Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғатпен  үндескен сыбызғы. -

Табиғатпен үндескен сыбызғы.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2008 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тоқсандық тақырыбы: Әлемді шарлаған музыкалық асапаптар.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндескен сыбызғы.
Сабақтың мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.
Білімділік мәні : Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы: Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра
Актуалдау:
Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра аспаптарымен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- сыбызғымен танысамыз.
Жаңа сабақ: Табиғатпен үндескен сыбызғы.
Табиғатқа үнсіздікпен құлақ түрсең, түрлі дыбысты, әуен сазды ести аласың.Ертеде бір адам көл жағалауымен келе жатса, бір дыбысты естиді. Көл жағалауында қамыстан желдің тербеуімен шығып тұрады. Қамысты үрлеп көрсе, әдемі дыбыс шығады. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атайды. Қамыс тез сынғыш болып келгендіктен оның сыртын қойдың ішегімен қаптап қоятын болған.
Сыбызғы тәріздес музыкалық аспаптар көптеген халықтарда бар. Қырғыздар да шоор, башқұрттарда қурай деп атайды.

Ән орындайық!
«Болайықшы осындай»әні
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады,
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрер бар адам.
Қорытындылау :
Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойналады?
Сыбызғы аспабына ұқсас басқа халықтардың аспаптарын ата?
Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?

Бірақ, біз, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын осы кезден бастап ажырата білуіміз керек. Ұлттық аспаптарымызды, музыкамызды құрметтеуіміз керек.
Дәптерге суретін салғызу.
Үйге тапсырма: Табиғатпен үндескен сыбызғы. Болайықшы осындай»әні.
Бағалау .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.