Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Дарынды да, дана композитор Нұрғиса Тілендиев» -

«Дарынды да, дана композитор Нұрғиса Тілендиев»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1721 | Размер: | Автор: munira
. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Абай орта мектебі КММ
музыка пәнінің мұғалімі: Нұрсұлтанова Әлемгүл Төлеуқызы

Сабақтың тақырыбы: «Дарынды да, дана композитор Нұрғиса Тілендиев»

Мақсаты:
1. Қазақтың біртуар ұлы Н.Тілендиев шығармашылығына көз жүгіртіп, оның күйлері мен әндерінің өзіндік ерекшелігін ашып, бала санасына ұғындыру.
2. Композитордың табиғи талантына, дарындылығына баға беру.
3. Н.Тілендиевтің шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.
4. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақты қайталау
3. Жан-жақты қайталау
4. Музыка тыңдау
5. Әуенді ойлап табу
6. Сабақты бекіту
7. Қорытындылау
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Кіріктірілген пәндер: сурет, еңбек
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ән айту
Сабақтың көрнекілігі: слайд, домбыра, Н.Тілендиевтің кітаптары
І. Ұйымдастыру кезеңі «Ата толғауы» күйімен ашу
Сабақтың барысы: Балалар, біз өткен сабақтарда Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасымен танысқан болатынбыз. Елімізде кәсіби вокалдық музыка ән романс жанрынан бастау алды.
- Ал енді «романс» дегеніміз не?
- «Романс» дегеніміз испан ақсүйек қауымының поэтикалық лирикалық әні.
- Ал, Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторлар кімдер?
- А.Жұбанов, Е. Брусиловсский, Л.Хамиди, М.Төлебаев және т.б.
- Ал осы кісілердің өнерін жалғастырып, оның әрі қарай дамуына өз үлестерін қосқан қандай композиторларды білесіңдер?
- Б.Жұманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Еспаев, Ш.Қалдаяқов
Біздің бүгінгі сабағымыз жан дүниесі ән мен күйге толы қазағымыздың біртуар талантты ұлы, асқан шебер домырашы Н.Тілендиев туралы болмақ.
1. Композитордың туып-өскен жерін кім айтып береді?
(оқушы жауабы)
2. Композитор қанша ән, муызка жазған?
(оқушы жауабы)
3. Қандай атақ, дәрежелері бар?
(оқушы жауабы)
4. Оның білімі мен атқарған жұмыстары жайлы кім айтады?
(оқушы жауабы)
5. Ол туралы қандай пікірлер айтылды?
(оқушы жауабы)
Н.Тілендиевтің күйлерін естігенде адамның жан дүниесін тебірентпей қоймайды. Ал, қазір атамыздың сол бір керемет күйлерінің бірін тыңдаймыз.
Музыка тыңдау. «Аққу» күйі.
- Күй қалай орындалды?
- Қуанышты ма, мұңды ма?
Балалар жауабы.
«Аққу» күйінің шығу тарихын айтып беру.
Балалар біздің ата –бабаларымыз бұл киелі құстың адалдығын, пәктігін, әнмен, күймен жеткізіп қана қоймай қазақ халқы аққу құстың әдемілігін, сұлулығын ұлттық өнердің бір түрі ою-өрнекке қосып шыңдай түкен. Аққу бейнесі есімізде қалу үшін, күйден алған әсерімізді осы ою-өрнек арқылы бейнелейміз. (Аққу бейнесін салып, ою ою).
«Қыз Жібек» фильмін түсіру кезінде аса бір қиындықтар туындайды. Сол кезде «Аққу» күйі аққуларды көлге шақыруға үлкен әсер еткен екен. Күйді ойнаған кезде аққулар көлге жақындаған екен.
Композитордың күйлерімен қатар біз көптеген әндерін де айтып жаттаған болатынбыз.
- Қандай әндерін білеміз? (оқушы жауабы)
Олай болса «Әуенді тап» ойынын ойнап жіберейік.
1. Әже туралы ән.
2. Әке туралы ән.
3. Куә бол.
4. Ақ құсым.
5. Құстар қайтып барады.
6. Аралдағы жеңеше – ай.
7. Алатау.
8. Саржайлауым.
9. Өз елім.
Болғаннан кейін жанындағы оқушымен ауысып бір бірін тексереді.
Үйге берілген тапсырма бойынша әнге немесе күйге эссе жазу,сурет салу.
«Көш керуен» күйіне сурет салу. Олай болса жазғандарын оқытып, суреттерін тексеру.
Доп лақтыру арқылы композитордың өмірі мен шығармашылығынан бір біріне сұрақ қою.
«Өз елім» әнін айтып сабақты аяқтау.
Үй тапсырмасы: композитордың әндерін қайталау.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.