Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Музыкалық  аңыз әлеміне саяхат Сабақтың  тақырыбы:  Музыка сөйлейді. -

Музыкалық аңыз әлеміне саяхат Сабақтың тақырыбы: Музыка сөйлейді.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2928 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тоқсандық тақырыбы: Музыкалық аңыз әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Музыка сөйлейді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні : Оқушыларға музыка мен сөз өнерінің байланысын жеткізе білу.
Дамытушылығы: Музыканың әуені мен сөзін естей отырып, сөзін анық айта білуге үйрету Тәрбиелік мәні : мәнерңне келтіріп, әдемі сөйлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , сурет,әдеп.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақты түсіндіру .
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
«Әліппе»әнінің сөзін сұрау.
Жаңа сабақ:
Балалар, біздер Музыка әлемі музыкалық және шулы дыбыстардан тұратынын білдік. Шулы дыбыстарға табиғи құбылыстар, машинаның гүрілі т.б дыбыстар жатады. Музыка әлемінде басты мамандық –композитор. Композитор музыка шығарады. Әннің сөзін ақын шығарады.Ал біз музыканы тыңдаймыз, орындаймыз.Әнді сен әннің әуенімен тыңдасаң, не туралы екенін білмейсің.Әннің мазмұнын сөзі арқылы білесің.
Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.
Әрбір сөз әріптерден құралса, әуен музыкалық дыбыстардан құралады. Сондықтан әннің сөзін анық, дұрыс айта білуіміз керек.

Ән үйрену: «Төлдер әні».
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің ,
Қай өрістен тойдың?
Ботақаны нардың,
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп
Секіре алмай қалдың?

Сергіту: Суреттегі жануарларды атап, дыбыстарын салу.

Қорытындылау:

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

2. Сөз неден құралады?

3.Әуен неден құралады?

Үйге тапсырма. Әннің сөзін жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.