Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кино және музыка -

Кино және музыка

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6214 | Размер: | Автор: Нартай4540
. МУЗЫКА 3-сынып

Сабақтың тақырыбы : Кино және музыка

Сабақтың мақсаты: Тақырыпты меңгерту.Оқушылардың
қызығушылығын арттыру

Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін
дамыту, музыка иірімдерін дұрыс ести білу
музыканы аспапта ойнауға үйрену.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық, үнтаспа

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Киномузыка, кино музыкасы – кино өнерінің құрамдас бөлігі, негізгі бейнелеу құралдарының бірі. Алғашқы кезде музыка кинематографияда жалаң, қосалқы міндет атқарды. Пианист жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана тынады. Дегенмен сол кездің өзінде әр фильм үшін жеке музыка жазуға әрекет жасалды [1908 жылы “Герцог Гизаның өлімі” атты фильмге Киномузыка Сен-Санс (1835 – 1921) жазған музыка, т.б.]. Дыбыс жаңғыртқыш аппараттың шығуына байланысты (1920 жылы соңы – 1930 жылы басы) әр фильм жеке фонограммаға ие болды. Осы кезеңдегі Киномузыканың таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильмдерінен көрініс тапты. Фильм музыкасы дыбысты киноның тууынан бастап кадр ішіндегі Киномузыка (кадрда көрсетілген музыкалық аспаптың, әншінің, радионың, т.б. музыка орындауы) және кадр сыртындағы Киномузыка (фильм идеясын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын, сюжет астарын жеткізетін Киномузыка) болып бөлінді. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап фильмдегі кейіпкерлерге музикалық сипаттама беру, көбінесе, қарапайым да тұжырымды, көкейге қонымды әндер арқылы жүзеге асты. Киномузиканың бұл саладағы классик. үлгілерін орыс композиторы И.О. Дунаевский (“Көңілді балалар”, 1934; “Цирк”, 1936, т.б.) жасады. Фильмді көркемдеудегі ән дәстүрін ағайынды Т.Н. Хренников, Н.В. Богословский, А.Я. Эшпай, А.Н. Пахмутова дамытты. Сондай-ақ, Д.Д. Шостакович, С.С. Прокофьев, Ю.А. Шапорин сияқты композиторлар да Киномузыканы дамытуға зор үлес қосты. Қазіргі кинематография фильмде музыкалық тұжырымдаманың болғанын талап етеді. Ол кадр сыртындағы және кадр ішіндегі Киномузыканы адам мінезінің сыр-сипатына терең бойлар әдіс ретінде қолданады. Киномузыканы экранда бейнелеген кейіпкер сезімі мен көңіл-күйін айқын көрсету мақсатында жарыстыра қолданумен бірге, қарама-қайшы мәнде де пайдалану барған сайын өріс алып келеді. Музыка мен бейнені қарама-қайшы салыстыра отырып көрсету оқиға драматизмін ширата түседі (мысалы, “Адам тағдыры” фильміндегі “О донна Клара” тангосы). Композиторлар, әншілер, музыканттар туралы түсірілген музыкалы фильмдерде музыка өте маңызды орын алады. Бұл фильмдерде ол не белгілі драматургиялық қызмет атқарады (егер музыкалық шығарманың тууы жайлы болса), не картинаға қосымша нөмер ретінде енгізіледі. 20 ғасырдың 60-жылдары Францияда киноопераның тың, соны жанрын жасауға әрекеттер (“Шербур қолшатырлары”, 1964, режиссер Д.Деми, композиторы М.Легран) жасалды. Мультипликациялық, деректі және ғылыми-көпшілік фильмдер міндетті түрде музыкамен сүйемелденеді. Мультипликациялық киноларды музыкамен сындастырудың өзіндік заңдары қалыптасты. Олардың ішінде, әсіресе, кең тарағаны музыка мен бейненің жарыса қолданылуы (әуен экрандағы іс-әрекетті нақпа-нақ қайталап отырады). Бұл салада америкалық кинорежиссер У.Диснейдің фильмдері елеулі табысқа жетті. Қазіргі киноматографияда фильмнің басқа да құрамдас бөліктерімен қатар тұратын Киномузыка, негізінен, киношығарманың мәнін ашар кілтіне айналды. Қазақстанда Киномузыканың пайда болуы қазақ кино өнерінің тарихымен тығыз байланысты. Алғаш Киномузыкаға қалам тартқандар: А.Жұбанов (“Амангелді”, 1938; М.Гнесинмен бірге), Л.Хамиди (“Абай әні”, 1945), Е.Г. Брусиловский (“Дала қызы”, 1954), А.В. Зацепин (“Біздің сүйікті дәрігер”, 1958), С.Мұхамеджанов (“Жол айырығы”, 1962), Ғ.Жұбанова (“Ән қанаты”, 1966), Н.Тілендиев (“Қыз Жібек”, 1972). “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” (1967), “Ақсақ құлан” (1968) сияқты мультипликациялық фильмдерде Киномузыка сәтті қолданылды

Қорытындылау : Сабақты сұрақ қою арқылы бекіту
Бағалау : Белсенді оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:

Үйге тапсырма
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.