Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Вальс падишасы-Шәмші -

Вальс падишасы-Шәмші

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1381 | Размер: | Автор: munira
. Вальс падишасы-Шәмші
Әдеби-музыкалық кештің мақсаты:
1. Ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып,айрықша із қалдырған, «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,әндерімен танысу.
2. Шәмші әндерін жасөспірімдерге насихаттау арқылы халық арасында шоқтығы биік жұлдыздар шығуына ықпал жасау
3. Халқымыздың ұлы сазгері Ш. Қалдаяқовтың әндері арқылы оқушыларды сұлулыққа,әсемдікке елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдеби музыкалық кештің көрнекіліктері:
«Қазақ вальсінің королі» Ш.Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына арналған оқушылар зерттеулерінің қортындысы. Қазақтың әйгілі адамдарының Шәмші Қалдаяқов туралы пікірлері,әндер жинағы,өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм,т.б.
1-ші жүргізуші:
- Құрметті қауым,әнді қадір тұтатын ағайын. Аяулы ана,мөлдір махаббат,шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып,ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі,қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Нәр берген ән бұлақтан»атты ән кешіне қош келдіңіздер.
2-ші жүргізуші: Адам жылап туады
Жатады оны жұбатып,
Және жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын.
Осылай деген уа, Қадір аға, неткен ерсің.
Қазақ халқының біртуар перзенті,вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов өз заманының,яғни социолистік жүйенің елеусіз құрбанына айналған.
Дегенімен ұлы дарын өмірден өткенімен көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын,атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел бүгінгі қыстың көңіл құлазытар қара суығында жүректерді жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
Шәмші өмірі жайлы оқылады.
1. Сөзі : Мұхтар Шахановтікі
Ән- «Арыс жағасында» Орындайтын ------------------
2. Сөзі : Мұхтар Шахановтікі
Ән- «Ақ бантик» Орындайтын ------------------
Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?
Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы,нәр беруші сол Ана.

Ана-теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерлерінің қай-қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған. «Ана туралы жырдың» тууы.
Әннің шығуына себеп болған Шәмшіні ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті.Жазылмастай дертке шалдыққан анасы алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, деді көзіне жас алып,-жалғыз тілегім: сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол балам.
- Апа қарыздармын саған... Қарыздармын апа. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылын ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын деді Шәмші. Бұл 1959 ж 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 ж орындады. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді.
Бұл аналар туралы Әнұран болатын.
3. Сөзі : Ғафу Қайырбековтікі
Ән- «Ана туралы жыр» Орындайтын ------------------
4. Сөзі : Мұхтар Шахановтікі
Ән- «Кешікпей кеем деп ең» Орындайтын ------------------
5. Бірде-бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін,ешкімді жатырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй күйсіз жүрген кездері болған.Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүңген қызы» атты әнін ------------ орындауында қабыл алыңыздар.
6. Сөзі : Тұманбай Молдағалиевтікі
Ән- «Бақыт құшағында» Орындайтын ------------------
7. Шәмші Қалдаяқов 1990 ж тамыз айының 17 жұлдызында 60 жасқа толды. Шәуілдірдің мәдениет үйінде мерей тойға байланысты жиын өтті. Шәмшіге залдағылардан көптеген сұрақтар келіп түсіп жатты... Солардың бірі «Творчествалық жолыңызда сізді ренжіткендер болдыма?» деген сауал. Оған Шәмші аға былай деп жауап берген екен:Мен өмірде қанша ән салсам,сонша жылаған болуым керек... Маған жақын нәрсе халқымның жүрегі. Сұлтанмахмұт «Жақсылық көрсемде,жамандық көрсемде өзімнен»деген. Мен өз әнімнің мықты болуын ойладым. Менің әндерімнің болашағы-халқымның болашағына байланысты. Халқым барда менің әндерімде бар.
Сөзі : Мұхтар Шахановтікі
Ән- «Өмір өзен» Орындайтын ------------------
8. Шәмші Қалдаяқовтың Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбановаға арнап шығарған әні «Шынарым» Орындайтын----------------------
9. 1991 ж 20 желтоқсанында ҚР Президентінің жарлығы бойынша қазақ музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа халық артисі құрметті атағы берілді.
Ия, 60 асқан шағында берілген атақ ұлық па,кішік пе?
10. Мұқағали Мақатаев «Шәмшіге» оқитын ----------------------------
Ән «Отырардағы той»
Орындайтын:--------------------
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші 300-ге жуық ән жазған.Шәмші әндері тұнып тұрған лирика махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде студенттік және отбасылық кештерде, демалыс кезінде әуелетіп шырқайтын.
Ән: «Бәрінен де сен сұлу» Орындайтын:-----------------------
11. «Ән аға» немесе «Шәмшімен сырласу» Орындайтын-------------------
Менің Қазақстаным деп шырқаған жастардың арманы орындалып Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқы үшін 100 жылға созылған бостандықтан босауына Шәмші әнінің осылай септігі тиді. Бұл ән еліміздің әнұраны болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы республика алаңына «Елім-ай» әнімен бірге осы әнді айтып шықты.
Қазақстан-мерейім,
Сені төрден көрейін
Жеңісіңе желпініп
Жемісіңді терейін
12. Хор «Менің Қазақстаным»
- Олай болса,бізді бүгін «Нәр берген ән бұлақтан» атты әдеби сазды кешіміз тамамданды.
- Шәмші әнін өз әлімізше шырқадық. Біз «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші ағаның алдында бас иеміз.
- Кешке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.