Меню
Назад » » »
Ондық бөлшектерді көбейту тақырыбына есептер шығару
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы Ондық бөлшектерді көбейту тақырыбына есептер шығару
Сілтеме Жоспар
Сабақтың мақсаты Оқушылардың 65%-ы он минуттың ішінде берілген есептердің үшеуін шығара алуы керек;
Күтілетін нәтиже 1. Ондық бөлшектерді көбейтуді үйренеді;
2. Өрнекті ықшамдап, мәнін табуды үйренеді;
3. Амалдарды орындауды үйренеді;
Негізгі идея Ондық бөлшектерді көбейту үшін: 1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек; 2) көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Тапсырма Ой қозғау (сұрақ-жауап)
Тапсырма Жұптық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
Тапсырма Топтық жұмыс (постер қорғау)
Тапсырма Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)
Сабақ бойынша
мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті

КІРІСПЕ



7 мин І .Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім:
1. Натурал сан дегеніміз не?
2. Жай бөлшекке мысал келтір.
3. Ондық бөлшектер қалай жазылады?
Осы 3 сұрақ арқылы үш оқушыны анықтап үш топқа көшбасшы етіп сайлап орындарына отырғызады. Оқушыларға өз топтарыңның атына сәйкес (натурал, жай бөлшек, ондық бөлшек) кезек-кезек сұрақтар қою арқылы өз тобын жинайды. Қолдарына сұрақ қою жеңілірек болуы үшін мәліметтер бар парақты беремін. Сол мәліметтерге байланыстырып сұрақ қою техникасын дамытады.
1 топқа: Санау үшін пайдаланылады, ең кіші натурал сан 1, ең үлкені болмайды, натурал санды жазу үшін цифрлар пайдаланылады, жұп тақ болып бөлінеді
2 топқа:Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп, ал алымы бөліміне тең не одан үлкен бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады, жарты деген 1/2, ширек деген 1/4, оқығанда бөлімінен бастап оқылады, жай бөлшектерді қосқанда не азайтқанда ортақ бөлімге келтіріп, толықтауыш көбейткіштеріне алымдарын көбейтіп қосу не азайту керек. Жай бөлшектерді көбейткенде қысқаратыны болса қысқартып, алымын алымына бөлімін бөліміне көбейту қажет. Жай бөлшектерді бөлгенде бірінші бөлшекке келесі бөлшектің кері бөлшегін көбейту керек.
3 топқа: Бөлімі 10 санының бүтін дәрежесі болатын бөлшек ондық бөлшек деп аталады. Ондық бөлшек бөлімсіз жазылады. Оның бөлімінде қанша нөл болса, алымының оң жағынан сонша цифр (орын) үтір арқылы ажыратылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік ежелгі Вавилонның ескілікті жазуларында кездеседі. Бөлшекке амалдар қолдану әдісі Мысырдағы Ахмес папирусында (б.з.б. 2000 — 1700 ж.) кездеседі. Бөлшектің осы заманғы белгіленуі ежелгі үнділерде пайда болған. “Бөлшек” термині Еуропаға 1202 жылы арабтарданЛеонардо Пизанскийдің еңбегі арқылы енген.

Үш оқушы өз орнына орналасып болған соң сұрақ қою арқылы жауаптарына сәйкес өз тобын жинайды. Келесі сұрақтарды тобымен ақылдасып немесе топтың келесі мүшесі қоюына да болады. Осылайша үш топқа бірігеді.

Тұсаукесер


2 мин

ІІ. Жаңа білімді меңгерту
Оқушылармен бірлесіп табыс критерийлері тақтаның жанына плакатқа жазылады.
1. Ондық бөлшектерді көбейтуді білетін боламын;
2. Өрнекті ықшамдап, мәнін табуды түсетін боламын.
3. Амалдарды орындауды үйрендім Оқушылар бірлесіп табыс критерийлерін құрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


6 мин

Жұптық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
1жұп
1. Ондық бөлшектерді көбейтуді орындаңдар: 0,3×1,5.
2. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар: 15,2х+8,3+4,6х+7,5 мұндағы х=0,5
2 жұп: Амалдарды орындаңдар:
5) 32.6×5 1/4+11/5×8.5
Жұптық жұмыста шығарған есептерін топта талқылайды, өздері шығарған есебін бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар деңгейлеріне сәйкес жұп-жұп болып тапсырманы бөліп алады.

Дайын үлгі жауап арқылы шешімдерінің дұрыстығын тексереді.

17 мин

Топтық жұмыс (постер қорғау)
1 топқа
1. Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар: 19,8у-12,6у+4,37+3,1у мұндағы у=2,1
2 топқа
2. Теңдеуді шешіңдер: (x+0.7)/2.6=41/2
3 топқа Амалдарды орындаңдар:
3) 147-13 3/5×4,8+31/2×6,8
"Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалайды. Сабақта оқушыларды топтық жұмысқа белсенді қатыстыру үшін топ оқушылары рөлдерге бөлінеді. ( көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы). Бақылаушы бағалау парағын толтырады.
Тапсырманы орындайды және баяндамашылар өз постерлерін қорғайды.
ҚОРЫТЫНДЫ 10

Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)

Ойлау
деңгейлері Тапсырмалар

Оқушы
ның жауапта
ры
Білу 0,6×8,5 ондық бөлшектері қалай көбейтіледі?
Түсіну 3,2*0,1; 4,79*0,01; 637,8*0,001 разряд бірліктеріне көбейтуді қалай түсінесіңдер?
Қолдану Бірінші цехта 3,6 мың адам, ал екінші цехта одан 0,2 есе артық адам жұмыс жасайды. Екінші цехта қанша адам жұмыс жасайды?
Талдау Амалдарды калай орындағаныңызға талдау жасаңыз
(3,5+5,63) ×0,1-0,4
Жинақтау Өрнектің мәнін табыңдар: (6,5х-2,7х)+(13,4х-5,2х) мұндағы х=0,7
Бағалау Бүгінгі сабактан акпарат немесе есептер шығару сен үшін каншалыкты маңызды?

Шолиер табақшалары арқылы сабақ рефлексиясын аламын.
Білу
Бүгін мен................................... білдім
Түсіну
Бүгін мен ................................... түсіндім
Қолдану
.................................................... есептерді шығара алатын болдым, қолданаламын.
Оқушылар
«Бес есеп» шығару арқылы өзін-өзі реттеуге үйренеді.

Табыс критерийін пайдаланып өздерін бағалау арқылы сабақ рефлексиясын жазады.
Сабақтың жабдықтары Интерактивті тақта
Постер, маркер, стикерлер, ақ қағаздар Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ондық бөлшектерді көбейту тақырыбына есептер шығару можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 321 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar