Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Квадраттық  функция және оның  графигі -

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 284 | Просмотров: 2600 | Размер: 124.5 Kb | Автор: arai
. Сартбаев Нұрғали Шәріпұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы,
М.Оразалиев ауылы
№41 М.Оразалиев шағын жинақты жалпы
орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Педагогикалық ұстанымым:
Жас ұрпаққа сапалы білім мен
саналы тәрбие берудегі проблемалық мәселелерді, шешуі
қиын есепті оңай тәсілмен шешкен секілді әрі тиімді,әрі
жаңашыл әрі, заман талабына сай жауап бере алатын
дәрежеде шешу,үздіксіз іздену, шәкіртпен бірге білім
биігіне көрініп жанымды жадырату.

9 сынып математика сабағы

Тақырыбы: Квадраттық функция және оның графигі

Мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың квадраттық функция және оның
графигі туралы білімдерін бекіту, жалпылау.
2) Дамытушылық: Оқушылардың есеп шығаруда тиімді
әдістерді тез таңдай білуге дағдыландыру
3) Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру,
жауапкершілікке өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Тірек сұрақтары
- Үй тапсырмасын тексеру

1. Ауызша
Функцияның графигі қай ширектерде орналасқан?
у=10х2+5
у= -7х2- 3
у= -6х2+8
у=(х-4)2
у= -4(х+3)2
III. Өзіндік жұмыс
Функцияның графигін салыңдар:
1 нұсқа 2 нұсқа
у=х2 у= -2х2
у= х2+4 у= -2х2+3
у= х2+2 у= 2х2-5
у=х2+1 у=-2(х-1)2+6
у= -(х+2)2 у= -2(х+3)2-5
у= -(х+2)2-2 у= 2х2+3

IV. Топпен жұмыс

1. Парабола төбесінің координаталарын табыңдар:
1) у= (х-3)2 -2
2) у= 5(х+2)2-7
3) у= х2+4х+1
4) у=2х2-6х+11
5) у= х2+2

2. у= -3х2 +4х-7 функциясының графигі (1; -6) нүкте арқылы өте ме?

3. у= 2х2 параболасын: 1) Ох осі бойымен оңға 3 бірлікке; 2) Оу осі бойымен 4 бірлікке төмен; 3) Ох осі бойымен солға 2 бірлікке, одан әрі Оу осі бойымен 3 бірлікке төмен жылжытқанда алынатын парабола теңдеуін жазыңдар.

V. Деңгейлік тапсырмалар:
1- деңгей
1. Параболаның төбесінің координаттарын тап:
а) х2-4х+3
ә) у= х2-4х+5
б) у= -х2+3
в) у=(х+3)2

2.Төмендегі функциялардың графиктерін салыңдар:
1) -2х2+1
2) 0,5х2-2
2-деңгей
1) Ох осінен оңға 3 бірлікке жылжыған параболаның у= х2 теңдеуін жаз.
2) Функцияның графигін сыз.
х2+х-6
3-деңгей
у=3х2 -8х-4 функцияның графигін сыз.

VI. Қорытынды
- Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды?
- а ≠ 1 болғанда у=ах2 функциясының графигін қалай салады?
- у= а(х-m)2 функциясының графигі у= ах2 функциясының графигімен салыстырғанда қалай орналасады?
у= а(х-m)2 + n функциясының графигін қалай салуға болады?

VII.Үйге деңгейлік тапсырмалар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.