Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сол қол саусақтарының аймақаралық ерекшеліктері. -

Сол қол саусақтарының аймақаралық ерекшеліктері.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1963 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сол қол саусақтарының аймақаралық ерекшеліктері.
Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің
Домбыра сыныбының мұғалімі
Маденова Ақерке Орынбасаровна
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Пән аты : Оркестр
Сыныбы : 4
Сабақтың тақырыбы: Сол қол саусақтарының аймақаралық ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: сол қол саусақтарының аймақ аралық ерекшеліктерін айырып, шығармада қолдана білу.
2. Тәрбиелік:
Оқушылардың халық музыкасы аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, қазақ музыкасы өнерін құрметтеуге, адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы:
Оқушылардың саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын шыңдау, қиялдау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: топтық сабақ.
Сабақтың әдісі:
а) теориялық
б) практикалық
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
сазды аспаптар, плакаттар, карточкалар.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
а) теориялық
б) практикалық
4. Сергіту сәті
5. Қорытындылау
6. Үй тапсырмасы
7. Бағалау
Сабақтың жүрісі
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды және оқу құралдарын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Қолбасшы» күйіне анализ жасатып, соңына дейін ойнату. Қателермен жұмыс жасау.
3. Жаңа сабақ:
Тақырыбы: «Сол қол саусақтарының аймақаралық ерекшеліктері»
а) теориялық
Күйдің көркем әуезді болуы оң қолдың қағысы мен сол қолдың саусақ кестесінің жарасымына байланысты. Ал енді шығарма, күйлердің табиғатын құрап тұрған екі негізгі деңгек – сол қолдың саусақ кестесі жайлы. Алайда музыкалық салаға бармас бұрын біз халықтың ауызекі тілінде саусақтың байырғы атауларына келейік.
1-саусақ Бас бармақ
2-саусақ Балалы үйрек
3-саусақ Ортан терек
4-саусақ Шылдыр шүмек
5-саусақ Кішкентай бөбек
Сол қол саусақтарының белгілері (осы жерде А3 форматының көмегінде жасалған алақан пішінін қолданамын)



Бас бармақ Б
Сұқ саусақ 1
Ортаңғы саусақ 2
Аты жоқ саусақ 3немесе ас
Шынашақ 4

Саусақтың перне басатын жұмсақ етін «мамық» деп атаған. Күйшілік өнерде сол қолдың бармағының атқаратын қызметі зор. Көп күйлер сол қолдың бармағының жеке қатысуымен басталады және аяқталады. Ең қарапайым жәй күйлерден бастап динамикалық жылдам орындалатын өте күрделі, қиын күйлерге дейін. Мысалы «Кеңес», «Қос алқа», «Сарыарқа», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан».
Орындаушылық өнердегі саусақ кестесі дегеніміз өзі сол қол саусақтарының белгілі бір берілген ережедегі ойсыз орын ауыстырулары емес. Дыбыс аралығын үзбей келесі дыбысты алу үшін сол дыбыс берілген саусақпен алып болмай бұрынғы дыбыстағы саусақты мезгілінен бұрын бастауға болмайды. Пернені басатын саусақтардың тәртібі нотаның үстіне екі түрлі жолмен жасылады. «Соль» ішіндегі ойналатын дыбыстардың саусағы нотаның үстіне, ал «ре» ішіндегі ойналатын дыбыстардың саусағы нотаның астына жазылады.

Екі нота арақашықтығы интервалдарға бөлінеді. Интервалдарды есімізге түсірейік: прима, секунде, терция, кварта, квинта, секста, септима, октава.
Осы интервалдарға сүйене отырып, домбыра аспабына арналған 10 жаттығуды талдап көрейік.

Секунда интервалы - 1-саусақ жоғары, 4-саусақ төмен орналасу арқылы алынады.
«+» саусақ іліп тарту әдісі.

Терция интервалы – сұқ саусақ жоғары, бас бармақ төмен орналасады

Кварта интервалы – домбырада бір перне басу арқылы алынады. 2-саусақ/ бас бармақ, 3-саусақ/4-саусақ, сұқ саусақпен екі ішекті басу арқылы алынады.

Квинта интервалы – бас бармақ жоғары, 4-саусақ төмен орналасады. Бұл интервалды 4 және 1 саусақтармен алу әдісі де жиі қолданылады.

Секста интервалы – 1 және 4 саусақтармен алынады. Квинтадан кейін жүретін секста интервалынан 4-саусақты 0,5 тонға жылжыту арқылы алу дәстүрлі тәсіл болып табылады.
б) практикалық.
Енді қаншалықты түсінгенімізді бағамдау үшін 10 жаттығуды талдап, ойнап көрейік. (Әр оқушыға нота таратылады. Оқушы карандашпен саусақтарын жазып, аспапта ойнайды.)
Келесі. Г. Свирибовтың «Вальс» атты шығармасының 4 тактісін бірге ойнап көреміз.
Әуелі бұл шығарма туралы қысқаша мағлұмат тыңдайық.
1936 жылы Свиридов Ленинград консерваториясына оқуға түсіп, Д.Д. Шостаковичтен сабақ алып бастайды. Үлкен еңбегі мен сабаққа деген құлшынысының арқасында композиторлық шеберлігін шыңдайды. Свиридов консерваторияда жүрген жылдарында скрипкаға және фортепианаға арналған сонатасын, алғашқы симфониясын жазады. Композитордың Пушкин поэзиясына деген сүйіспеншілігі көптеген керемет музыкалардың туындауына себепші болады. Пушкиннің «Метель» шығармасының желісі бойынша түсірілген телефильмге музыка жазады. Бұл музыканы тыңдағанда көз алдыңа табиғат бейнесі, жанрлық көрініс және балда жеңіл айнала вальс билеп жүрген көрініс келеді. Бұл осы «Вальс» шығармасы еді.



Қысқаша мәлімет
Толық аты-жөні Свиридов Георгий Васильевич
Туған айы, жылы 3 (16) желтоқсан 1915

Туған жері Фатеж, Курск губерниясы,Россия империясы

Қайтыс болған уақыты 6 января 1998 (82 года)

Қайтыс болған жері Москва, Россия Федерациясы

Елі СССР Россия

Кәсібі композитор, пианист,кинокомпозитор

Жанрлары симфония, хор музыкасы

Марапаттары









(Осы мағұлматтан кейін оқушыларға нота таратылып, оның бастапқы 4 тактісін жәй екпінде орындаймын.)
4. Сергіту сәті:
Енді оқушылар бой сергітіп алайық. Ол үшін екі топқа бөлініп, тапсырмалар орындаймыз.
Бірінші топқа карточка таратамын. Бұл карточкаларда тапсырмалар бар. Сол тапсырманы мына магнитті тақтада орындауымыз керек. (Карточкаларда интервалдарға сәйкес тапсырмалар бар)
Екінші топқа арналған карточкалар мына үстел үстінде дайын тұр. Әр оқушы мына асықты лақтыру арқылы нешінші карточкаға жауап беретінін анықтайды.
(Осы жерде А3 көлемінде жасалған магнитті тақта мен 40/30 көлемінде жасалған асықты қолданамыз)

5. Қорытындылау.
Сол қол саусақтарының аймақ аралық ерекшеліктері туралы балалардан қысқаша сұрап, сабақты қорытындылауға көшемін. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сабақ барысында түсіндірілген мағлұматты қолдана отырып сұрақтар қоямын.
1. «Presto» - терминінің атауын және қазақша мағынасын ата.
2. «Вальс» шығармасының шығу тарихын қысқаша түсіндір
3. Кварта интервалы домбырада қай саусақтармен алынады?
4. Секунда интервалы домбырада қай саусақтармен алынады?
Осылайша жаңа тақырып пен өткен тақырып үйлесімді түрде сұралады.
6. Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқу. «Қолбасшы» күйін жаттау. «Вальс» шығармасын әр оқушы өз бетімен нотамен ойнап келу.
7. Бағалау.
Оқушы белсенділігіне, білімділігіне, тапқырлығына қарай бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.