Меню
Назад » » »
Ромб, квадрат белгілері мен қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
загрузка...

загрузка...
Геометрия 8 класс 07.10.
Ромб, квадрат белгілері мен қасиеттерін пайдаланып есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптарынан өткен материалдарды қорытындылауға және шығармашылық түрде бір жүйеге келтіруге жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:
Параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб және квадрат тақырыптары бойынша білім мен біліктерін бекіту және бақылау;
Есептер шығара білу қабілетерін жетілдіру;
Проблемаларды анықтау және оның шешілу жолдарын таба білу, мақсатқа жете білу.
Тақырыпты тереңірек меңгеруге бағыт беру.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізуге, ой-пікірімен бөлісе білуге, шығармашылыққа ұмтылдыру.
Көрнекіліктер және оқу әдістемелік жабдық:
өзіндік жұмыс тапсырмалары;
жеке жұмыс тапсырмалары;
Қолданылған модульдер:
Білім берудегі жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
2. Оқушылардың төртбұрыштар туралы постерлері (10 минут)
3. Есептер шығару және қорғау (15 минут)
4. Оқушылардың тесттік жұмысы (5 минут) .
5. Семантикалық карта (5 минут)
6.Рефлексия. сабақтың қорытындысы (4 минут)
7. Үйге тапсырма. Бағалау. (3 минут)
Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар үш топқа бөлінеді төртбұрыштар түрлері бойынша–ромб, квадрат және параллелограмм. Топтардың жұмыс істеу ережесі құрылады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.
«Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндік жібермеу керек» Паскаль.
Бүгін сабақта біз «Төртбұрыштар» бойынша алған білімдерінді тек пысықтап және тексеріп қана қоймаймыз, сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс жасаймыз. Алдымен мына қызықты фигура өздерін білетін фигуралардан құрастырылған қыз суреті бейнеленген. Осыдан өздерін білетін фигураларды анықтап, таныған фигураларды атап шығындар. Сендер біз өткен төртбұрыштардың барлық түрлерін таныдыңдар.
Миға шабуыл. (мотивация)
II. Өз постерлерін қорғау (Венн диаграммасы)
І топ: тіктөртбұрыш пен параллелограмм
ІІ топ: тіктөртбұрыш пен ромб
ІІІ топ: тіктөртбұрыш пен квадрат
Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін және есептер щығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін өткен тақырыптарды қайталап, не білетінімізді еске түсірейік.Төртбұрыштар туралы дайындап келген презентацияларын қорғауға дайындалған оқушыларды шақырамын. Жеке – жеке презентацияларын қорғайды.
Қорытындылау:жұптық жұмыс сосын топтық талқылауға салып, төртбұрыштардың ортақ және өзіне тән қасиеттерін анықтап, кесте толтыру. (формативті бағалау)
III. Есептер шығару. Сендер өз білімдерінді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде, есептер шығара білуде өз білім деңгейлерінді көрсетіп, дәлелдеңдер. Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді.
10 мин уақыт беріледі. Іске сәттілік тілеймін.
А деңгейі:
1) АВСД параллелограмының ВАС бұрышы 40 о, САД бұрышы 20 о-қа тең. Параллелограмм бұрыштарын табыңдар.
2) Ромбының ВАД бұрышы 10 о-қа тең. АОД үшбұрышының бұрыштарын табыңдар.

В деңгейі:
Параллелограммның қабырғаларының қатынасы 1:2 қатынасындай, периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.

С деңгейі:
Параллелограммның АВ=АД. Периметрі 24 см. Параллелограмм қабырғаларын табыңдар.
IV. Оқушылардың тесттік жұмысы.
Біз толық қайталадық, енді жеке тапсырмаға көшеміз, әр оқушыға жеке тапсырмаларды топ басшысы таратып береді, 5 минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз, сосын бір біріндікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз. (формативті бағалау). Қорытындысын кішкене талдау.
Оқушылар топ басшысының басшылығымен тапсырмаларды орындайды да шешуін постерге жазады.Әр топ талқылап,сосын біреу шығып қорғайды. Топтарға тапсырмалардың нұсқалары қосымшада
V. Семантикалық карта (үшке оқитын оқушылар)
Шығармашылық тапсырма (4 пен 5-ке оқитын оқушылар)
І. Ромбының әрбір қабырғасын тең үш бөлікке бөліп сол нүктелер арқылы ромб қабырғасына параллель түзулер жүргізіңдер. Қанша ромб пайда болды?
ІІ. Параллелограмм берілген. Қарама қарсы қабырғаларының ортасын кесінділермен қос. Қанша параллелограмм пайда болды?
ІІІ. Квадраттың қарама қарсы төбелерін қосқанда неше үшбұрыш пайда болады?
VI. Рефлексия және сабақтың қорытындысы
Міне сабағымыз аяқталуға жақындады. Сендер бұл сабаққа жақсы дайындалыпсындар, өз білімдерінді көрсеттіндер және шығармашылықпен жұмыс жасадыңдар. Ал енді мен сендердің бүгінгі сабақ туралы пікірлерінді білгім келеді. Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Сендерге сабақ ұнадыма?
Қандай қиыншылықтар болды?
VII. Үйге тапсырма: б.ж.дайындық Бағалау.Енді бүгінгі сабақта, жалпы осы өткен тақырып бойынша өздерінді бағалайсындар, смайлик бойынша. Егер кейбір сұрақтарға көмек қажет болса көңілі жоқ смайликке жапсырасын, ал егер тақырыпты жақсы түсінсендер көңілді смайликке жапсырамыз. Ал, кәне бағалаймыз
Топ басшылары бағалау парақтарын таратады және жинап тапсырады.
Ынтымақтастықта жұмыс жасағандарына рахмет! Маған бүгін шығармашыл, белсенді еңбекқор оқушылармен жұмыс жасау өте ұнады. Алдағы өмірлерінде әруақыт жолдарын болып, алдарында жасыл шам ғана жанып тұратын болсын! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ромб, квадрат белгілері мен қасиеттерін пайдаланып есептер шығару можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 330 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar