - Толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары.
ІІ топ - Толымсыз квадрат теудеуді шешу тәсілдері.
ІІІ топ - Келтірілген квадрат теңдеу. Виет теоремасы.

ІV. Мақалдардың жалғасын тауып, астында берілген тапсырманы орында.
1 топ «Жеті жұрттың тілін біл, …………». (жеті түрлі білім біл)
5x^2-6x=0
2 топ «Отыз тістен шыққан сөз,………. ». (отыз рулы елге тарайды)
4x^2-9=0
3 топ «Жалқаудың екі досы бар, ……….». (бірі ұйқы, бірі күлкі)
3x^2=0

V. Деңгейлік тапсырмалар
І топ
А- деңгейі «5»
x^2+10x+2. Табу керек (x_(1 )∙〖 x〗_2)/(x_1+ x_2 )
Б - деңгей «4»
a -ның қандай мәнінде теңдеудің бір түбірі болады?
x^2-ax+9=0?

В – деңгейі «3»
Теңдеуді шешіңдер:
〖2x〗^2-3x+2=0

VІ.Қосымша мәліметтер
Квадрат теңдеу біздің дәуірімізге дейін 2000 жыл бұрын Вавилонда пайда болған. 1202 жылы итальян ғалымы Леонерд Фибоначчи квадрат теңдеу формуласын шығарған.
Тек 17 ғасырдан бастап француз ғалымдары Франсуа Виет және Рене Декарт қазіргі кездегі түріне келтіріп жазған.
Ал «дискриминант» ұғымын ағылшын математигі Сильвестр енгізген, ол математикаға басқада терминдерді енгізген.
ax2 + bx + c = 0 теңдеуінің түбірлерін коэффициенттерінің қасиеттері бойынша да табуға болады. Әсіресе коэффициенттері үлкен сандар болғанда қолданған тиімді.
Егер a + b + c = 0, онда x1 = 1, x2 = c/a
Егер a - b + c = 0 немесе b = a + c, онда x1 = -1, x2 = - c/a
VІІ. Логикалық есептер шешу.
Y=x^2+x-6

?

VІІІ. Есептер шығару:
1) 5x2 = 0 4) 16x2 – 4 = 0
2) 169 – x2 =0 5) – 0,1x2 + 10 = 0
3) x2 – 24x = 0 6) x2 – 5х = 0

0 и 5 10 и -10 13 и -13 0 0,5 и -0,5 0 и 24
А К В Э И Р
Қандай сөз шықты? «Эврика» деп Архимед, белгілі заңды тапқанда айтқан сөзі. Сіздер өздеріңізге не алдыңыздар?
IX.Рефлексия
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!
X. Үй жұмысы
№367, №379

Бағалау парағы
Оқушының аты -жөні Адасқан әріптер Ой-қозғау Мақалды жалғастыру Деңгейлік тапсырма Қосымша мәліметтер Логикалық есептер шешу Есептер шығару
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.