Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үрмелі аспаптар оркестрі -

Үрмелі аспаптар оркестрі

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3728 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі
Мақсаты:
1. Білімділігі: Үрмелі аспаптар туралы түсінік беру
2. Дамытушылығы: Балалардың шығармашылық қасиеттерін тыңдап, ой – өрісін кеңейту, музыкалық, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Халқымыздың әдет – ғұрпын сақтауға, адамгершілікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер,плакаттар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі, өнер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Білімді жан – жақты тексеру
IV. Жаңа сабақ
V. Ән үйрету
VI. Білімді бекіту
VII. Қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма
IX. Бағалау (сұрақтарға толық жауап берген балаға бүтін нота, жартылай жауапқа жартылық нота беріліп отырады және сол арқылы сабақ соңында бағаланады).

Үрмелі музыка аспаптары - дыбысы үрлеу арқылы шығарылатын музыкалық аспаптар. Үрмелі музыкалық аспаптарының көне түрлері ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасалған. Олардың жетілдірілген түрлері үрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінде, кейбір түрлері симфониялық және халық аспаптар оркестрінде қолданылады. Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптарының түрлері (сыбызғы, саз сырнай, тастауық, бұғышақ камыс сьірнай, мүйіз сырнай. керпей) көп болған
Қазақ халқының үрлемелі музыкалық аспаптар
Қазақ халқында Үрлемелі музыкалық аспаптарның түрлері (сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, бұғышақ, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, керней) көп болған; олар қазіргі “Отырар сазы” оркестрінде, т.б. музыкалық ұжымдарда кеңінен қолданылады.
Ағаштан Үрлемелі музыкалық аспаптар
Негізінен ағаштан (гобой, кларнет, флейта, т.б.) жасалған үрлемелі музыкалық аспаптар болып бөлінеді.



Жезден жасалған үрлемелі музыкалық аспаптар
Негізінен жезден (валторна, тромбон, труба, т.б.) жасалған үрлемелі музыкалық аспаптар болып бөлінеді. Олардың жетілдірілген түрлері (труба, тромбон, кларнет, саксофон, т.б.) үрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінде, кейбір түрлері симфониялық және халық аспаптар оркестрінде қолданылады.[2]
Үрмелі аспаптар оркестрі
Үрлемелі оркестр 2001 жылы құрылды. Оркестрдің алғашқы шығуы (тұсаукесері) 2001 жылдың 10 желтоқсан күні К.Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Оркестрдің құрылған күніне бастап оркестрдің көркемдік жетекшісі мен бас дирижері «Мәдениет қайраткері» Әкім Мұхатжанов болып табылады. Дирижерлары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков, Республикалық және халықаралық байқауларының лауреаты Талғат Бердығұлов.
Жұмыстың осы кезеңіне дейін оркестр 200-ден астам концерттік іс-шараларды өткізді. Ұжымның репертуары кең және көп қырлы, оркестр қазақстандық, ресейлік және шетел композиторларының шығармаларын орындайды. Жарық және тартымды жобалардың бірі «Дирижерлар шеруі» атауымен жүзеге асырылған бірқатар концерттер болып табылады. Оркестр ресми қабылдау, түрлі елдердің өкілдері мен қонақтарын қарсы алуымен байланысты қалалық және республикалық іс-шараларда қатысады. 2009 жылы үрлемелі оркестрдің құрамынан жас жеке орындаушылар Алматы қаласында жас орындаушыларының халықаралық байқауында лауреаттық пен Гран-при жүлдесіне ие болады.

Қорытындылау:

Үйге тапсырма:

Бағалау :
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.