Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды және әріпті өрнектер -

Санды және әріпті өрнектер

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 288 | Просмотров: 1733 | Размер: 85.0 Kb | Автор: arai
. Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты: 1. 1-сыныпта алған санды және әріпті өрнектер туралы алған білімдеріне сүйене отырып, өрнектерді жазу және мәндерін табу жолдарын үйрету, берілген сызба нұсқалар арқылы есептер құрастырып шығару жолдарына машықтандыру;
2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;
3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.
Көрнекілігі суреттер
Қосымша материалдар: дидактикалық үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа дайындау.
2. Өткенді бекіту: математикалық диктант
- а-ға 6-ны қос; 20-дан а-ны азайт; 2-ге, 4-пен а-ның қосындысын қос
- Қандай өрнектер жаздық? Бұлардың мәнін таба аламыз ба?
- Әріпті өрнектердің мәнін табу үшін не істейміз?
3. Үй тапсырмасын тексеру: парта бойынша тексеріп өту
4. Жаңа сабақ:
Тақтамен жұмыс: №1 есеп: берілген тапсырмаларды оқып, талдау жүргізу;
20 – 1 76 – 6 90 – 10 19 + 1 70 + 6 90 + 10
- Бұлар қандай өрнектер? (санды өрнектер) Олардың мәнін бірден таба аламыз ба?
№2 есеп:
а – 8 а – 30 а = 38 а + 8 8 + а а = 30
- Бұлар қандай өрнектер? Оларды қалай табамыз? (олардың мәнін табу үшін әріптердің орнына қойылатын белгілі бір сан болу керек)
№2 есеп: Өткенді бекітуге арналған тапсырма: (Оқушылар екі топқа бөлініп орындайды. Әр қатар өз тобының есебін шығарады)
5. Өзіндік жұмыс: № 3 есеп:
Әр жолдағы сандарды салыстыру; Әр бағандағы сандарды салыстыру
Әр қатардағы сандар бір бірлікке, әр жолдардағы сандар 1 ондыққа артып отырады.
6. Сергіту сәті: «Кел, ойнайық!» (жылжымалы суреттер пайдалану)
Күз мезгілі келіп, қара суық басталыпты. Ормандағы аңдар ауырып қалыпты. Олар дәрігер Айболитке келіпті. Айболит олардың кезекке тұруын өтініпті. Біз аңдардың таласпай кезекке тұруына көмек көрсетейік


№4 есеп: Есептер құрастырып, оларды шығару

7. Бекіту: №5 есеп: Суретте берілген көпбұрыштарды салыстырту
- Оларды неліктен көпбұрыштар деп атаймыз?
- Көпбұрыштар үшбұрыштан басталады. Сондықтан бұл жерде төрт көпбұрыш бар.
- Олардың барлық төбесі – 16, барлық бұрыштары – 16, барлық қабырғалары да – 16.
8. Шығармашылық тапсырма:
Самат екі балықтан, Марат бір балықтан ұстаса, барлығы 12 екі балық болса, онда Самат барлығы 8 балық, Марат 4 балық ұстаған .
9. Қорытынды:
- Сонымен әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады? Санды өрнектердің мәнін ше?
- Санды өрнек пен әріпті өрнектің қандай айырмасы бар? Қандай амалдар қолданамыз?
10. Үйге тапсырма: № 6 есеп (33-бет) 11. Бағалау:

(2 сынып математика сабағы)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.