Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану» -

«Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2724 | Размер: | Автор: Нартай4540
. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса....білім де солай керек»- деп А. Байтұрсынов айтқандай біздің болашағымыз білімде. Біздің елдегі білім беру жүйесі мемлекеттік бағдарламаның нақты мақсаттары мен міндеттері өзгеріс пен нәтижеге бағытталған. Жаңа форматтағы жасалған деңгейлік курс бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйретеді. Жеті модульді болашақта тиімді пайдалану мақсаты: оқушыларды өзін-өзі реттеуге, сыни ойлауға, бағалауға, көшбасшылыққа, ынтымақтастыққа қабілетін дамытуға, алған білімдерін өмірде пайдалануға бағыттау және де құндылықтарды сақтай отырып тәрбиелеу. Болашақта жеті модульді тәжірибемізде толық меңгерсек, әрине оқушыларымыздың білім деңгейі заман ағымына қарай дамып, дербес тұлға қалыптасатынына сенемін.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деп, Елбасының қанатты сөзінен бүгінгі күнде ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсіндім. Ендеше, алдағы таңда қажырлы еңбек етіп ұрпағымызды білім нәрімен сусындатайық.
ШҚО, Ұлан ауданы, Касым Қайсенов кенті, «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» - КММ-нің математика пәнінің мұғалімі: Ильясова Карлыгаш Зарубековна.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы: 9 «А» сынып
Пәні: Алгебра
Тақырыбы: «Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану»
Сабақтың типі : білімді бекіту сабағы
Мақсаты: Оқушыларды өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып есептерді әр түрлі тәсілдермен шешу арқылы біліктілік дағдыларының қалыптастыру, меңгеру деңгейлерін анықтау, тепе-теңдіктерді пайдалана білуге жағдай жасау;
Күтілетін нәтиже:
• Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін біледі.
• Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді біледі.
• Тепе-теңдікті дәлелдей алады.
• Өмірмен байланысын айтады. топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластықта болады.
• жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, жауапкершілігі артады. Өзіне-өзі талап қояды.
Оқушылардың білім алуын ұйымдастыру жолдары: Жұптық жұмыс; Топтық жұмыс, бірін-бірі оқыту
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы бойынша жоспарланды: Миға шабуыл, ой толғау, смайликтер.
Ресурстар: Интерактивті тақта, оқулық, постер сызуға арналған қажетті құралдар, үлестірмелік материалдар.

Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
Кіріспе бөлімі
Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
5 минут

Білу. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сыныптың психологиялық ахуалын туғызып алу Оқушыларды сабақ бастауға бейімдеп, сабаққа дайындаймын. Онан соң негізгі тригонометриялық тепе – теңдіктерді қолдану арқылы есептер шығартып, тепе – теңдіктерді өзара бір-бірінен ажырату үшін формулаларды қолдануды, есептерді әр түрлі тәсілдермен шешуді қарастыратынымызды айтамын. Шаттық шеңберге тұрады оқушылар 4 топқа түрлі-түсті ленталар алу арқылы бөлінеді.Бұл ленталерды пайдаланып «Қазақстан ассамблеясының 20 жылдығына» байланысты тәрбиелік мағынаға назар аударамын. Қайталау тақырыбын слайд негізінде ұсыну. Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді сәйкестендіру бойынша

1) соs 2 +Sin 2 =1
соs = ;
sin ;
2) tg =
ctg =
4) tg ctg =1
tg
ctg
5) 1+ tg2 (5)
6) 1+ ctg2 (6)

Мұғаліммен аманда сады,көңіл-күйлерімен бөліседі Оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй тілейміз»,- деп айтады.
Дұрыс, жақсы. Топқа бөлу ленталары, стикер, маркер.
Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықтарын арттыру:
«Ой сергіту»
2 минут
Түсіну.
Топқа бөліну: Топ ережесін сақтау: Сабаққа кешікпеу, уақытты үнемдеу, дыбыссыз қадам бір бірімізді тыңдау, құрметтеу, пікірмен санасу, бір шешімге келу, әр топ мүшесі өз ісіне жауапкершілікпен қарау,шығармашыл, іскер белсенді болу, нәтиже шығару. Тақырып бойынша базалық, негізгі білімді қайталау. Сұрақтарға жауап беру: Қайталау сұрақтары:
1. Неге «негізгі тригонометриялық формулалар» деп аталады?
2. Бірінші формуланы қорытып шығарғанда қандай ұғымдар қолданылады?
3. Қалған тригонометриялық формулаларды ата
4. Тригонометриялық тепе-тендіктерді дәлелдеудің қандай жолдарын қолдануға болады?
Жауаптары.1.Өйткені бұл формулалар бір ғана аргументке байланысты.
2.Берілген теңдік альфаның кез келген мәнінде дұрыс, яғни тепе-теңдік болып табылады.
Осы формулалардың көмегімен бір тригонометриялық функцияның берілген мәні бойынша қалған тригонометриялық функциялардың мәндерін есептеуге болады.
3. Қалғанын айту.
4.Өрнектерді ықшамдау және тепе-теңдіктерді дәлелдеу жолдарын қолдануға болады. Топқа бөлінеді.
Берілген сұрақтарға жауап беріп, негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер бойынша жұмыс атқарады.
Өте жақсы, дұрыс;
Құрдастардың берілген критерийлерге байланысты бағалауы; Оқулық, слайд, үлестірме парақтар

Негізгі бөлім
Мағынаны тани білу:
8 минут

Қолдану Оқушыларға негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктердің мәндерін өз беттерімен тауып, кесте бойынша жұмыс атқарады. Берілген кестені пайдаланып, шешуі бойынша қате қойылған жауаптар бойынша слайдтағы карточкалардың дұрыс шешімін тауып, соңындағы әріптерден сөз құрастыру. Кестені түсініп, мәндерді табады. Жақсы, өте жақсы,
Құдастардың берілген критерий лерге байланысты бағалауы; Оқулық, стикерлер, фломастер.

10 мин
Талдау Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді пайдаланып есептер шығарту.
Кітаппен жұмыс: № 424 есеп (1,2,3,4)
№ 425 (1,2,3,4) Орындайды, түсінеді, талдайды Жақсы, өте жақсы,
Құдастардың берілген критерий лерге байланысты бағалауы; Оқулық
10 мин
Жинақтау Оқушылардың білімдерін бақылау үшін емтихан есептеріне арналған жинақтан есептер шығарады, әр топқа арнайы есептер беріледі. Постермен жұмыс: 9 сыныпқа арналған емтихан жинағы кітапшасын пайдаланып төрт топқа есептер беріледі.Әр топ есептерді шығарғаннан кейін «Өрмекші торы» стратегиясымен постер арасындағы байланысты табады.
Логикалық ойлау қабілеттері арқылы жауаптарын ортаға салады. Есептер жинағынан есептерді топпен талдайды, шығарады, постерде орындайды, қорғайды. Жақсы, өте жақсы,
Құдастардың берілген критерий лерге байланысты бағалауы; Таратпа материал
Бағалау.
8 минут Топ басшысы өз тобын бағалайды. 4 оқушының презентациясын тыңдалынады; Келіседі. Бағалайды.
Рефлексия
1 минут «Жеміс ағашы» арқылы алған әсерлерін көрсетеді. Ой стикер қағаздарына жазады. «Жеміс ағашы» стикерлер жапсырады.
1 минут Үйге тапсырма № 426, №428, 430;
Үйге тапсырма беріледі. Берілген тапсырмаларды орындау мақсатын түсіну;

Тексеріліді__________
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.