Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Музыкалық  жанрлар жайлы түсінік:ән,би,марш -

Музыкалық жанрлар жайлы түсінік:ән,би,марш

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 8282 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Музыка 1-сынып

Сабақтың тақырыбы : Музыкалық жанрлар жайлы түсінік:ән,би,марш

Сабақтың мақсаты : Оқушыларды музыкалық жанрлармен таныс-
тыру, музыкалық танымдарын дамыту
Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын жеткізу қабілеттерін
арттыру
Тәрбиелік мәні : Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық, суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы: Ұйымдастырушылық кезең

Ән — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы тағы басқа болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Қазақстанның кәсіпқой композиторларының әндеріне өмірдегі сан-алуан тақырып арқау болған. Отандық ән жанрының дамуына Абай, Ақан сері, Мұхит, Біржан, Балуан шолақ, Үкілі Ыбырай, К. Әзірбаев, Н. Бекежанов, Л. Хамиди, Б. Байқадамов, С. Мұхамеджанов, С. Кәрімбаев,Ә. Еспаев, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Ш. Қалдаяқов, Ә. Бейсеуов, М. Маңғытаев,Т. Базарбаев, Е. Хасанғалиев т.б. елеулі үлес қосқан.
Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.
Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді.
Марш (фр. marche, marsch, итал. marcіa) — әуен-ырғағы, өлшемі жігерлі муз. шығарма (жанр). М-тың өлшемі 2/4, 4/4 және 6/8. Әскери М., жорық М-ы, парад М-ы, жерлеу немесе қаралы М. болып бөлінеді. Сонымен қатар М. жанры опералық симф., фортепьянолық, аспаптық музыкада, балет пен театр музыкасында да кездеседі. Қазақстанда М. жанрының тууы Құрманғазының есімімен (“Перовский марш” күйі) байланысты. Қазақстан композиторлары А.В. Затаевич “Қазақ маршы” (1925), Р.Елебаев “Жолдастар” (1930), Л.Хамиди “Қызыл әскерлер жыры” (1939), М.Төлебаев“Шахтер әні” (1947), т.б. Марштық шығармалар жазды. Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” әні — көпшіліктің сүйіп айтатын мемлекеттік әнұран

Музыка тыңдау: «ән,би,марш»

Қорытындылау : Жаңа сабақты сұрақтар арқылы бекіту

Бағалау : Оқушыларға тиісті бағаларын қою

Үйге тапсырма : Тақырыпты оқу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.