Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті. -

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1187 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
1.Қосу амалының ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдау, оны іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
2.Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, ойын дәлелдей білуге дамыту. Топпен жұмыс жасауға жұмылдыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбектенуге, жылдамдыққа баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойлау, пікірін айту, талдау.
Сабатың көрнекілігі: Интерактивті тақта құралы, қима қағаздар.
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық.
2. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.
ІІ. Өткенді пысықтау.
III. Жаңа сабақ
IV. Сабақты қорыту
V. Мадақтау.
Барысы.
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
Күн шуағын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстап қаламын.
Тыныштық пен жылу, жарық, мейірімді
Сенің ғана алақаныңа саламын-
(деп балалар бір-бірінің алақанын ұстайды.)
-Жақсы балалар, отыра қойыңдар. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабаққа қарағанда сәл ерекшелеу. Өйткені сыныпта мектебіміздің ұстаздары қонақта отыр. Сондықтан сыныпта тәртіп сақтап, барлығымыз ынта- жігермен сабаққа қатысуымыз керек.
2. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта сендер үй тапсырмасын пысықтап, өткен сабақты қайталап, жаңа сабақпен танысасыңдар. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Әрбір дұрыс жауапты жұлдызша, шаршымен бағалаймыз. Қай топтың жинаған ұпайлары көп, сол топ жеңіске жетеді. Және біздің сабаққа өз тапсырмаларын алып, мультфильмдер кейіпкерлері қонаққа келіпті.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Мынау қай мультфильмнің кейіпкері? ( Маша мен аю)
Машаның тапсырмасы. «Сандар әлемі»
І топқа
1. Сандарды ретімен тура, кері сана.
2. 0-ден бастап бір сан аттап сана
ІІ топқа
1. 1-ден бастап екі сан тастап сана
2. 4-тен кем, 6-дан артық қай сан?
ІІІ топқа
1. 0-ден бастап бір сан тастап сана
2. 7-ден кем, 5-тен артық қай сан?
Балалар, Машаның тапсырмасын орындай алдық па?
Келесі қонағымыз қай мультфильмнен болды екен?
(Спанч Боб)
Спанч Бобтың тапсырмасы «Фигуралар әлемі»
Ол сендерге жұмбақ жасырғысы келеді.
І топқа
1.Емес бұл төртбұрыш,
Мұнда мүлдем жоқ бұрыш
Бұл не? (шеңбер)
2. Геометриялық пішіндерден бір фигура құрастыру қажет.
ІІ топқа
1.Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса.
Жауап берер балақай,
Ой-орісі кен болса.
Бұл не? ( шаршы )
2. Геометриялық пішіндерден бір фигура құрастыру қажет.
ІІІ топқа
1.Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз,
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ,күлеміз.
Бұл не? (үшбұрыш)
2. Геометриялық пішіндерден бір фигура құрастыру қажет.
Жақсы, балалар.
Әр топқа 2 ұпайдан салынады.
Сергіту сәті.
Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Келесі кейіпкеріміз қай мультфильмнен болды екен?
(«Ну, погоди» - Қасқыр мен қоян)
Қасқыр мен Қоянның тапсырмасы «Қосу мен азайтуды біл»
Ол сендерге сұрақтар дайындапты.
1. Қосудың бөлшектерін ата. Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
2. Айырманың атауларын ата. Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
3. 9-бен 4-тің айырмасы нешеге тең?
4. 10 мен 3-тің айырмасы нешеге тең?
5. 5 пен 2-нің қосындысы нешеге тең?
6. 4-ті 3-ке арттыр.
7. 6 мен 1-дің айырмасы нешее тең?
8. 8-ді 2-ге кеміт.
Қасқыр мен Қоянның тапсырмаларын орындадық. Не білдік?
Лунтиктің тапсырмасы «Жаңа ұғым».
Суретке қарап, солдан оңға қарай кітаптардың санын қосайық. Қанша көк кітап бар? -2.
Қызыл кітап ше?- 1
Қандай өрнек шығады? 2+1
Өрнектің мәнін табайық. 2+1=3
Қанша көк дөңгелек бар?-1
Қызыл дөңгелек неше?-2
Қандай өрнек шығады? 1+2
Өрнектің мәнін табайық. 1+2=3
Не байқадыңдар? Бұдан қандай қорытынды шығады? 2+1=1+2
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Осы қорытындыны бәріміз бірге қайталайықшы.
Балалар, бұл – қосудың ауыстырымдылық қасиеті. Оны күнделікті өмірде де қолдануға болады. Мысалы, дүкенге немесе базарға барып, 8- ге 1- ді қосу керек болды делік, 8+1=9 екенін тез арада табасыңдар, ал 1+8 өрнегінің мәнін табу үшін ұзағырақ тұрып қаласыңдар. Демек, егер сендердің алдарыңда осындай жағдай кездессе: қосылғыштардың орнын ауыстыра салыңдар, себебі, қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Бұдан қандай қорытынды шығады? Үлкен санға кіші санды қосқан әлдеқайда тиімді, уақытты үнемдейміз.
Бір-біріңе осы ережені қайталап айтыңдар. Жұппен жұмыс.
Лунтиктің Капа апасы дәптермен жұмысымызды көргісі келеді екен.
1.Дәптерді ашамыз, қандай сан жазылған? 2,3.
Дәптерді көлбеу қоямыз, түзу отырамыз, басымызды сәл иеміз, екі қолымыз партада жатады. Экранға қарап аламыз, содан кейін жазамыз.
2. Салыстыру. Қай топта барлығы қатесіз орындайды, соларға ұпай беріледі.
Салыстырамыз содан соң оқимыз, тексереміз.
Балықтар: 3 пен 1
Аралар мен қызыл қоңыздар: 3 пен 3
Емен және үйеңкі ағаш жапырақтары: 3 пен 2
Алма мен алмұрт: 2 ме1.
Сергіту сәті. Музыкалық би.
Келесі кейіпкеріміз – Мадагаскар пингвині.
«Тиінге саңырауқұлақ теруге көмектес» ойыны.

Келесі кейіпкеріміз – Торай.
«Оқулықты қара» тапсырмасы.
Машинаны гаражға қой. Дұрыс жолын таба біл. Түсіндір.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта біз не істедік? Не білдік ? Ережені қайталайық. Сабақ сендерге ұнады ма? Мадақтау.
-Балалар, бүгінгі кейіпкерлеріміз сендерге риза болды, сендермен достасып қалды. Жеңімпаз топты анықтайтын кез келді.
Сабақ аяқталды!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.