Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Математика және біз» -

«Математика және біз»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2149 | Размер: | Автор: arai
. Тақырыбы: «Математика және біз»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
І. Тапқырлық сайысы
ІІ. «Математикалық сөзжұмбақ» сайысы
ІІІ. «Математикалық терминдер»
ІV. «Ребус шешу»
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы.
VІ. «Жұмбақ» сайысы.
VІІ. «Алғырлар» сайысы
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: «Математика және біз» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Тапқырлар», «Алғырлар», «Білгірлер» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайыстың жоспары таныстырылады.
Кезекте амандасу рәсімі І топ «Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
ІІ топ. «Алғырлар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
ІІІ топ. «Білгірлер» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Жүргізуші: Танысып болсақ, сайысымызды бастайық.
І. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
І топ.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
ІІ топ.
1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 6 аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не? (Адам орындықта отыр)
ІІІ топ
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)
2. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой-қиал)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Әділқазылар алқасынан І сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ІІ. «Математикалық сөзжұмбақ» сайысы. (әр сұрақ 1 балл)
1. Сан
2. 90º-тан үлкен бұрыш
3. Геометриялық фигура
4. Нені жатқа білу керек?
5. Өлшем бірлік
6. Арифметикалық амал
7. 22
8. Шеңберді салуға арналған құрал
9. Арифметикалық амал
10. Геометриялық фигура
ІІІ. «Математикалық терминдер»
1. А әрпінен, 2. Б әрпінен, 3. С әрпінен басталатын математикалық терминдерді жазып тапсыру.
ІV. «Ребус шешу»
1) Еріншектің ертеңі бітпес.
2) Бір минутта 60 секунд бар.
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
VІ. «Жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)
1. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

2. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

5. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
Алдында екеу,екеу келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде.
(4)
6. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап қой.(15)

VІІ. «Алғырлар» сайысы
88888888 сандардың арасына қосу таңбасын қою арқылы 1000-ды қалай шығаруға болады?
888+88+8+8+8=1000(5 балмен бағаланады.)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады

№1 орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы:



/сайыс 5а-сынып/

Өткізген: Б.Е.Каленова

Чапаев ауылы
2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.