Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ақылың болса жыр тыңда» -

«Ақылың болса жыр тыңда»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1984 | Размер: | Автор: munira
. Сабақтың тақырыбы: «Ақылың болса жыр тыңда»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыр мен терменің мәнін түсіндіру.Түрлеріне мысал келтіру.Ой-өрісін музыкаға қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: Топпен коллективті.
Сабақтың көрнекілігі: Сырнай,үнтаспа,суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Саламатсыздарма балалар отырыңыздар.
Ендігі кезек балалар бүгінгі жаңа сабағымызға көшейік.
Ең алдымен балалар мен сендерге жыр мен терме деген не екенін түсіндіріп берейін.
- Жыр қазақ поэзиясының көне жанрларының бірі. Жырдың мазмұны мен тақырыбы тұрмыс салтқа,оқиғаға байланысты айтылады.
- Жыр екпінді әуенмен тақпақ терме түрінде және аспаптардың көмегімен топ алдында жеке орындалады.
- Жыр деп оқиғасы ел өмірінен алынған кейіпкерлері ірі әрі көлемді түрде жасалып батырлық немесе ғашықтық мазмұнға құрылған үлкен жырларды айтамыз.
- Жыр қазақ поэзиясында негізінен шумаққа бөлінбей шұбатылып айтылады. Әр жолы 7-8 буын болып келетін өлең түрі.
- Жырлар үшке бөлінеді.
1. Тұрмыс-салт жырлары.
2. Батырлар жыры.
3. Лироэпостық жырлар.
- Балалар,жырды шығаратын адамды жырау, ал оны орындайтын адамды жыршы дейміз.
- Қандай жырауларды білесіңдер?
- Жырауларға Базар,Бұқар, Доспанбет, Шалкиіз т.б
- Ал енді термеге тоқталатын болсақ.
- Терме-үлгі насихат ретінде белгілі бір әуен ырғақпен орындалатын түрі.
- Терменің сазыда әртүрлі болады.
- Терменің екі түрі бар:
1. Кіріспесі бар терме. Мұнда ахау,ей деп басталады.
2. Кіріспесі жоқ терме. Мұнда бірден сөзбен басталып кетеді.
Қазір түсінікті болу үшін екі түрлі терме тыңдатамын. Мұқият тыңдайық. Бұл тыңдаған термелерің Махамбеттің «Мен мен едім» термесі.
- Бұл шығарманы қалай атаймыз?
- Дұрыс, терме. Сонда Махамбет Өтемісұлы әрі ақын, әрі батыр, әрі композитор болған. Яғни музыка өнеріне қосқан үлесі зор.
- Ал осы өлеңі арқылы қандай өнері байқалады.
- Дұрыс. Ақындығы.
- Балалар енді бүгінгі сабағымызға байланысты ән үйренеміз әннің аты: «Домбыраның күмбірі»
- Ән үйренбес бұрын өткен сабағымызда өткен әнге дауысымызды жаттықтырып алайықшы.
1. Әннің сөзін жаттату.
2. Мұғалім орындап көрсетеді.
3. Жол-жолға бөліп оындау
4. Қатарға бөліп айтқызу.
5. Хормен орындау.
Қортындылау: Сұрақ –жауап арқылы. Екі түрлі терме тыңдату арқылы терменің түрлерін ажырату.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Түсінгендерін айту,әнді жаттау.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.