Меню
Назад » » »
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ
загрузка...

загрузка...
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ГЕОМЕТРИЯ
ПӘНІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мектеп: Қостанай облысы, Амангелді ауданы «Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Мерзiм: .2015 Мұғалiм: Абенова Э.К., Татен М.С.
Сынып: 7 Оқушылар саны: 14 Тақырып: Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: Шыншылдық, әдептілік, кішіпейілділік

Мақсаты: Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл-ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділік:
- Перпендикуляр түзулер мен оның қасиеттері, нүктенің түзуге дейінгі қашықтығы туралы түсінік беру;
Дамытушылық:
- Оқушылардың бойында зеректік, шыншылдық, логикалық ой қорытындылау икемділігін дамыту.
- Тәрбиелік:
- Оқушыларды сабырлылыққа, кішіпейілділікке, жауапкершілікке, әдепті, шыншыл бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың өтуін талдау:

Сабақтың барысы
Сыртқы интеграция

1. Сәлемдесу.
Сабақтың 5 Т ережесін атап өту және оқушылармен қайталау.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық

2. Тыныштық сәті.
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Үй тапсырмасын тексеру.
Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс) №1092

Шешуі:∠EDC=120°-90°=30°
∠ADE=90°-30°=60 ;
Жауабы: 30°, 60°
№1097 ∠COF=∠KOF-∠KOC=90°-50°=40°
∠FOB=∠COB-∠COF=90°-40°=50°
Жауабы:
Сұрақтар:
1. Бұрыш дегеніміз не және оның адамның қасиетімен байланысы бар ма?
2. Бұрыштың түрлеріне қандай сипаттама бересіздер?
3. Өздеріңіздің жалған сөйлеген кездеріңіз болды ма? Себебі?
4. Есептің шешімін дұрыс айту үшін біз бойымызда қандай қасиеттерді дамытуымыз керек?
5. Егер сізге досыңыздың есептің шешімін өтірік айтып тұрғанын білсеңіз сіз не істер едіңіз?

Ішкі интеграция (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау)

Перпендикуляр түзулер. Нүктеден түзуге дейін қашықтық.

Перпендикуляр түзулер, нүктеден түзуге дейін қашықтықты түсіндіру барысында мұны адамның ақиқатпен байланыстырып кетуге болады. Яғни, тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзу екенін айта келіп, адамның шыншыл болуы керек, ақиқат біздің өзімізде, яғни жүрегімізде екендігін түсіндіруге болады. Балаларға ақиқат бұл, бала өмірге шыр етіп дүниеге келген соң, оны біріншіден жақсы сөздермен мәпелеп өсіреміз. Оған бар жақсылық пен жамандықты түсіндіре отырып, ұғындырамыз. Баланың өскен сайын тура жол таңдай білуге, алдағы өміріне дұрыс қадам жасай білуі керек. Алдағы жұмбақ өмірі тек қана дұрыс қадам жасап, тура жолда өмір сүруі керек. Ешкімнің ала жібін атамауы керек. Сондықтан да баланың жүрегін тек қана таза кіршіксіз болуы керек. Сонда ғана ол өмірде өз орнын табатын болады.
Сұрақтарға жауап жазады және қатар отырған екі оқушы бір- бірін тексереді.
1. Сағат 9 болса, сағат тілі қандай бұрыш жасайды? Тік бұрыш
2. Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? Бес бұрыш
3. Бұл не?/сызба құралдары/
4. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштың бірі 65° болса, қалған бұрыштары неге тең? 115°,65°,115°
5. Жазыңқы бұрыштың 1/6 -і неге тең? 30°
6. Перпендикуляр сөзі латынның қандай сөзінен алынған? Тік бағыт
7. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?
Тік бұрыш.
1. Ақиқат дегенді қалай түсінесіздер?
2. Шыншыл, әдепті болу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?
3. Өмірімізді шыншыл, адал өткізуіміз үшін, адам неге сүйенеді деп ойлайсыңдар?
4. Балалар ар-ұждан дегенді қалай түсінесіздер? Ар ұжданға сүйеніп амір сүріп жатқан адамның бойынан қандай қасиеттер көрінеді?
Берілген сұрақтар бойынша әр топ А3 параққа жазып, не сызып жауап береді.
1) Тік бұрышты сызғыш немесе транспортирді пайдаланып тік бұрыш сызып көрсетеді;
2) Перпендикуляр түзудің анықтамасын айтады, белгіленуі мен жазылуын көрсетеді ;
3) Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру алгоритмін пайдаланып, сызып көрсетеді;
Ал кәнеки, балалар енді осы жерде адамның түзу жолмен өмір сүру дегенді қалай түсінесіздер?
Адамның бойында біріншіден шыншылдық, яғни тура түзу жолда жүргенде ғана біз шындықты анықтаймыз. Өтірік айтпауымыз керек. Одан түзу жолда жүргенде әділетті болуымыз керек. Ешкімнің ала жібін аттамауымыз керек. Абай атамыз айтқандай:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс, көнсеңіз.
4) Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды көрсетеді.
Техникада, тұрмыста өзара тең төрт бұрыш жасап қиылысатын түзулерге мысалдар келтіреді./суреттер/
Балалар осы жерде төрт құбыласы тең дегенді қалай түсінесіздер?
Төрт құбыласы тең деп отбасындағы тату бірлік болса, отбасы мүшесіндегі бір-бірлеріңізді сыйлай білу, үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету.
Шығармашылық жұмыс:
1-деңгей. Тапсырма 1.
№1087
AB⊥CD, ∠AOE=35°, ∠KOB=20°
Шешуі:
∠EOD=90°-35°=55°
∠KOC=90°-20°=70°
Жауабы: 55°,70°
2- деңгей. Тапсырма 2.
Қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 4 есе артық. Пайда болған бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар
Жауабы:36°,144°
3-деңгей. Тапсырма 3. №1098
∠AOB=90°, ∠AOF=125°, CD⊥EF
Шешуі:
∠AOE=180°-125°=55°
∠FOB=180°-35°=145°
Жауабы: 55°,145°
І топ. а түзуіне түзуден тыс жатқан В нүктесі арқылы перпендикуляр сыз.
ІІ топ. С нүктесінен в түзуіне дейінгі арақашықтықты тап.
ІІІ топ. Бұрыштардың шамасын тап
IV топ. Қандай түзулер перпендикуляр болады?

Кері байланыс
1. Үй тапсырмасы.
1. Тақырып бойынша қайталап оқу
2. 2. № 1099
3. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.
Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, нені үйрендік, өзімізге қандай қажетті мәліметтер алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізбен сезініп, ойымызға сақтап алайық.. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Не үйрендім?
Мен үшін қиын болды...
Мен үшін қызықты...

Мектеп директоры: Төлегенов Б.А.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Абенова Э.К.
Математика пәнінің мұғалімі: Татен М.С. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІНІҢ САБАҚ ЖОСПАРЫ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 566 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar