Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту -

Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 368 | Просмотров: 3655 | Размер: 25.8 Kb | Автор:
. 5 - сынып математика Мусаева Д
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты: Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейту туралы білімдерін тереңдету; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе білуге баулу. Өз мүмкіндігіне сенетін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыт беру.
Оқыту нәтижесі: Бөлшекті бөлшекке көбейту, бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейте алады, түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе біледі.
Түйінді идеялар: Әр оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді. Өз ойын жүйелі қорытындылай біледі.
Ақпарат көздері: Интерактивті тақта, оқулықпен жұмыс
Сабақта қолданылған модульдер: Топтық оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу 2. Оқушыларды түгендеу 3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару 4. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ мүшелерін міндеттерімен таныстыру. Сәлемдеседі. Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындап, зейіндерін сабаққа аударады. Оқушылар 4 топқа бөлініп, топ мүшелері міндеттерімен таныстырылады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы бақылаушылар арқылы тексеріледі және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша қандай ережелерді пайдаланғанын түсіндіреді. Берілген есептерді шығару барысында қолданылған ережелерді айтып береді.

ІІІ. Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.
Топқа тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жаңа тақырыпты топта талдау жасап, тақтада түсіндіреді және басқа 2 топтың қойған сұрақтарына жауап береді. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірінің жауаптарын сұрақ-жауап арқылы толықтырып, мысалдар келтіре отырып жаңа тақырыптың мазмұнын ашады.
І топ
Бөлшекті бөлшекке көбейту
Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.Ережені әріптермен жазсақ:
a/b * c/d = (a*c)/(b*d) ,
мұндағы а, с – натурал сандар немесе нөл саны, b, d – натурал сандар.( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)
ІІ топ
Бөлшекті натурал санға көбейту
Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, бөлімінің өзін қалдыру керек.
Ережені әріптермен жазсақ:
a/b * n = (a*n)/b мұндағы n – натурал сан. ( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)
ІІІ топ
Аралас сандарды көбейту
Аралас сандарды көбейту үшін: 1) оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек; 2) бөлшектерді көбейту ережелерін қолдану керек
.32/5*6 1/4 = 17/5 *25/4 = (17*25)/(5*4) = 85/4 =211/4
( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)
ІV топ
Аралас санды натурал санға көбейту
Аралас санды натурал санға көбейткенде, аралас сан бұрыс бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті натурал санға көбейту ережесі өолданылады.
83/10*5= 83/10 *5=(83*5)/10 =83/2 =411/2
( Топтың әрбір мүшесі мысалдар көрсетеді)
ІV. Тақырыпты практикалық бекіту
Әр топқа оқулық бойынша тапсырмалар беріледі.
І топ: №741 (1,5,9), №744(1,5)
ІІ топ: №741 (2,6,10), №744(2,6)
ІІІ топ: №741 (3,7,11), №744(3,7)
ІV топ: №741 (4,8,12), №745(4,8) Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып интерактивті тақтада бөлшектерді көбейту ережелерін қолданып, есеп шығару жолдарын көрсетеді.


ІV. Бекіту (Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту арқылы)
Топтарға деңгейлі есептер беріледі.
А деңгей.
№752 . 1 кг кәмпиттің бағасы 350 тг. 12/5 кг кәмпит неше теңге?
В деңгей.
№760 . 9 кг болат білеуше бар еді. Одан әрқайсысының массасы 5/8 кг 14 бөлшек жасалғанда, неше кг болат артық қалады?
С деңгей.
№769 . Вокзалдан саяжайға Әлібек 30 минутта, Бауыр-жан 45 минутта барады. Егер Әлібек вокзалдан шығып, Бауыржан саяжайдан шығып, олар бір-біріне қарсы жүрсе, 3/10 сағатта кездесе ме?
Шығармашылық деңгей
№772 . Қауын, қарбыз және асқабақ сатып алынды. Қауынды есептемегенде өзгелерінің массасы 11 кг. Қарбызды есептемегенде өзгелерінің массасы 9 кг. Асқабақты есептемегенде өзгелерінің массасы 12 кг. Бақша өнімдерінің әрқайсысының массасын табыңдар.
Топтық жұмыс мақсаты: топ мүшелерінің бірігіп ақылдасу нәтижесінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттырып, ортаға тарту. Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылар деңгейлері аралас үш топқа бөлінеді.
Бірігіп тапсырманы орындап, біреуі интерактивті тақтада шешімін жазады.

V. Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушыларды бағалау
(Бағалау критерийлері арқылы)
VІІ. Үйге тапсырма:
№ 742; № 745; № 1426; №1428.
Топтар Тақырып бойынша жұмыс Практикалық жұмыс Деңгейлік тапсырма Ортақ
баға
І
ІІ
ІІІ
ІV

Өзін өзі бағалау әдісі
Адамдар арасындағы өзара қатынастар белгілі дәрежеде бағалау сипатына ие болады, мұның педагогикалық қызметтегі орны зор. Педагог оқушылар білімін одардың қылықтары мен тәртібін білікті, нысанды түрде бағалай алуы тиіс. Оның бағалауының өз-өзін бағалау мен сәйкессіздігі көп орайда жасырын және ашық жан-жалдарға соқтырады. Ашық жанжал оқушылардың өз-өзін бағалауы педагог бағалауынан жоғары болған жерде көрініс табады. Жасырын жанжал педагог бағалауы өз-өзін бағалау дәрежесінен асып түскен жерде орын алады (бағалауды әдейі жоғарылататын талап қоя білмейтін педагог).
Бағалау мен өзін-өзі бағалауды педагогикалық үрдісті зерттеу педагогке оқушыларына тиімді ыңпал жасауда, өзара қатынас орнатуда жұмыс туралы болуы қажет.
Өзін-өзі бағалау әдісі, егер адам өз әрекеттерін бағаласа, оның нақты тәртібі жөнінде объективті деректер береді. Ол адам бойында сенімділік, өз-өзін бағалау дәрежесін анықтауға мүмкіндік ашады.
Бағалауды өз-өзін бағалаумен салыстыру адамдар арасындағы өзара қатынастарды, жанжалдарды айқындауға жол беретін ерекше әдіс ретінде көрініс алады.

№109 жалпы орта мектеп


(өзін –өзі бағалау әдісі бойынша)




5-сынып

Дайындаған:
математика пәні мұғалімі Мусаева Дилором

2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.