Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыр алыбы-Жамбыл. -

Жыр алыбы-Жамбыл.

Сабақ жоспары | Предметы | Музыкадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1850 | Размер: | Автор: munira
. 3-сынып
Сабақтың тақырыбы:Жыр алыбы-Жамбыл.
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділігі: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға мағлұмат беру.
Б)Тәрбиелік мәні: «Жамбыл ата» әнін үйрете отырып, осы ән арқылы балаларды үлкенді сыйлауға, әдепті, мейірімді, білімді азамат болып өсуге тәрбиелеу.
В)Дамытушылығы: Жамбылдың «Балаларға»әнін тыңдата отырып, оқушылардың өй-өрісін дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (тірек-сызба, орындау)
Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,баян аспабы,тірек-сызба
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,Тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
І.Ойларынан шығарған өлең шумақтарын оқу.
2. «Не деу керек?»әнін орында.
ІІІ.Оқушының білімін жан-жақты тексеру.
1.Айтыс өнері дегеніміз не?
2.Айтыстың түрлерін ата?
2.«Бәдік»сөзінің мағынасын түсіндір?
3.Бәдік жырын орындап бер?
4.«Жар-жар»айтысын орында?
5.Оқушылар айтысын орындап бер?
ІҮ.Жаңа сабақ. Жыр алыбы-Жамбыл.
1.Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік
2.Жамбылдың «Балаларға»әнін тыңдау.
3«Жамбыл ата»әнін үйреніп, орындау.
Ү.Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.
Жамбыл қай жерде дүниеге келген?
Ақынның қандай өлеңдерін білесің?
Жамбыл неше жасынан бастап айтысқа түсті?
ҮІ.Жаңа сабақты бекіту.
1.Жамбыл қандай өнер адамы?
2.Жамбыл ақын қандай айтыскер ақындармен айтысқа түсті?
3.Қай жылы Мәскеу қаласына өнер ұжымымен барды?
4.Ақын «Ленинградтық өрендерім»өлеңін қай кезде,кімге арнап жазды?
ҮІІ.Жаңа сабақты қорытындылау.
1«Жамбыл» сөзжұмбақ шешу.
2«Жамбыл ата»әнін үйреніп, орныдау.
ҮІІІ Үйге тапсырма
«Жамбыл ата»әнін жатқа орында.
ІХ Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.