Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бесік жыры» -

«Бесік жыры»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2102 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы : «Бесік жыры»

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырыпты меңгерту ,
қызығушылығын арттыру және әнді
үйрету
Сабақтың міндеттері : «Бесік жыры» әнімен танысу,
мәтінін жаттау

Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу,
методикалық ерекшеліктерін сезіну.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекіліктер : үнтаспа,оқулық,суреттер

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын
таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру

Бесік Жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.


Музыка тыңдау: «Бесік жыры» әнін тыңдау

Қорытынды : Әнді үйрену , мәтінін жаттау,хормен айту.

Бағалау : Үй тапсырмасын орындап, жаңа сабаққа бел-
сене қатысқан оқушыларға баға қою
Үйге тапсырма : Тақырыпты оқып келу,әнді үйрену
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.