Меню
Назад » » »
Туындыны табу ережелері
загрузка...

загрузка...
МКҚК «Тасқала колледжі» Математика пәнінің ІІ санатты оқытушысы Избанова Бибигуль Бимурзиевна


19.01.2015 Алгебра 10 А сыныбы

Сабақ тақырыбы:
Туындыны табу ережелері
Жалпы мақсат: Туындыны табу ережелерін, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын игеріп, оларды есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру, туынды ұғымы бойынша білімдерін дамыту.

Сілтеме: Алгебра, 10 кл А. Абылкасымова «Мектеп» баспасы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Функцияның қосындысының, айырмасының, көбетіндісінің және бөліндісінің туындысын табуды үйрену

Негізгі идеялар: Туындыны табудың негізгі формуласы

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: АКТ, үлестірмелер, плакаттар
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлау, топпен және жеке оқушымен, көшбасшыны анықтау

Тапсырмалар: Оқулықтағы тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Сыныпты ұйымдастыру (1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақтың құрылымымен таныстыру, оқушыларды сабаққа дайындау Оқушының іс- әрекеті

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Үй тапсырмасы негізінде берілген туынды табудың ережелерін қорыту үшін тақтаға оқушылар таңдап алу Оқушының іс -әрекеті
Үш оқушы тақтаға мысалдар келтіру арқылы туынды табудың алгоритмі негізінде туынды табу ережелерін қорытады.
ІІІ. Сыныпты топқа бөлу (2 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Сынып оқушыларын туған күндері мен айлары бойынша үш топқа бөлу. Сабақты түсіндірген үш оқушыны жетон арқылы үш топқа бөліп отырғызу Оқушының іс- әрекеті
Өте аз уақыттың ішінде оқу кабинетін топпен жұмыс істеуге ыңғайлап, аталған айлар бойынша топқа бөлініп отыру.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру ( 5 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың өзара сабақ түсіндіру барысын қадағалау
Оқушының іс- әрекеті
Тобына бөлінген көшбасшы оқушы арқылы әр топ мүшесі оқулықтағы мысалдарды шығару арқылы жаңа сабақты пысықтайды.
V . Сабақты түсінгенін тексеру ( 20 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Үш топ оқушыларының арасында эстафеталық жарыс ұйымдастыру Оқушының іс- әрекеті
Тақтада көрсетілген есептерді топтың әр мүшесі бірінен кейін бірін алып, бірі берілгенін жазса бірі келесі жолын жазу арқылы жалғастырады. Осылай белгіленген уақытқа дейін жарыс жалғасады.
VI. Шығармашылық тапсырмалар ( 5 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқулықтан №186 есепті үш топқа орында отырып орындауға тапсырма беру. Оқушының іс әрекеті
Бір оқушыдан тақтада қорғау.
VII.Келесі оқылым:
( 2 мин) Үйге тапсырма №178, №179
VII. Бағалау және рефлексия кезеңі: (5 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Мұғалім оқушыларды суммативті бағалап, сабақты қорытындылайды.
Сабақтың өтілуі жайлы оқушылар пікірін сұрайды. Оқушының іс әрекеті
Топбасшылары топ мүшелерін еңбегіне қарай бағалайдй.
Сұраққа жауап жазып өз ойларын білдіру.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Туындыны табу ережелері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 356 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar