Меню
Назад » » »
Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері
загрузка...

Скачать материал с Talimger.org (185.9Kb)

загрузка...
Мектеп: Абайатындағы жалпы орта мектеп
Мерзiм: ________________№ 19 сабақ
Тақырып: Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық
Мұғалiм: Нысанова Айғаным Сынып «9а» Оқушылар саны 18

Мақсаты:Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
адами қарым – қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіру;
адами қарым – қатынас жасаудың ізгіліктерін дамыту;
адами қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.
Түрі: шығармашылық сабақ Ресурстар:
Оқулық, дәптер, таспа, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2)Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

ІІ. Дәйек сөз.

“Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді”.
”Аңдамай сөйлеген-ауырмай өледі”
” Қылыш жарасы бітер,
«Тіл жарасы бітпес».
ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)
1. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
2. Әдепті сөйлеудің адами қарым қатынасқа ықпалы қандай?
3.Сөйлеу мәдениетіне сөйлеудің қандай түрлетін жатқыза аласыз?
4. «Сөз қадірі-өз қадірің» дегенді қалай түсінесіз?
Мәтінмен жұмыс
• Оқулықта берілген Ж.Бейсенбаевтың әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап алу “Сәлемдесу-әдептіліктің бастауы”дегенде нені түсінесіздер?
• Адамның жас ерекшеліктеріне,күн мезгіліне қарай әр түрлі сәлемдесудің мәні неде?
Назар аударыңыз
Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады.Асыл сөз мәңгі жасайды.
Ғ. Мұстафин
Керемет сегіздік
Әртүрлі суреттермен белгіленген ұяшықтарды оқушылар таңдап алады. Ондағы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. «Дұрыстық» сөзінің мағынасы
2. «Қысқалық» сөзінің мағынасы
3. «Айқындық» сөзінің мағынасы
4. «Орындылық» сөзінің мағынасы
5. «Әрлеу» сөзінің мағынасы қандай?
6. Адамның жас ерекшеліктеріне қарай сәлемдесудің түрлерін ата.
7. Күн мезгіліне қарай сәлемдесу түрлерін ата.
8. Сәлем – сөздің анасы…дегенді түсіндіріңіз.
Оқушылар пікірлерін тыңдау. Ойды қорытындылау.
Түйіндеме:
1.Дұрыстық дегеніміз-айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді.
2.Қысқалық дегеніміз-мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады.
3.Айқындық дегеніміз-ойдың мазмұнын дұрыс бере білу.
4.Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау.
5.Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
6.Жасы кішілер ақсақалдармен «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып, амандасады.
Жасы үлкен аналарға, әжелерге Сәлеметсіз бе?, Амансыз ба? деп айту қалыптасқан.
7.«Қайырлы таң», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп адамдар жымия амандасуға тиісті.
8. Қазақтар бір-бірімен амандық сұрасқанда мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрайды.Келген жерінің қандай қабақпен отырғанында осы амандасу үстінде болжап алады.Келген жұмысының жәйін аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрау керек.
Жаңа ақпарат
Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу мен өзара түсінісу болып табылады.Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген жөн. тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді болады.Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуіболатындығын естен шығармаңыздар.Қандай шиеленіскен жағдайлар болмасын, эмоцияға беріліп, қызулықпен іс-әрекет етпеңіздер.Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз кейін қалпына келмеуі мүмкін.Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеніміз – бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушылардың бәрі жеңімпаз болатын шешім табу.
Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс. Яғни, ашуды – ақылға жеңдіре білген адам кез – келген кикілжіңдерден аулақ болады.

IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Қарым – қатынастың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында коллаж. Оқушылар 3 топ плакатқа өз ойларын берілген сурет қиындаларынан тақырыппен байланыстырып коллаж құрастырып , қорғайды.
Сахналау. Сәлемдесудің түрлерін рөлдерге бөліп орындау.
Шәкірт-сәлеметсіз бе?
Ұстаз:Саламатта болыңыз.
Бекмырза-Сәлеметсіз бе, Райымбек Өсербайұлы?
Р. Өсербайұлы:Сәлемет пе, Бекмырза!
Қыз бала-сәлеметсіз бе ?
Әже:Аман сау бол болыңыз!
Ер бала-Ассалауғамалейкум!
Ата:Уа алейкум ассалам!
Жасы кіші- Сізге амандық тілеймін!
Жасы үлкен:Рақмет, саған даамандық тілеймін!
Құрдастар- сәлем, қалың қалай?
Достар: аман бол!
V. Топпен ән айту.
«Бір ауыз сөз» әнін М. Жүнісованың әні
Асан қайғының өлеңін хормен оқиды.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
VI. Үй тапсырмасы.
VII. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Адами қарым – қатынас жасау ізгіліктері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Нысанова Айғаным Меллятқызы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебі

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 1391 | Жүктеулер: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar