Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Параллелепипед. Параллелепипед қасиеттері -

Параллелепипед. Параллелепипед қасиеттері

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 524 | Просмотров: 5148 | Размер: 459.4 Kb | Автор:
. Сабақтың тақырыбы: Параллелепипед: тік, тікбұрышты, куб. Параллелепипедтің қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
1) білімділігі: Призма туралы түсініктерін кеңейту. Параллелепипед және олардың қасиеттері туралы ұғым беру. Параллелепипедтің диагоналдарының қасиетін дәлелдеу.
2) тәрбиелігі: Эстетикалық және ғылыми көз-қарастарын қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін молайту. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу. Мамандыққа баулу. Өз ойын жеткізіп, басқаның сөзін бағалауға, талдауға тәрбиелеу.
3) дамытушылығы: Математикалық ойларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Теореманы өз бетімен дәлеледеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:
 Параллелепипедтің анықтамасын білу;
 Параллелепипедтің элементтерін білу;
 Диагоналдарының қасиеттерін білу;
 Теоремаларды өз бетінше дәлелдей алу;
 Тік параллелепипедтің өлшемдерін білу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқытудың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, слайдтар, үлестірме қағаздар, дербес компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру (2 минут)

Стратегия «Иә» немесе «Жоқ» (2 минут)

Үй тапсырмасының есебін шығару. (5 минут)
Оқулықтың №19, 28 (16-17 беттер) [1]

Шығармашылық тапсырмаларды тексеру: (8 минут)
1. Қоғамдағы призмаға ұқсас заттарға мысалдар келтіру. (фото суреттер)
2. Призмалардың жазбасын пайдалана отырып, макеттер жасау.
Призманың макеттерін пайдаланып есеп құрастыру және оны шешу.

Жаңа сабақты түсіндіру
ІІ. Мағынаны ажырату

«Өзім үшін жазып алу» стратегиясы арқылы жүргізіледі.
Бекіту
ІІІ. Ой –толғаныс

Топтық жұмыстармен жұмыс. Оқулықтан есептер шығару. (13 минут)
№11, 12, 13, 18, 16-17 беттер.

Математикалық диктант (5 минут)

Үй тапсырмасын беру. (1 минут)
2.2 тақырып бойынша дайындалу. [1] №21, 23 есептер (17 бет)
25-27 тақырыптар бойынша қайталау. [2] №219 есеп (66 бет)
Параллелепипед тәріздес заттардың суреттерін іздестіру.

Қорытындылау (3 минут)
Нені білеміз?, Не білдік? Не білгіміз келеді?

Оқушылардың көңіл күйлерін тексеру. Рефлекция (1 минут)

Әдебиеттер тізімі
1. В.Гусев, Ж.Қайдасов, Ә.Қағазбаева, Геометрия – 11, Жаратылыстану-математика бағыты, Алматы, Мектеп-2011 ж. 12-14 беттер,
2. Л.Атанасян, В.Бутузов, С.Кадамцев, Л.Кисилева, Э.Позняк, Геометрия 10-11, Алматы, Мектеп-2001
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.