Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
Кел, күлейік!  « Қуыршақ театры » -

Кел, күлейік! « Қуыршақ театры »

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1645 | Размер: | Автор: Нартай4540

ПОСМОТРЕТЬ ВИДЕО-УРОК Кел, күлейік! « Қуыршақ театры »

Панель 1
Панель 2
№ 7 « Балдырған »
балалар бақшасы

Кел, күлейік!

« Қуыршақ театры »

Қуыршақ театры жетекшісі:
Марат Роза

Әйтеке би кенті
Ханша: - Алдар аға, бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыз ғой. Бүгінгі той - думанымызды жалғастырып, балалармен бірге біздің Күлмес ханшамыз ойынға шықса қалай болады?

Алдар көсенің ойындары:

« Ал, алма! ». ( Күлмес ханшамен )
« Есекпен жарыс » ( балалармен )
« Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын »
( тәрбиешілермен )

Ханша: - Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де апайлар! Біздің Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!

Хан: - Ертең тағы келіңіздер, біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Әуен сазымен екі уәзір шығады:

Уәзір: Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында
керемет ерекше кеш болмақшы. Күлмес ханшаға арналған ән мен би, ойындар ұйымдастырылмақшы. Кімде кім Күлмес ханшаны күлдірсе Ханның дайындаған сыйлығына ие болады.

Батырлар биі орындалады.

Хан: - Тыңдаңыздар! Бүгінде менің сараймда ойын-сауық өткізіп тойлаңыздар, өнерлеріңізді көрсетіп сыйлық алыңыздар!

Ханша: - Көтеріңкі көңіл –күй,
Сыйлаңыздар әрине.
Той-думанда барлық үй,
Ат салыссын баріне.

Өлең айтып, би – биле,
Ойын ойнап көңілді.
Әзіл айтып тамаша,
Өткізейік бүгінді.

Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :
- Бізге қонаққа сонау бір алыс шахардан Тазша бала келіпті, өзінің осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен, қабыл алыңыздар.
Тазша бала : « Өтірік өлең » орындайды

Ханша: - Рахмет, Тазша бала! Біздің тойдың төрінен
орын ал, төрлетіңіз.
( Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып )

Хан: - Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді кім
бар екен.

Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :
- Хан ием көрші ауылдағы Қаңбақ шал кемпірімен келіпті, көрсететін өнерлері бар екен.

Қаңбақ шал мен кемпірі: « Мазақтама » әнін
орындайды.

Ханша: - Төрлетіңіздер! Біздің тойдың құрметті
қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен ?

( Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді )

Хабаршы: - Келесі қонағымыз дарияның арғы бетінен
келген Мақта қыз бен мысық, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар:

Мақта қыз бен мысық: « Көңілді би » орындайды.

Ханша: - Қайтеміз, жоғары шығып, төрлетіңіздер!
Хан: - Енді қайтеміз шынымен де ешкімнің
қолынан келмегені ме, бүгінде ешқандай әсері болмады ма ?!

Ханша: - Енді кім бар хабаршы, алде болды ма?

Хабаршы: - Жоқ, Хан ием! Тек бір аты шулы Алдар
көсе келіп тұр, қабылдайсыз ба?

Хан: - Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін бір септігі
тиер.

( Осы кезде Алдардың әуені ойналып, ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді де, Ханның алданғанына Күлмес ханша әбден күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таң болып Алдарды кешіреді )

Ханша: - Хан ием, сен алданып қалғаныңмен қызыңа Алдардың септігі тиіп жүзіне күлкі үйрілді ғой, сен оған ашуланба! Оны шақыртып тойымыздың қонағы етіңіз, дайындаған сыйымызды берейік!

Хан: - Хабаршы Алдарды алдырыңдар мен кешірдім! Келсін менің дайындаған сыйымды алсын!

Алдар келіп ханның сыйлығын алады.

Алдар: - Байеке, рұқсат етсеңіз мен келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрап көрсем қалай болады?

Хан: - Бүгін сен не айтсаң бәріде орындалады! Қалағаның болсын!

Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.