Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Рационал сандарға амалдар қолдану. -

Рационал сандарға амалдар қолдану.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1410 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын меңгергенін жүйелеу, бекіту, бақылау жұмысына дайындық.
Дамытушылық. Оқыған материялды қорытындылай салыстыра білу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, шар, үлестірме қағаздар.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасы);
ІІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»(шар ішіндегі сұрақтарға жауап беру);
ІV. «Білсең де тексер!»(кесте толтыру);
V. «Білімің - ұшар қанатың»(оқулықпен жұмыс);
VI. «Іздеген жетер мұратқа»;
VІІ. Үйге тапсырма;
VІІІ. Бағалау;
ІХ. Рефлексия;
Х. Қорытынды.;
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгелдеу. Сабағымызды шаттық шеңберін құру арқылы бастаймыз.
Қуанамын менде (өзімді көрсетемін),
Қуанасың сенде(досыңды көрсету),
Қуанайық, достарым(қолымызды ұстаймыз),
Арайлап атқан күнге(қолымызды жоғары созамыз).
Оқушыларға бағалау парағын ұсыну. Өздерін бағалайды, соңында арифметикалық орта табу арқылы жинаған фишкаларын бағалау.
ІІ. «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасы)
№ 663
Жауабы: 1) ; 2) 5,8; 3) -0,5; 4) 10.
ІІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»(шар ішіндегі сұрақтарға жауап беру)
1) Екі теріс санды қосқанда қандай сан шығады?
2) Таңбалары әр түрлі екі санды қалай қосады?
3) Қарама – қарсы санды қосқанда неге тең?
4) Таңбалары әр түрлі екі санды көбейткенде қандай сан шығады?
5) Таңбалары бірдей екі санды көбейту қалай табылады?
6) Көбейткіштің біреуі 0 – ге тең көбейтінді неге тең?
7) Таңбалары әр түрлі екі санды бөлгенде қандай сан шығады?

ІV. «Білсең де тексер!»(кесте толтыру)
а * в

а в -5 6 0,5

-1,2 6 -7,2 -0,6
а + в

а в -7 -5 2,3

3 -4 -2 0,7
а - в

а в -6 8,2 2,5

4 10 -4,2 1,5
а : в

а в -7 3 0,1

-6,3 0,9 -2,1 -63
V. «Білімің - ұшар қанатың»(оқулықпен жұмыс);
І деңгей. № 667
1) – 8 * (- 4) – 15; 3) 17 + ( - 8) * (- 3); 5) 9 * ( - 2) – 7;
2) – 45 : (- 5) – 12; 4) 13 + 27 : (- 9); 6) 12 : (- 4 ) + 5.
ІІ деңгей. № 668
1) 3,9 : (- 1,3) + 6; 3) 9 + 5,6 * ( - 0,5); 5) 4,3 – 8 : ( -1,6);
2) 6,5 : ( - 5) – 8; 4) 10 + 8,4 : (- 4,2); 6) 9,1 – 6 : (- 0,2).
ІІІ деңгей. №669
1) 3)
2) 4)
VI. «Іздеген жетер мұратқа»
1) Сәйкестендіру тестісі
1) – ( - 20 ) теріс сан
2) – ( + 20 ) қарама – қарсы сан
3) – 20 + 20 оң сан

2) Суретте неше үшбұрыш бар? (9)

VІІ. Үйге тапсырма
№674, №675.
VІІІ. Бағалау;
Бағаларының арифметикалық орталарын табу арқылы айту.
ІХ. Рефлексия;
Бүгінгі сабақта алған әсерім
Х. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.