Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Натурал сандарды жазу -

Натурал сандарды жазу

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 472 | Просмотров: 10800 | Размер: 38.7 Kb | Автор: arai
. Пән: математика сынып: 5а,ә сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды жазу №1 (2)
Сабақтың мақсаты:
• Натурал сандар жайлы ақпараттарын жүйелеу және жалпылау.
• Үлкен сандарды оқи және жаза білу дағдаларын қайта жаңғырту.
• Ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: слайд №1 санау тізбегінің суреті
слайд №2 өздік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ауызша жаттығулар.
Амалдарды орындап, бос орынд арды толтырыңдар:

ІІІ. Жаңа материалды өту:
1. Біздің қазір қосып, азайтып, бөліп, көбейткен сандар қалай аталады? (натурал сандар)
2. Натурал сандар не үшін қолданылады?
Ең кіші және ең үлкен натурал санды атаңдаршы?
-Ғалымдардың пікірі бойынша адамдар 10 мың жыл бұрын санап үйренген. Ал үлкен сандарды үйрену ұзақ және жәй болды. Саяхатшылар әлі де 10 артық санау білмейтін тайпаларды кездестіреді.
3. Кез келген натурал санды жазу үшін адам қанша цифр қолданады? Оларды атаңдар.
4. Сандардың жазуын қалай атайды? (ондық)
-алғашқы адамдар санауда екі қолының саусақтарын қолданған, сондықтан ондық санау жүйесі қалыптасқан.
5. 234, 542, 471 сандарын қарастырайық. Әр санда «4» цифрасы нені білдіреді?
6. 537 санының әр цифрасы нені білдіреді?
7-бірлік, 3-ондық разряд, 5- жүздік разряд.
7. Қандай цифра разряд жоқ дегенді білдіреді?
Нөл натурал сан болады ма ?
8. Санды оқыңдар: 385 647 409 129
9. 43 621 015 000, 57 241 346 189
ІV. Сергіту сәті: (дұрыс-бұрыс)
1. Бір мың санының 3 нөлі бар.
2. Бір миллион санында 5 нөл бар.
3. Натурал сандарды жазуда 11 цифр қолданылады.
4. Келесі сан алдыңғыдан 1 артық.
5. Бір миллиард санында 9 нөл бар.
V. Бекіту:
1-нұсқа 2-нұсқа
№1 сандарды цифрлармен жазыңдар:
А) бес миллион қырық екі мың а) сегіз миллион жиырма төрт
үш жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз он үш
№2 үш рет қайтара жазып, санды сөзбен жаз:
21 35
№3 осы цифрлары бар екі таңбалы сандарды жазыңдар:
6 және 9 5 және 8
VI.Сабақты қорытындылау.
-Сабақтан жаңа не білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
VII.Үй тапсырмасы:
Математикалық сөздік: натурал сандар, миллион, миллиард.
№1 есеп (оқулықтың 3 беті)
Пән: математика сынып: 5а,ә сабақ № 2
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды жазу № 2 (2)
Сабақтың мақсаты:
• Натурал сандарды оқу және жазу дағдыларын бекіту, сан және цифр ұғымдарын бекіту.

• Ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: білім, білік-дағдыларын бекіту сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: слайд №1
слайд №2
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1) 4 оқушы тақтада карточкалармен жұмыс жасайды.
№ 1 карточка
Санды цифрлармен жаз:
а) елу жеті миллиард сегіз миллион жеті жүз отыз;
б) 405 мың;
оқыңдар: 3 048 504 325. 4 цифрасы нені білдіреді?
№ 2 карточка
Санды цифрлармен жаз:
а) төрт миллиард алпыс миллион он бес мың ;
б) 5432 млн;
оқыңдар: 300 100 234 129 . әр түрлі қанша цифр жазылды ?
№ 3 карточка
Санды цифрлармен жаз:
а)жүз тоқсан миллиард қырық миллион бес жүз мың үш;
б) 2602 мың ;
оқыңдар: 21 085 000 000 . 0 цифрасы нені білдіреді?
№ 4 карточка
Санды цифрлармен жаз:
а) үш жүз жетпіс миллиард алпыс миллион сегіз жүз мың төрт ;
б) 60065 мың;
оқыңдар: 46 172 230 577 . разрядтарды атаңдар.
2) Бірінші партадағы оқушыларға тапсырмалар: (парақтарға жазып тапсырады)
1 нұсқа
1. Санды цифрмен жаз а) жиырма миллиард жиырма миллион жиырма мың жиырма; б) 433 миллион;
2. Миллионда қанша мың бар?
3. 751057 санын жазуға қанша әртүрлі цифрлар қолданылды?
2 нұсқа
1. Санды цифрмен жаз а) төрт миллиард алпыс төрт мың ; б) 2341 мың.
2. Мыңдықта қанша ондық бар?
3. 8999 санынан 1 артық санды атаңдар.
3) Қалған оқушылармен әңгіме жүргізіледі:
• Натурал деп қандай сандарды айтамыз?
• Натурал сандарды жазу үшін қанша цифрлар қолданылады?
• «Нөл» цифрасы не үшін қолданылады?
• 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,... Бұл сандар қатары қалай аталады? Ең кіші және ең үлкен санды атаңдар. 120 санының алдындағы және кейінгі санды атаңдар.
• 57 800 700 030, 4 060 015 000, 107 000 906 000, 123 465 742 238 сандарын оқыңдар.
• Жоғарыдағы дөңгелектердің ішіндегі сандарды табу ережесін түсіндіріңдер:

ІІ. Оқулықпен жұмыс :

№2, №3, №4 (жазбаша)
ІІІ. Сергіту сәті.
ІV. Өздік жұмыс.

1-нұсқа 2-нұсқа
Үш сауыншы 127886 л сүт алды. 1-шісі Қоймада 6340 ц картоп болды.
38804 л, ал 2-шісі - біріншіге қарағанда 1-ші дүкенге 2956 ц, ал 2-ші
2409 л артықсүт сауды.Үшінші дүкенге оған қарағанда 568 ц
сауыншы қанша сүт сауды? Кем картоп бергенде қоймада
қанша картоп қалды?

V.Үй тапсырмасы:
№6, №7 есептер (оқулықтың 3 беті)
Келесі сабаққа циркуль, сызғыш, қарындаш, өшіргіш алып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.