Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Түзулердің өзара орналасуы». -

«Түзулердің өзара орналасуы».

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2517 | Размер: | Автор: arai
. Сабақ тақырыбы: «Түзулердің өзара орналасуы».
Сабақ мақсаты: Білімділігі:Түзулердің өзара орналасуы тарауы бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу. Дамытушылығы:Оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру,танымдық дағдыларын дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың ұстанымы:
Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та,дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. /М. Дулатов/
Сабақтың түрі:білім, білік,дағдыныжүйелеу. Сабақтың әдісі: жобалау әдісі І.Ұйымдастыру кезеңі. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
Жобаны орындауға дайындық кезеңі.(сынып 3 топқа бөлінеді)
Жұмысты жоспарлау. (1- топ. Параллель түзулер. Түзулердің параллельдік белгілері. 2-топ. Параллель түзулердің қасиеттері.
3- топ. Қиылысқан түзулер.Перпендикуляр.)
Ақпараттық ізденіс кезеңдері.
Нәтижені қорытындылау.
Жобаны қорғау.
Жоба жүмысының нәтижесін және қорытындысын бағалау.
І –топ.Параллель түзулер.
1.(Жалпылама теориялық тапсырма.) Оқулықтан параллель түзулер анықтамасын табыңыз. Өзіңіздің анықтамаңызды ұсынып көріңіз.
ІІ-топ.Параллель түзулердің қасиеттері 1.(Жалпылама теориялық тапсырма). Параллель түзулерге қатысты теоремаларды тұжырымдаңыздар.
ІІ-топ.Параллель түзулердің қасиеттері
1. (Жалпылама теориялық тапсырма). Параллель түзулерге қатысты теоремаларды тұжырымдаңыздар.
ІІІ-топ.Қиылысқан түзулер. Перпендикуляр.
1.( Жалпылама теориялық тапсырма).
Перпендикуляр түзулер және қиылысқан түзулер анықтамаларын беріңіздер.
І -топ. 2.(Проблемалық сұрақ).
М нүктесі арқылы берілген b түзуіне параллель қанша түзу жүргізуге болады? Ал осы тұжырымдаманы дәлелдеуге бола ма?
ІІ-топ. 2. (Проблемалық сұрақ).
Қандай жағдайда екі түзу өзара параллель болады?
ІІІ-топ. 2.(Практикалық тапсырма).
Оқулықпен жұмыс №119-44 бет.
І-топ. 3.(Жалпылама теориялық тапсырма).
Сөйлемді толықтыр.
1.с түзуі а және b түзулеріне қатысты қиюшы деп аталады, егер…
2. Параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде … бұрыш пайда болады.
3. Егер АВ және СD түзулерін ВD түзуі қиып өтсе, онда ВD …деп аталады.
4.с түзуіне қарағанда әртүрлі жарты жазықтықта жатқан <3 пен <5, <4 пен <6- …, <2 пен <8,<1 пен <7 -… деп аталады .
5. с түзуіне қарағанда бір жарты жазықтықта жататын <4 пен <5, <3 пен<6-..., <2 пен<7, <1 пен < 8- ... деп аталады.
6. … бұрыштар өзара тең.
Дұрыстығын тексеру
1.…егер ол оларды екі нүкте арқылы қиып өтсе
2. 8
3.…қиюшы
4.…ішкі айқыш және сыртқы айқыш бұрыштар
5.…ішкі тұстас және сыртқы тұстас бұрыштар
6.сәйкес
ІІ-топ. 3. Жалпылама теориялық тапсырма.
Сәйкестендіру.
1) a | | b, өйткені ішкі айқыш бұрыштары өзара тең
2) a | | b, өйткені сәйкес бұрыштары өзара тең 3) a | | b, өйткені ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең.
ІІІ-топ.
3.(Проблемалық сұрақтар).
Сатылай комплексті талдау.
1. Анықтама;
2. Тану: 2.1 жазылуы; 2.2 оқылуы; 2.3 мағынасы.
3. Қасиеттері;
4. маңызды түйін;
5. қолданылуы.
І-топ. 4.Есеп шығару
Оқулықпен жұмыс
1)№97 -35 бет;
2)№98 (1,2)-38 бет.
ІІ-топ.4.Есеп шығару оқулықпен жұмыс
№111-41 бет;
№117-41 бет.
ІІІ-топ. 4.Есеп шығару оқулықпен жұмысы
№123 -44 бет; №126-44 бет.
Қорытындылау.
Тест тапсырмалары
Жоба жұмысын бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.