Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру -

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3142 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақмола облысы Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған
№ 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Жаксыбергенова Багдат Кайратовна,
математика пәнінің мұғалімі


Пән: математика
Сынып: 5
Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру
Сабақтың мақсаттары:
А)білімділік:
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру тақырыбынан алған білімдерін жалпылап тиянақтау, жай бөлшектер туралы оқушылардың білімдерін байқау;
Б)тәрбиелік:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету; шапшандыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту;
В)дамытушылық:
ой-өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, есептер шығару, ойын, интерактивті, деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар , карточкалар, кесте
Сабақтың құрылымы:
І.Ұйымдастыру.
/Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен,баға қою критерийлерімен таныстыру/
ІІ. Абылайхан алаңы . /Үйге берілген тапсырманы тексеру/
ІІІ. Қазақ халқының басынан кешкен зобалаң жылдар /Қайталау/
ІV. 1.Тәуелсіздік мәртебесі
2. Өнегелі елдің өрісі биік /Оқулықпен жұмыс/
V. Білімді бекіту
1. Білімді ұрпақ ұлт болашағы/Цифрлық диктант/
VІ.Тәуелсіздік - бейбітшілік шыңы / Жабық тест/
VІІ. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау;
VIIІ.Үйге тапсырма беру.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сабаққа дайынсыңдар ма? Жақсы, отырамыз. Кезекші, сыныптағы оқушы түгел ме?
1.Қазақтың киелі сандарын ата? /3, 7 ,13 , ... /
2.3 санына байланысты сөз тіркесін ата? /3 би, 3 жұрт, 3жүз, ... /
3.Үш жүздің басын біріктірген кім? /Абылайхан/
4.Көкшетау жеріндегі Абылайхан ордасы қай тау маңында? /Бурабай/

Биыл – Абылай Ханның туғанына 300 жыл толады. Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай Ханның мерейін асқақтатуымыз керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға тиіспіз.
ІІ. Абылайхан алаңы / Үй тапсырмасын тексеру/
Үйге қандай тапсырма берілді? Қанекей осы тапсырмаларды ауызша тексеріп жіберейік.
№465

1)9/12 және 2/12 ; 2) 20/24 және21/24; 3) 18/20 және5/20; 4) 4/30 және5/30;

5) 22/24 және9/24; 6) 3/48 және20/48; 7) 65/90 және9/90; 8) 10/48 және45/48;



III. Қазақ халқының басынан кешкен зобалаң жылдар /Қайталау/
1.Жай бөлшектің бөлімі мен алымы нені білдіреді?
2.Жай бөлшектің негізгі қасиетін ата.
3 . Бөлшекті қысқарту деген не?
4. Қандай бөлшек қысқартылмайтын бөлшек деп аталады?
5. Дұрыс және бұрыс бөлшектің анықтамасын бер.
6. Бұрыс бөлшектің анықтамасын бер.
7. Қандай санды аралас сан дейді?
ІV. 1.Тәуелсіздік мәртебесі / Ауызша есептеу/. Осы сұрақтардың жауаптары белгілі тарихи фактілерге байланысты болады.
бөлшегінің мәні неге тең?/1/

санын бұрыс бөлшекке айналдырғандағы алымы нешеге тең?/30/

бөлщегінің мәні неге тең? /4/

1900( 1)/( 3) және 92 3/(4 ) аралас сандарының бүтін бөліктерінің қосындысы нешеге тең? /1992/

ЕКОЕ (3,5)=? /15/

ЕҮОБ(20,80)=? /20/

1000*2-1700= өрнегінің мәнін есептеңдер /300/

19 97/100 санын бұрыс бөлшекке айналдырғандағы алымы нешеге тең? /1997/

V. 1. Өнегелі елдің өрісі биік /Оқулықпен жұмыс/. Деңгейлік есептер.
“А”№467 (1-3) Жауабы:

“В”№466 (1-3) Жауабы: 1) 119/300 және 115/300; 2) 48/400 және 125/400 ; 3) 87/120және68/120;

“С” №469 (1-3) Жауабы:

Сергіту сәті.
2. Білімді ұрпақ- ұлт болашағы /Цифрлық диктант, дұрыс -1, қате-0/
Жауабы: 1011001

VІ.Тәуелсіздік - бейбітшілік шыңы /Жабық тест/

1. бұрыс бөлшектерін аралас санға айналдыр. Жауаптары:

2. дұрыс бөлшектерін қысқартыңдар.

3. аралас сандарын бұрыс бөлшекке айналдырыңдар.

4. бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімдерге келтіріңдер.

5. бөлшектерді натурал санға айналдырыңдар.

VІІ. Қорытындылау: Не білеміз? Не білдік?Не білгіміз келеді?
Оқушыларды бағалау
VIIІ.Үйге тапсырма беру. № 466 (4-6) , № 467 (4), №469 (4) , §24.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.