Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ең үлкен музыка аспабы-орган -

Ең үлкен музыка аспабы-орган

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6888 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы : Ең үлкен музыка аспабы-орган

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орган аспабымен
таныстыру, музыканың мән мағынасы
Дамытушылық : Оқушылардың музыкаға деген қызығу-
шылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мәні : Оқушыларды аспапты
музыка арқылы тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Оқулық, үнтаспа,суреттер

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Орган (грек. огgаnоn – құрал, аспап) – үрмелі клавишті музыкалық аспап. Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет, Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органның 1 – 7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Бах, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, Й.Гайдн, И.Брамс, Д.Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған. [1] Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылды

Қорытындылау: Аспапты музыкадағы ерекшеліктерді
атап көрсету.
Бағалау : Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты
оқудағы белсендіктерін атап өту.
Үйге тапсырма : Жаңа тақырыпты оқу, рефераттар жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.