Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Филармония өнер шаңырағы -

Филармония өнер шаңырағы

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2586 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы : Филармония өнер шаңырағы
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды өнер ордасы
филармониямен таныстыру
Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізе
білу қабілеттерін дамыту .
Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін бірі тыңдай білуге ,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер , үнтаспа .

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең .
Қазақ Мемлекеттік Филармониясы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме. 1935 жылы құрылған. Оның негізін қалаушы және көркемдік жетек. А.Жұбанов болды. Филармония құрамына сол кезде Қазақ ОАК атындағы ұлттық оркестр (1939 жылы Мемлекеттік хор капелласы болып қайта құрылған) деп аталатын домбыра оркестрі, [[[ұлттық хор]], би ансамблі және әншілер мен халық аспаптар оркестрінің үлкен тобы, Б.Лебедев құрған ішекті аспаптар квартеті мен Жетісу қазақ-орыстарының ән-би ансамблі кірді. 1938 жылы Ж.Жабаевтың есімі берілді. 1939 жылы филармония жанынан М.М. Иванов-Соколовский және Л.М. Шаргородскийдің жетекшілігімен симфониялық оркестр құрылды. 1944 жылы қазақ ұлт-аспаптар оркестріне Құрманғазы есімі берілді. Қазақ филармониясы отандық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын, қазақ композиторларының туындыларын, халық музыкалық фольклорын, кеңестік композиторлар шығармаларын кәсіби жоғары деңгейде насихаттап келеді. Филармония көктемгі музыкалық “Жігер” фестивалін, “Балалардың музыка апталығын”, әңгіме-концерттердің абонементтік топтамасын, ұлттық және симфониялық музкалық концерттерін өткізді.[1] 70 – 80-жылдары Ж.Әубәкірова, А.Мұсақожаева, Г.Мырзабекова, Г.Молдакәрімова сияқты халықаралық байқаулардың лауреаттары сахнаға шықты. Қазақ филармониясының құрамында хор капелласы (жетек. ҚР еңбек сіңірген қайраткер Б.Демеуов), “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық академиялық оркестр (жетекші ҚР еңбек сіңірген артист К.Ахметов), республикалық камералық “Солистер академиясы” оркестрі (жетекші ҚР еңбек сіңгірген артист А.Мұсақожаева), Мемлекеттік ішекті квартет, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр (жетекші ҚР халық артист Т.Әбдірашев) және әншілер тобы кірген.[2] Бүгінгі күндері Филармонияны оның бас директоры Аян Сұлтанғалиев басқарады.

Музыка тыңдайық! Римский-Корсаковтың «Салтан патша туралы» атты ертегі операсынан «Араның ұшуы».

Үйге тапсырма:
Бағалау : Баға қою .

Қортындылау :
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.