Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Теңдеулер әлеміне саяхат. (Слайд №1) -

Теңдеулер әлеміне саяхат. (Слайд №1)

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3267 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Семей қаласы Т.Ы. Аманов атындағы №16 мектептің
математика пәні мұғалімі Чултуков Нартай Советханұлы

Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер әлеміне саяхат. (Слайд №1)

Сабақтың түрі: Ой жарыс, білім сайыс сабағы.
Сабақтың типі: Практикалық сабақ .
Әдіс-тәсілі: Ұжымдық, топтық оқыту.
Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу.
Сабақтың міндеті:
а) БІЛІМДІЛІК: теңдеулерді шешудің формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу ;
ә) ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдылығы мен ой ұшқырлығын қалаптастыру;
б) ТӘРБИЕЛІК: Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке, дәлдәкке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интереактивті тақта, тапсырмалар жазылған парақтар (слайдтар).
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру .
Оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу. Сабақтың мақсатымен және сайыстың шарттарын қысқаша таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару (слайд №2).
Үй жұмысын тексеру.
2. Қайталау – білім анасы. Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.
І кезең «Нысана» (слайд №6):
Квадрат теңдеудің анықтамасы;
Келтірілген квадрат теңдеулер;
Толық квадрат теңдеу;
Толымсыз квадрат теңдеу.
Жауаптары: слайд №7.
ІІ кезең «Қорамсақ» (слайд №8):
Толық квадрат теңдеулерді шешу формулалары (әр формула 1 ұпай);
Дискриминант сөзінің мағынасы (1 ұпай);
Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу жолдары (әр түрі 1 ұпай);
Виет теоремасына кері теорема (2 ұпай);
Рационал теңдедің анықтамасы (1 ұпай);
Рационал теңдеуді шешу алгоритмі (2 ұпай).
ІІІ кезең «Жебе» (слайд №10): Әр топ қалауы бойынша 7 ғаламаттың біреуін таңдайды, сол ғаламаттың артында жасырылған тапсырманы топпен орындайды.
Тадж Махал: 1) -12; -2. 2) -1; 2. 3) -2; 1/3.
Қытай қорғаны: 1) -13. 2) -6; 4. 3) –1; 1,5.
Египет пирамидасы: 1) -2; 10/3. 2) -1/3. 3) 3; 4.
Колизей: 1) -1/2; 4/3. 2) 3/2. 3) 5.
Дубай: 1) 0. 2) -3. 3) 4/3.
Мұнара: 1) -2; 10. 2) 0,5; 5/4. 3)-5,5; 1.
ІV кезең «Мерген» (слайд №17): Бұл кезеңде тиісті жолақтарды таңдау арқылы әр топ берілген түбірлер бойынша теңдеулер құрып, шапшаңдықпен шыңның басына шығу керек.
1-нші саты. Жауаптары.
Күлгін түсті жолақ:
Жасыл түстіжолақ:
Қызыл түсті жолақ:
Сары түсті жолақ:
2-нші саты. Жауаптары.
Күлгін түсті жолақ:
Жасыл түстіжолақ:
Қызыл түсті жолақ:
3-нші саты. Екінші коэффициенті -15, ал түбірлерінің бірі екіншісінен екі есе артық болатын квадрат теңдеу құрыңыз.
Жауабы. (слайд №21):
V кезең «Көкпар» (слайд №22): оқушылардың логикасы мен ой ұшқырлығын, интеллектуалдығын бақылау сұрақтары:
1. ХV ғ. Самарқанд ғалымы, “Арифметика кілті” еңбегінің авторы? (Әл-Каши).
2. Әріпті өрнекті енгізген ХVІ ғ фрацуздық көрнекті математик? (Франсуа Виет).
3. “Хисаб ал-джебр вал-мукабала” еңбегінің авторы, ІХ ғ. Орта Азияның белгілі математигі? (Әл–Хорезми).
4. Мектебіміздегі №15-і кабинет кімнің атымен аталған? (Жомарт Базенұлы).

3. Қорытындылау. ( слайд №23)
Кез келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:
a) жалпы жағдайда ДИСКРМИНАНТТЫ табу формуласын біліуіміз қажет, оның үш жағдайын. D>0. D=0. D<0;
b) Келтірілген квадрат теңдеу болғанда, оны Виет теремасы арқылы шешу;
c) a+b+c=0 және a+c=b дербес жағдайларды мұқият ескеру:
д) Рационал теңдеулерді шешкенде ең бірінші ММЖ-ны анықтау, БӨГДЕ түбірден сақ болу.
4. Үйге тапсырма беру. № 182, 184. ( слайд №23)
5. Бағалау. ( слайд №24)

Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!

Назарларыңызға рахмет! Сабақ бітті.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.