Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Концерт залымен танысайық -

Концерт залымен танысайық

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2556 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Концерт залымен танысайық

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» ,(тәртіп,ереже сөздері мәнін) адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- театрдың өзіне тән ережесімен танысу;
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, суреттер .
Жаңа сабақ:

«Қазақстан» орталық концерт залы – итальяндық сәулетші Манфреди Николеттидің жүзеге асқан идеясы Залдың акустикалық мүмкіндіктерін де ерекше атап көрсету қажет: қабырға геометриясының және оны қаптап жатқан материал өзгерісінің, оркестрдің жоғары жағында орналасқан қозғалмалы рефлекторлардың арқасында акустикалық және стенографиялық талаптары мүлдем басқа болып келетін спектакльдерді, симфониялық және камералық музыка концерттерін, опера қойылымдарын, балет, кинокөрсетілімдерді, сонымен қатар саяси шаралар – съездер, конгрестер өткізуге мүмкіндік бар. Құрылым екі үлкен жеке қабықшадан тұрады: концерт залы және оны сыртынан жауып тұрған Пьяцца-Фойе және оны қоршай орналасқан қоғамдық құрылымдардан және Аудиториум қызметін атқаратын 3500 орынға арналған залдан тұрады. Пьяцца-Фойеде сонымен қатар 300 және 200 орындарға арналған залдар, мейрамхана, билет кассалары, гардероб және бутиктер бар.
Ғимараттың музыкалық қабықшасы да ерекше. Ол екі мәселені шешеді, біріншіден, ғимаратты суық табиғи-климаттық жағдайлардан қорғайды, екіншіден қоршаған ортаның шуынан қорғайды (ұшақтар, көлік), нәтижесінде акустиканың талап етілетін сапасын қамтамасыз етеді. Оркестрге арналған сахнаның бір бөлігі, «оркестр шұңқырын» жасау мақсатында немесе балет, спектакль, қазіргі заманғы театрлық қойылымдар қою үшін төмен түсіріледі. Хорға арналған трибуна, сахнаны кеңейту үшін немесе өте маңызды қонақтарды орналастыру үшін потенциалды түрде төмен түсіріле алады. Сонымен қатар кинокөрсетілімдер үшін үлкен көмкеретін перде түсіріледі. Спектакльдердің түрлі талаптарына байланысты акустикалық пайдаланушылық сипаттамаларын келтіру үшін әр түрлі механизмдердің арқасында бүйір қабырғаларындағы акустикалық жұтылуды ұлғайтуға болады. Сонымен қатар акустиканы жақсартуда маңызды рөл атқаратын ілмелі төбе сахнаның жоғарғы бөлігінде кратер формасын алады.
Бұл ғимараттың фойесі де құрылымы бойынша ерекше. Ол бет перделермен қапталып, мөлдірлік пен аспан әсерін қалыптастырады. Үстінде ерекше әсерді қалыптастыруға арналған арнайы жарық құралдары орналасқан. Республиканың ең үлкен залының сахнасында Қазақстан өнер шеберлерімен қатар әлемдік музыка жұлдыздары өнер көрсетуде. Сонымен қатар жаңа мәдени орталықта конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізіліп тұрады.
Бағалау:
Қорытындылау:
Үйге тапсырма:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.