Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Натурал сандардың  2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері» -

«Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3730 | Размер: | Автор: гость
. Турсынова Орниса Турсыновна
«№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
І санатты математика пәнінің мұғалімі
Сәтбаев қаласы, Қарағанды облысы

Сабақтың тақырыбы: «Натурал сандардың 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Натурал сандардың 2, 5 және 10-ға бөлінгіштік белгілерінің ережелерімен таныстыру және ережелерді пайдалана отырып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Жаңа сабакты игерту (ертегі сабағы)
Сабақтың әдісі. Жұптық, сұраұ-жауап, ақпараттық технология
Сабақтың көрнекілігі. Оқулық, суреттер, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, кеспа қағазы
Үйымдастыру кезеңі:
Сабақты көңіл-күй тренингімен бастау. Оқушыларға үш көңіл-күй бейнеленген смаиликтер көрсетіледі, сабағымызды қайсы көңіл-күймен бастаймыз деп сұралады.
Оқушылар: Көңілді өте жақсы көңіл күймен деп жауап береді. Қолдарымен 3 рет шапалақтайды.
Екі топқа бөлу
Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі ертегі түрінде өтеді. Ерте,ерте,ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті . Олардың 25 баласы болыпты. Бүгін сол балалардың қайсысы келмей қалған? (тексеру) Шал мен кемпір балаларын ешкімнен кем қылмай өсіру үшін көп еңбек етіп,терін төккен.Балалардың бәрі бірдей емес,ішінде сабақтан қалатындары да,сабақты оқымайтындары да жоқ емес еді. Бірақ көбісі жақсы оқып, тәртіпті болғандықтан қалғандарын алға жетелеп, атасы мен әжесіне еңбектерін қайтарамыз деп ақылдасады. Сөйте келе,балалары 2 топқа бөлінеді.
Бірінші тобы атасы мен әжесіне «үй»,екіншісі «машина» алып беруге келіседі.Содан балалары жұмыстарына кіріседі.

Жұмыс мынадай түрлерден тұрады:
1. Даярлық кезеңі
2. Игеру кезеңі
3. Іске асыру кезеңі
4. Қорыту кезеңі
5. Жинақ қорлары
6. Сыйлау кезеңі

Әр кезеңнің өз құны болады.Әр топ өздері жинақ қор жасап жинақтайды.

І. Даярлық кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру, дұрыс шығарған оқушыларға 1000 теңге
1. Натурал санның бөлгіші дегеніміз не? Мысал келтір
2. Еселік дегеніміз не? Мысал келтір
3. Көбейтіндінің бөлінгіштігі дегеніміз не? Мысал келтір
4. Қосындының бөлінгіштігі дегеніміз не? Мысал келтір
5. Айырманың бөлінгіштігі дегеніміз не? Мысал келтір
Есептер
А №586 3) (28+49):7= 4+7 = 11 4) (16 + 35) : 5 бөлінбейді
№587 3) (84 – 36): 10 бөлінбейді 4) (65 – 26):13=5 – 2=3
№588 3) (99 •14): 11= 9•14 = 126 (35•10):8 бөлінбейді

В 4 5 6
№593 (22•12•8): 11 = 16•12= 192 (15•88•3):11 =24•15=360 (11•22•33):11=6

ІІІ. Игеру кезеңі:
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сандардың жазылулары бойынша , бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп атайды.
0,2,4,6 және 8 сандарымен аяқталған сан жұп сан деп аталады.
1,3,5,7 және 9 сандарымен аяқталған сан тақ сан деп аталады.
1. 2 санына бөлінгіштік белгісі
2 санына еселік сандар 2, 4, 6, 8, 9, 10, 12, 14, 16, 18, 20, ...
2 санына еселік сандардың жазылуы 0, 2, 4, 6, 8 цифрларының бірімен аяқталады
Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді
Мысалы: 18 : 2 = 9, 104 : 2 = 52, 1376 : 2 = 688
2-ге бөлінетін сандарды жұп сандар деп атайды
2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.
2. 5 санына бөлінгіштік белгісі
5 санының еселік сандар: 5, 10 ,15, 20, 25, 30, 35, ...
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді
Мысалы: 125 : 5 = 25. 220 : 5 = 44. 1000 : 5 = 200
3. 10 санына еселік сандар : 10, 20, 60, 100, 750, 1000, ...
Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді
Мысалы: 30: 10 = 3. 120 : 10 = 12. 1070 : 10 = 107
10 = 2 • 5 болғандықтан, 10-ға бөлінетін сандардығ барлығы да 2-ге де, бөлінеді

Ұққан білімімізді пайдалана отырып қор жинау.

IV. Іске асыру кезеңі: Дұрыс шығарған оқушыға 1000 теңге беріледі.
Ауызша
1) 515:5 = 103 3) 102 : 2 = 51 5) 750: 10 = 75
2) 350: 5 = 70 4) 212 : 2 = 106 6) 1000:10 = 100
Кітаптан есеп. № 606
Деңгейлік тапсырмалар:
«А» деңгейінің есептері 1000 теңге
1.а 1)80-нен үлкен 100-ден кіші барлық 2-ге бөлінетін сандарды өсу ретімен жаз: 82, 82, 86,88,90 , 92; 94; 96; 98;
б) 60-тан кіші 50 ден үлкен барлық тақ сандарды кему ретімен жаз 59, 57, 55 , 53, 51
2. 116, 161,284,371,415,525,990,646,825, 530, 975 сандарының ішінен 2-ге,5-ке,10ға бөлінетін сандарды бөлек теріп жаз:
2-ге бөлінетін: 144; 184; 278; 520; 990; 646;
5 – ке бөлінетін: 415; 520; 990;
10 – ға бөлінетін: 520; 990;
3. Дәптердің бағасы 35 тг. Оқушы бірнеше дәптер сатып алды. Дәптерге неше тенге төледі 83 тг, 105 тг, 126 тг . Оқушы неше дәптер сатып алды?
Шешуі: Дәптерге 105 теңге төледі .Өйткені 105 саны 35 – ке қалдықсыз бөлінеді. 105:35 = 3 .
Ж/бы: Оқушы 3 дәптер сатып алды.

«В» деңгейінің есептері: 2000 теңге
1. х < 48 теңсіздігі тура болатын х-тін мәндерін ішінен
а)10-ға еселік сандарды жаз: /10; 20; 30; 40; /
б)5-ке еселік сандарды жаз: / 5; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; 45; ;/
в)2-ге еселік сандарды жаз: / 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24; 26; 28; 30; 32; 34; 36; 38; 40; 42; 44; 46 /
2. 0,3,4 және 5 цифрларын пайдаланып:
10-ға еселік сандарды жаз: 3450, 3540, 5430, 5430, 5340, 4350, 4530,
2-ге еселік сандарды жаз: 3450,3540, 4530, 5340, 5430, 4350, 3504, 5034, 3054,
«С» деңгейінің есептері 50$
1. Алғашқы 10 жұп санды, 10 тақ санды жазып көрсетіңдер, жұп және тақ сандардың жалпы түрін әріпті өрнек түрінде жаз.
Жұп сандар: 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; жалпы түрі: 2а, а-натурал сан;
Тақ сандар: 1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; 19; жалпы түрі: 2а + 1, а-натурал сан.
2. 403, 322, 505, 940, 87, 708, 609 999 ссандарын 10-ға бөлгенде:
а) қандай қалдық қалады;
б) 10-ға қалдықсыз бөліну үшін бұл сандарға қандай сандарды қосу керек?

V. Қорыту кезеңі:
Бекіту сұрақтары:
1. Қандай сандарды жұп сандар деп атайды?
2. Қандай сандарды тақ сандар деп атайды?
3. Қандай сандар 2 - ге бөлінеді?
4. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
5. Қандай сандар 10 - ға бөлінед

Жұлдызшаның орнына тиісті санды қойып, кестені толтыр

2-ге бөлінетін сандар 5-ке бөлінетін сандар 10-ға бөлінетін сандар
26*
102*
68*
49*

VI. Жинақ қорлары. Жиналған ақшаларымызды санап,тиісті үйді және машинаны атамыз бен әжемізге сатып алып береміз.
Осылайша балалары ұйымдасып,атасы мен әжесіне үй және машина алып беріп, қуанышқа бөлеген екен деседі

VII. Үй тапсырмасы §4,3 А. № 605,№607, 608 В. №615, С. №621,

Қосымша:

Жұлдызшаның орнына тиісті санды қойып, кестені толтыр

2-ге бөлінетін сандар 5-ге бөлінетін сандар 10-ге бөлінетін сандар
26*
102*
68*
49*

Ойлайық та, ойнайық.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ойлау қабілетін арттыру. Оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
• 1 км – де неше метр бар? (1000м)
• Аспан денелерінің ішінде ай үлкен бе. Жер үлкен бе? (жер)
• 1 сағатта неше минут бар? (60 секунд)
• Жердің күнді бір рет айналып шығуына кететін уақыт. (жыл)
• Жердің ауа қабаты қалай аталады? ( атмосфера)
• Натурал сандар нешеден басталады? (1 - ден)
• 1тәулікте неше сағат бар? (24)
• Нәрселерді санауда қолданылатын сандар (натурал)
• Қай айда 28күн бар (барлық)
• 2адам шахматты 2сағат ойнады. Әрқайсысы қанша уақыттан ойнады?(2)
• Шығыстан батысқа қарай 60км/сағ жылдамдықпен электропойыз келеді. Сол бағытта 50км/сағ жылдамдықпен жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытта болды?(электропойыздың түтіні болмайды)
• 2 - ден үлкен, 3 - тен кіші сан шығу үшін екі 2 - нің арасына қандай таңба қою керек? (2, 2)
• Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екі араны неше күнде өтеді?(10 күн)
• №1, №2 ,№3 пәтерлерде үш мысық тұрады. Олар; ақ мысық, қара мысық, және ала мысық. №1 және №2 пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Әр мысық қай пәтерде тұрады? (№3 қара мысық, №2 мысық, №1 ала мысық)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.