Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіздіктің  20 жылдығына  арналған  «20 жылдыққа  - 20 есеп»  сайысы -

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «20 жылдыққа - 20 есеп» сайысы

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1784 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ашық сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «20 жылдыққа - 20 есеп» сайысы
5-сынып оқушыларына арналған
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,
математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, оларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Үйірме мүшелерінің Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін арттыру. Өз бетімен еңбектену дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың типі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақ өтетін орынның дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу

Әр топ өз ұранымен таныстырады

«Болашақ» - дарындылар тобы:
Болашақтың ұрпағымыз бүгінгі,
Көрсетпекпіз сайыста тапқырлық пен білімді.

«Бәйтерек» - тапқырлар тобы:
Тапқырлық таныту мақсатымыз
Біліммен шықсын біздің жақсы атымыз.

«Астана» -білгірлер тобы
Нақты жауап, дұрыс шешім береміз,
Қарсыластарды сайыстарда жеңеміз!


ІІ. Негізгі бөлім

І. «Астанаға саяхат»
Әр топ мүшелері кезектесе отырып, кері амалмен «тізбек» есептерді ауызша шығарады.
- 170 : 5 . 4 - 84

+ 150 : 50 х 4 - 8

+43 х 4 + 280 : 30


ІІ. «Океанариумға саяхат»
Әрбір топ мүшесі таңдаған сұрағына жауап береді



1. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша “9” саны кездеседі? (20 рет кездеседі)

2. Аулада отынға дайындалған жарты метрлік 120 бөрене жатыр. Егер олардың бастапқы ұзындығы 3 метрге тең болса, алғашқыда отындыққа қанша бөрене әкелінген? ( 20 бөрене)

3. Бір қатарға дөңгелектер орналасқан. Дөңгелектерді солдан оңға қарай санағанда 7 нөмірлі дөңгелек, оңнан солға қарай санағанда 14 нөмірлі дөңгелекке сәйкес келеді. Барлығы неше дөңгелек? (20 дөңгелек)

4.Таяқшаны қозғап тура теңдік шығар:

ХІІІ - ҮІІ = ІХХ; (ХІІІ + ҮІІ =ХХ)

5. Таяқшаны қозғап тура теңдік шығар:

ХХ - І = ХХІ; (ХХІ - І = ХХ)

6. Таяқшаны қозғап тура теңдік шығар

ІХ + Х=ХХІ; (ІХ + ХІ = ХХ)
7. Берілген үшбұрыштағы дөңгелекшелерге 1-9-ға дейінгі сандарды әр қабырғасындағы сандардың қосындысы 20 болатындай етіп орналастырыңдар:




8. Фигураны пішіндері бірдей тең төрт бөлікке бөл. Бөліктегі сандардың қосындысы 20-ға тең болсын.

1
9 6 2

10

20

12

8

5

7
5
11
4



9. Музейде Рим цифрларымен белгіленген, көне замандардан қалған сағат бар екен. IV цифрасының орнында төрт таяқша IIII қойылыпты. Уақыт өте сағат бетіне суретте көрсетілгендей сызаттар түсіпті. Бұл сызаттар арасындағы сандар суммасы 21, 20, 20, 19 болып бөлінеді.
Сызаттарды қалайша орналастырғанда сандар суммасының бәрін бірдей 20 санына теңестіруге болады? Сызат сағат циферблатының центрінен өтпесе де болады.



ІІІ. «Бәйтерекке саяхат»
Топ мүшелері кезектесе отырып, «тізбек» есептерді шығарып, «Бәйтерек» шыңына өрлейді.

х
х +

+ : :


х + __

Қосымша
Сандардың арасына амал таңбаларын қой:
5 5 5 = 20; ( 5 х 5 - 5 = 20)
2 2 2 = 20; ( 22 - 2 = 20)
4 4 4 = 20; (4 х 4 + 4 = 20)
2 2 2 2 2 2 = 20; ((2 + 2 + 2 + 2 + 2) х 2 = 20)
1 1 1 1 1 1 1 1 1 = 20;
((1 +1 + 1 + 1 + 1 + 1) х (1+ 1+ +1)) = 20


ІҮ. Қорытынды
Міне, балалар, бүгін бәріміз бірге ойнай отырып, ойлап, қиял көкжиегіне шарықтап, Астананы да аралап қайттық. Өздерің көріп отырғандай, бүгінгі барлық 20 есептің шешуі ортақ сан 20 болып отыр. Әрине, бұл біздің Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған кішкене сыйымыз болсын.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан есімізде ұстап, Елбасының сенімін ақтайық.
Ал, олай болса, сөз соңында «Тәуелсіздік туын көкке өрлет, Тәуелсіз ел ұланы!» дегім келеді.

Өтегенова Ләйла , Арал аудандық оқушылар Үйінің «Жас математик» үйірмесінің жетекшісі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.