Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру» -

«Домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 421 | Просмотров: 1538 | Размер: 188.3 Kb | Автор: munira
. №1 Балалар музыка мектебі

Бекітемін:
Мектеп директоры:
_________Дарибаева Т.Б

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру»

Домбыра оқытушысы:
Тұрғанбаев Нұрбек Қырымқұлұлы
6 класс оқушысы Хайролла Аян



Ақтөбе – 2014жыл
Тақырыбы: «Домбырашының орындаушылық шеберлігін жетілдіру»
Сабақтың мақсаты: домбыраның негізгі ойнау тәсілдерін меңгерген талапкердің орындаушылық шеберлігін одан әрі жетілдіре түсу үшін күрделірек қағыс түрлерін, әдіс-амалдарды, ерекшеліктерді үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыны халқының күйлеріне деген сүйіспеншілігін артыра отырып, жоғары орындаушылық дәрежеге жету.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: қағыс түрлері, аппликатуралық ерекшеліктер көрсетілген ноталық мысалдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қол жүргізуге арналған гамма, арпеджио жаттығулар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Сергіту сәті.
5. Жаңа шығарма талдау.
6. Қорытындылау.
7. Үйге тапсырма. Бағалау.
Кейбір күрделі қағыстар мен штрихтар.
1. Ілме қағыс. Сұқ саусақпен төмен, бармақ және сұқ саусақпен жоғары қағылатын қағыс ілме қағыс.( ) деп аталады.



2. АППЛИКАТУРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР.
Кварта интервалын 3ші және 4 ші саусақтарын қатар басу.


3. Ішекті саусақпен іліп тарту әдісі:
А) қағыстан кейін алу;



ә) қағыссыз алу.



4. Астыңғы ішектен үстіңгі ішекке лига арқылы алмасу әдісі:

5. Мелизмдер. Әуен сазын әшекейлеу, құлпырту меллизмдер (музыкалық өрнектер) деп аталады. Музыкалық өрнектерге форшлаг, группетто, мордент, трель, флажолеттер жатады.
Форшлаг (нем-соққы алдында) негізгі дыбыстан бұрын жазылып соның есебінде орындалады.

Нахшлаг (нем-соққыдан соң) негізгі дыбыстан кейін жазылып, соның есебінде орындалатын өрнек.

Қорытындылау.
Күрделі қағыстарды, әдіс – амалдарды қолдана отырып, шығарма күйлерді өз бетінше ойнау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Сүгірдің күйі «Шалқыма», Қазанғаптың күйі «Дөңгелек Ақжелең» жай екпінде ойнау.
Қолданылған әдебиеттер: А.Жайымов «Домбыра үйрену мектебі», А.Тоқтағанов «Күй керуені».
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.