Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Музыкадағы  динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер» -

«Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 297 | Просмотров: 3112 | Размер: 125.8 Kb | Автор: munira
. «Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететін белгілер»
Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің
Домбыра сыныбының мұғалімі
Маденова Ақерке Орынбасаровна
Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы
Пән аты : Оркестр
Сыныбы : 3
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : Динамикалық күш ерекшеліктерін айырып, шығармада қолдана білу.
Тәрбиелігі : Оқушылардың халық музыка аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, қазақ музыка өнерін құрметтеуге, адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы : Оқушылардың саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын, тыңдау, қиялдау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: а) теориялық
б) практикалық
Сабаққа қажетті көрнекіліктер : сазды аспаптар, плакаттар, карточкалар .
Сабақ жоспары :
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
а) теориялық
б) практикалық
4. Сергіту сәті
5. Қорытындылау
6. Үй тапсырмасы
7. Бағалау

Сабақтың жүрісі
1.Ұйымдастыру
Журнал бойынша оқушыларды түгендеу, оқу құралын тексеру.
2.Үй тапсырмасы
«Кеңес» күйінің оқушылармен анализ жасап, күйді соңына дейін толық ойнату. Қателерімен жұмыс жасау.
3. Жаңа сабақ
а) теориялық
Динамика (гр:dinamikos - күшейту) – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.(плакатпен жұмыс жасау)

Айтылуы жазылуы мағынасы
Форте F Қатты,күшті
Пиано p Ақырын,жәй
Меццо-форте mf Орташа күшпен
Меццо-пиано mp Ақырын
Фортиссимо ff Өте күшті,қатты
Пианиссимо pp Өте ақырын,жәй
Крещендо Бірте-бірте күшейте
Деминуэндо Бірте-бірте жайлата

б)практикалық
Жаңадан шығарылған Х.Тастановтың «Би» күйін талдап,динамикалық белгілерді қолданып көреміз. Күй ¾ өлшемінде жазылған. Екпіні – жылдам,көңілді.
Күйдің 1-цифрға дейінгі 4 тактісін пайдалана отырып f , p , , белгілерін түсіндіру,аспапта ойнату керек. Аспапта динамикалық белгілерді қолдануды оқушы түсінгенде күйді ары қарай динамикалық белгілерін қолдана отырып ойнау керек.

4.Сергіту сәті.
«Бұл қай аспап» ойынын қолданамын. Әр аспапқа байланысты жұмбақтар жасырамын.Жауапты тапқан оқушы сол аспапты көрсетіп , таныстырады.

Жұмбақтар:
Сызылған үні , сүйкімді тілі ,
Үрлесең ойнайтын,аспаптың түрі (Сыбызғы) Жан дүниеңді тербетеді толқытып,
Бұл аспаптың естігенде саз үнін
Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап
Бұл әрине,қасиетті ........(қобызым)
Тілшікті аспап,қобыздай асқақ,
Ерекше үні бар,бұл қай аспап(Шаңқобыз) Саз әлемін тербетер, ойыңды да сергітер
Домбыраға ұқсайтын,қызық аспап(шертер)
Екі ішекке бір тиекті қондыра
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра
Білсең егер айтыңдаршы балалар
Бұл қай аспап?Бұл әрине.......(Домбыра) Әуені қандай тамаша
Таң қалдырар бар жанды-ай
Табиғаттың сазындай
Ғажайып аспап .........(сазсырнай)
Асықтары шашылады бетінен,
Түзетеміз асықтарды шетінен
Білсең егер айтыңдаршы балалар
Бұл қай аспап?Бұл әрине .......(Жетіген) Ұрасың оны,соғасың
Жиналып мұнда қаласың
Естіледі жаңғыра
Ғажайып аспап ........(даңғыра)

5. Қорытындылау
Динамикалық белгілер туралы балалардан қысқаша сұрап, сабақ қорытындылауға көшемін. Сабақты қорытындылау үшін «Сөздерді құрастыр» ойынын пайдаланамын. Оқушыларды екі топқа бөліп,шашырап жатқан әріптерден сөз құрастыру керек. Шыққан сөзге мағлұмат берулері керек. Әріптерді құрастырғанда бір топқа «оркестр», екінші топқа «динамика» сөздері шығады.
Топтар мына сұрақтарға бір-бірін толықтыра отырып жауап беру керек.
1. «Оркестр» деген сөзді түсіндір. Оған енетін аспаптарды ата.
2. «Динамика» деген не? Динамикалық белгілерді ата.
Осылайша өткен тақырып та, жаңа тақырып та сұралады.
6. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу.Динамикалық белгілерді жаттау. «Кеңес» күйін динамикалық белгілерін сақтай отырып ойнап келу. «Би» күйін нота бойынша ойнау.
7.Бағалау
Оқушы белсенділігіне,білімділігіне, тапқырлығына қарай бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.