Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адам мінезімен танылады -

Адам мінезімен танылады

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2839 | Размер: | Автор: гость
. Сынып: 5 «а»
Пән: өзін-өзі тану Мұғалім: Смаилова Гульнар Койбагаровна
Сабақтың тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Мақсаты: адамның мінезі,мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері: 1.Жақсы-жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету; 2.Оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету. 3. Өзін құрметтеу,өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып,өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.. 2. Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп,өз мінезін жетілдіре алатынын түсінеді.

Сабақтың кезеңдері, уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
І кіріспе

1 минут
Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс. Психологиялық ахуал қалыптастыру.


Оқушылармен амандасу.
Сыныпта жағымды эмоция қалыптастыруда мақсатында «Жарнама» стратегиясын қолдану. Бір оқушыны ортаға шығарып, артына сурет жасыру.
Амандасу.Ал оқушы бейнелеген суретті көрмей, оны жарнамалап, сатуға тырысу керек. Қалған топтағы оқушылар бұл заттың пайдасы туралы сұрақтар қояды.
Нәтиже: көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген қызығушылықтары артады.


Ауызша кері байланыс, А4 форматындағы сурет

ІІ тұсаукесер
6 минут

Оқушыларды топқа бөлу.Адамның мінез-құлқына байланысты бойынша топқа бөлу

Үй жұмысын тексеру, бекіту. «Конверт сұрақ» стратегиясы
«Холерик», «Сангвинник», «Меланхолик».

Проблемалық сұрақтар қою.
Мінез дегеніміз не ?
Адамның мінезі қайда және қалай танылады ?
Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме ? Қалайша ?
Адам өз мінезін өзгерте ала ма ? Қалай ? Өздерінің алған парақшалары бойыншы қай топтың
өкілдері екенін табу арқылы өз орындарына отырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады, ой бөліседі, пікірлерін дәлелдейді.
Әр оқушының жауабын сыныптастары пікірлерін білдіру арқылы бағалайды. мадақтау
парақшалар

Негізгі бөлім
28 минут «Сандық бейне». Дарынды оқушымен жұмыс. А деңгейлі оқушының тұжырымдама таныстырылымын қорғау. Оқушыларға сұрақ қоя отырып,сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу.

Дарынды оқушының сөз саптау, дәлелді сөйлеу, келтіріліген мәліметтердің нақтылығын қадағалайды. Түсінгендерін ортаға салады.
Таныстырылымын қорғап, жинақтаған мәліметтерімен тың жаңалықтарымен бөліседі. Өзін-өзі бағалау парақшасын ұсыну Презентацияинтербелсенді тақта
«Мағынаны тану»
Кітаппен жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы шығарманың мәтінін бөліп алып, алдымен өзі одан кейін жұпта, топта талқылайды.
АВС деңгейлі оқушылардың оқудағы іс-әрекетін, ЖАДА-ң жүзеге асу-аспауын бақылайды. Барлық оқушылардың оқу үрдісіне тартылуын қадағалайды. Төрт топ берілген мәтіндер бойынша оқып, мазмұнын құрдастарына түсіндіреді. «бас бармақ»
оқулық
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Музыкамен байланыс Тыныштық сәтінен алған әсерлерін ортаға салады. Интербелсенді тақта, видеролик
«Шешімін тап» стратегиясы. Интербелсенді тақтамен жұмыс. Жаңа сабақтың мазмұнын аша түсу мақсатында мәтін құрылысына талдау жасау. Сюжеттік құрылыс бойынша тапсырманы ашу
( шығарманың басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) Қаламның көмегімен берілген тапсырманы интербелсенді тақтаға жазып шығады.
Постермен жұмыс.
Сұрақтарға берген жауаптарын басшылыққа ала отырып,екі балаға мінездеме береді. Бұл мінездемелерді салыстырып,жақсы-жаман мінездің адами қарым-қатынаста алатын орнын анықтауға болады деген тұжырым жасауға болады. Флипчарт, маркер, түрлі-түсті қарындаш, стикерлер көмегімен ойларын суретпен бейнелеп, араларынан спикер сайлап, топ алдында қорғайды.
Тапсырманы орындағанннан кейін әр топ смайликтерді таңдап, өз көңіл-күйлерін білдіреді «Көңілді смайликтер»
смайликтер
Сабақты бекіту.) Оқушыларға не білдім? Не білгім келеді? Мен үшін жаңалық? Мен білмеймін? сұрақтары жазылған кестені таратып беру,ойларын тыңдау. Бүгінгі сабақтан алған білімдерін ортаға салып, жинақтайды. Ауызша кері байланыс
Қорытынды.
10 минут Рефлексия. Э.Бононың «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы Оқушыларға қалпақтарды таратып беріп, атқаратын қызметтері жайлы бағыт береді Ақ қалпақ. Тек фактілер!
Қара қалпақ. Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенің анықтап және себебін түсіндіреді.
Қызыл қалпақ. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйімен бөлісу
Көк қалпақ. Бұл философиялық , пысықтау қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады. Тамаша! Жарайсың! Түрлі-түсті қалпақтар
Бағалау Оқушыларды бағалау Топтар бір-бірін ауызша бағалап, жетістіктері мен кемшіліктері жайлы айтып бағалайды. Топтық бағалау
Қорытынды Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхаммед Бабырдың

Әрқашанда таза болсын ар - ожданың, жүрегің,
Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсақ өзгелерге - өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің -, дегендей әрқашанда қатыгездіктен аулақ болайық!
Үйге тапсырма.
Шығарманы оқып,талдап келу Үй тапсырмасын беру Күнделіктеріне түртіп алады күнделік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.