Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Хор капелласының концерті -

Хор капелласының концерті

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1871 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Хор капелласының концерті
Мақсаты: Хор капелласы туралы мағлұмат беру.
Музыканы түсінуге баулу,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хор капелласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хор капелласы – концерттік өнер ұжымы. Капелла Мемлекеттік филармонияның жанынан 1935 жылы құрылған. Алғашында Д.Д. Мацуцин басқарған аралас хор ретінде ұйымдастырылды. 1939 жылы хор үкімет қаулысымен Қазақ Мемлекет хор капелласы болып қайта құрылды. Қазақ хор өнерінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде капелланы Б.Лебедев, Б.Орлов, Б.Байқадамов, Г.Виноградов сынды музкалық мамандары басқарды. 1959 – 91 жылы капелланың көркемдік жетек. КСРО халық арт., профессор А.Молодов болды. Капелла Қазақстан композиторларының шығармаларын орындайды. Капелланың репертуарында әлем халықтарының 20 тілінде орындалатын шығармалар бар. КСРО өнер ұжымдары байқауларының лауреаты (1968, 1970). ҚазКСР-інің еңб. сің. ұжымы атағын алған (1967).
Абай әндері капелланың аспап сүйемелінсіз айтылатын хорына лайықталып өңделді, ақын өлеңдеріне композиторлар: Д. Д. Мацуцин «Айттым сәлем, қалам қас» (1938), Л. А. Хамиди «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1939, 1968), Қ. Қожамияров «Сегіз аяқ» (1951), В. Г. Соколов «Көзімнің қарасы» (1953), С. Мұхамеджанов «Желсіз түнде жарық ай» (1972), «Жыл мезгілдері» (кантата, 1975), Ғ. Жұбанова «Татьяна әні» ораториясында (1982)жеке әнші мен хор симф. оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (1974), «Татьянаның хаты» телефильміндегі жеке әнші мен хор орындайтын «Желсіз түнде жарық ай» (1976) әндерін жазды. Абай әндері мен оның өлеңдеріне жазылған муз. шығармалар X. к-ның репертуарынан тұрақты орын алып, Москва, Ленинград, Ереван, Ташкент, Киев, Минск, Грозный, Орджоникидзе, Одесса, Севастополь қ-лары сахналарында орындалды.

Бағалау:
Қорытындылау:
Үйге тапсырма:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.