Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жүзден жүйрік»  зияткерлік ойыны -

«Жүзден жүйрік» зияткерлік ойыны

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1489 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қазақ мектеп-гимназиясы

«Жүзден жүйрік»

зияткерлік ойыны

Өткізгендер: Металкинова Б.Б.
Букенбаева Н.С.

Петропавл қаласы, 2014 жыл

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар мен оқушылар! Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Жүзден жүйрік» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Су да ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен.
Құрметті қонақтар, араларыңызда орындығына стикер жапсырылған мұғалімдер бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасы болмақ. Ендеше сол мұғалімдер өздеріңізді көрсетіп, таныстырып өтсеңіздер (аты-жөндерін айтады)
Ал енді оқушылар, сіздермен шағын ойын ойнап жіберейік. Менің қолымда орам жіп бар. Мен бір оқушыға өз лебізімді айтып, жіпті соған лақтырамын. Осылайша әркім өзінің достарына айтар тілегін бір сөзден білдіріп жіпті саусағына іледі де, сол оқушыға лақтырады. Ең соңында жіп орамы өзіме қайтып келу керек./Өрмекті жию. /
Рефлексия: Айтылған тілектер орындалсын дей отыра, сендердің осы сайыста өрмекші торындай мықтылықтарыңды көрсетулеріңді тілеймін. Рахмет!
/сабақ барысымен таныстыру/ СЛАЙДТА

Математика –бұралаңсыз, нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін
Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың, - дей келе сайысымыздың алғашқы бөлімін бастаймыз.
I тур: «Таныс болайық»
Ойын шартымен таныстыру:
Өзіндік менің үнім бар дегендейін білімпаз-жастар өздерін таныстырып өтсін. Әрқайсысы топтың атын, ұранын, эмблемасын таныстырады. Сөз кезегін 5 «А» -сынып оқушыларына береміз.
1-топ: 5 «А»-сыныбы «Болашақ» тобы
2- топ: 5 «Ә» -сыныбы
3- топ: 5 «Б» «Сұңқар» тобы
4- топ: 5 «В» «Жас қыран» тобы

II тур: «Ойлан, тап» Өздерін таныстырып өткен топтарға рахмет.
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ, бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
Ойын шартымен таныстыру:
Әр топ кезекпен ұпай саны жазылған бір ұяшықты таңдайды. Ойлануға 30 с уақыт беріледі. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай жауап берген топтың қоржынына түседі, ал жауап қате болған жағдайда қарсыластары жауап беруге рұқсат етіледі.
«Болашақ» тобы «Архимед ізбасарлары» «Сұңқар» тобы «Жас қыран» тобы
III тур «Ертегілер әлемінде»
Ойнайық, ойнайық та, ойлайық!
Қатардан қалып қоймайық,
Есепті жылдам шығарып
Уақытты текке жоймайық –деп келесі сайысымызға көшеміз. Бұл сайыста әр топ бір ұяшықтан таңдайды. Ол ұяшықта қандай да бір ертегіден көрініс көрсетіледі, егер топ сол ертегіні дұрыс тапқан болса, сол ертегіде жасырылған есепті шешуге мүмкіндік алады.
«Болашақ» тобы «Архимед ізбасарлары» «Сұңқар» тобы «Жас қыран» тобы

VI тур «Сиқыршылар елінде»
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп келесі және соңғы сайысымызға көшеміз. Әр топқа үйге «Сиқыршылар елінде» деп аталатын сайысқа математикалық сиқыр дайындап келуге тапсырма берілген болатын. Ендеше әр топтың дайындықтарын тамашалап көрейік.
«Болашақ» тобы «Архимед ізбасарлары» «Сұңқар» тобы «Жас қыран» тобы

Рефлексия.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік, - дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Қорытындылау

Номинациялар:
«Ең үздік сиқыршы»
«Ең үздік көшбасшы» топ жетекшісіне
І орын
ІІ орын
ІІІ орын

Бағалау критерийлері

Топтың аты _____________________________________

Сайыс кезеңдері Критерийлер Жоғары ұпайы Топтың ұпайы
І «Таныс болайық» - ұраны топтың атына сай 5 10
- эмблемасы топтың атына сай 5
ІІ «Ойлан, тап» Топ таңдаған сұрағына жауап берді Ұяшықта көрсетілген ұпайды алады
Топ таңдаған сұрағына жауап бере алмады 10 ұпай шегеріледі
Таңдаған топтан өзге топ жауап берді Ұяшықта көрсетілген ұпаймен бірге 10 ұпай қосылады
Топ мүшелерінің сұрақты талдауға толық қатысуы 10
ІІІ «Ертегілер әлемінде» Жасырылған ертегіні таба алды 5 15
Есепті шеше алды 10
«Сиқыршылар елінде» Фокустың күрделілігі Жоғары -30
Орташа -20
Жеңіл -10 30
Қорытынды ұпай

Әділ-қазы алқасы:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.