Меню
Назад » » »
Атамекен – алтын бесік
загрузка...

загрузка...
«Төрткүл» жалпы орта мектебі Мерзімі: 31.01.2015ж. №20 Тақырып: Атамекен – алтын бесік Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиет: Шынайылық, аянбай қызмет ету, жанашырлық .
Мұғалім: Б.Ділтай. сынып: 7 «Б»

Сабақтың мақсаты:
Атамекеннің адамның өсіп дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсінік.
Сабақтың міндеттері:
- Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлұмат беру;
- Оқушылар өз атамекені туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
- Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін , мақтаныш сезімдерін арттыру;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену.
2. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңыздышайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. О лар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шыңдықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бірінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғабьламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы жүрегіңізге орналастырыңыз Нұрға толы бүкіләлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз.

Топқа бөлу
І топ Атамекен
ІІ топ Туған жер
ІІІ топ Отан
3. Үй тапсырмасын тексеру: М.Айтқожинаның «Атамекен» өлеңнің оқып мазмұның айту.89 бет

Сұрақтар:
Өлеңнің ең басты мағынасы неде? Туған жер адам өміріне қалай ықпал етеді? Атамекен адамды қандай сезімдерге бөлейді?
Дәйексөз
Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.
Халық мақалы.
Дәйексөзден қандай ой түйдің? Атамекен, туған жер жайында ойларын қандай? Әр топтың оқушыларының ойларын тыңдау.
Әңгімелеу (сұхбат).
Кішкентай ханзада
Ханның үш ұлы болыпты.
Үлкені кезкелген қаруды шеберлікпен қолдана білетін, батыл жауынгер болды. Ол әскери басшы болуды армандады, хан оны өз әскерінің басшысы етіп тағайындады.
Ортаншы ұлы әулетті, әсем сарайларды салумен әлемге танытқысы келді. Әкесі онымен келісіп, құрылысқа ақша берді.
Тек кіші ұлы ғана ханды ренжітті. Ол соғыспады, құрылыспен шұғылданбады, тек қана күні бойы кітаптар оқыды. Ол әр ұлттың тарихын, тілдері мен дәстүрлерін оқып үйренді.
-Ұлым, сен неге басқа ұлттың салттары мен тілдерін үйреніп жүрсің? Сен өз Отаныңды сүюің керек, - деп хан ханзаданы кінәлады. Ұлы әкесін үндемей тыңдап , өз сабағын жалғастыра берді.
Кенеттен күтпеген, ойламаған жерден қайғы келді Ханның көршілестері бірігіп, соғыс жариялады. Хан әскерлері жеңіле берді. Соғыстың аяқталуына бір күн қалғанда ханның кіші ұлы әскер басшыларының шатырына келді.
Сен не үшін мында келдің , кітапқұмар? Тез кет! Ертең шайқас болады – деп жас әскер басшысы айқайлайды. –Иә, ұлым, бұл сенің орның емес, - деп жеңіске жетуге немесе ең соңғы соғысқа дейін айқасып, өлімге дайындығын білдірген хан ұлын қолдады.
Ханның кенже ұлы қағазды алып жайлап былай деді: -Мен үш күн жаудың лагерінде болдым. Мұнда жаулардың барлық қаруларының орналасқан жері мен олардың жоспарлары бейнеленген. Ертең таңға жуық жаулардың негізгі күштері біздің әскерлерді жіңішке жолмен айналып өтіп, шабуыл жасайды.
Кіші баласы айтқан соң хан айқасқа дайындалуды бұйырды. Айқас өте қатаң болды, бірақ жаулар жаппай тұзаққа түсіп, жеңілді. –Ұлым, сен батыр болдың. Сен қалай жаулардың ортасында үш күн бойы тығылып жүрдің? – деп хан кіші ұлын жеңістен кейін құшақтады.
-Мен тығылған жоқпын, барлық жерде еркін жүрдім. Мен адамдардың тілдері мен дәстүрлерін білдім ғой. Сондықтан мені олар өздеріндей қабылдады - деп жауап берді ханзада.
- Саған қорқынышты болған жоқ па ?- деп ағасы таңғалды. –Отанға сүйіспеншілік барлығынан да күшті, -деп кіші ұлы сабырмен жауап берді.
Сұрақтар :
Ханның ұлдары Отанына қандай қызмет көрсетті? Қиыншылық туғанда жауды жеңу үшін халыққа кім қалай көмектесті? -Ханның үш ұлының әрқайсысының өз үлесі болды. Үлкені- әскер басшысы болса, екіншісі – құрылысшы болды. Үшіншісі, кенже ұлы көп оқып, ақылды болып, әкесіне, ағаларына, халқына көмектесіп, жауды жеңуге оқып-үйренген білімін пайдаланды. Біз де өскенде, өз атамекенімізді, Отанымызды қорғау, көркейту үшін тәрбиелі- өнегілі бала болып , білім аламыз, болашақта халық үшін қызмет етеміз.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1. Сұрақтар:
І топ
Атамекен дегенді қалай түсіңдіңдер?
ІІ топ
Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ топ
Отан дегенімізді қалай түсінесіңдер?
2. Атамекен, туған жер, отан туралы оқып үйренгеніңді суретке түсіру.
І топ
Атамекен суреті.
ІІ топ
Туған жедің суреті.
ІІІ топ
Отанның суреті.
Салған суреттері бойынша мақал-мәтел құрап, қазақ халқы сөзге шешен екенін дәлелдеу
3. «Атамекен мақтанышым», « Отаным Қазақстан», «Туған жерім- алтын бесігім» тақырыбы бойынша эссе жазу.
Әр топ жазған эсселерін оқып, талдау жасау.
Мақтап, мадақтау.

Топпен ән айту .
Атамекен
Сөзі Қ.Мырза Әлінікі, Әні Е.Хасенғалиевтікі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Үй тапсырмасы.
Оқушылар С.Жүнісовтың Аманай мен Заманай мәтінің оқып түсініктерін айту.
Келесі сабақ: Қытай философы Конфуцийдің Атамекен туралы аңызын оқып келу.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, бар жерде Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, бүкіл әлемде

Пайдаланған әдебиеттер:
Өзін-өзі тану оқулықАлматы «Бөбек» 2010ж.
Самопознание KZ,


«Бекітемін»
Мектеп директоры: М.Омарбек.

Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі Мерзімі: 25.09.2015ж. № 4 Тақырып: Адамның жан сұлулығы Құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиет: Шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық .
Мұғалім: Б.Ділтай. сынып: 5 «Ә»

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығы туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адамның «жан сұлулығы» ұғымының
мағынасын ашу
Дамытушылық: Оқушылардың бойына байсалдылық, адалдық,
парасаттылық қасиеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды адамның ішкі тыныштығындағы жан
сұлулығына тәрбиелеу;
Ресурстар:
Үнтаспа, плакат,
оқулық, дәптер, қалам.

Сабақтың барысы:
4. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңыздышайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. О лар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шыңдықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бірінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғабьламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы жүрегіңізге орналастырыңыз Нұрға толы бүкіләлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз.
- Рахмет.
5. Үй тапсырмасын тексеру: Іңкәр Тоқаштың «Жақсылық шапағаты» әңгімесің оқып мазмұның айту. 22 бет

Сұрақтар:
Жаңылсынның бойыннан қандай қасиеттерді байқадыңдар? Балалар неліктен Жаңылсынға таңдана қарады? «Жақсылық жасау- әр адамның ісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» Дәйексөзге байланысты оқушылардың жеке пікірлері тыңдалады.
Әңгімелеу (сұхбат).
Ағаш тостақ
Бір қарт адам өмір сүріпті. Көздері жақсы көрмей, құлақтары естілмей, аяғынан жүре алмапты. Дастарқанда отырғанда қолы қалтырап, қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп, аузынан ағызыпты. Ұлы мен келіні оның бұл жағдайларына ызалары келіп, қатты ұрысып, жүрегін жаралапты.
Соңғы кезде дастарқанға да шақырмай, пештің артындағы бір жерге отырғызыпты. Сол жерде отырып, сол жерде тамағын жепті. Қолына бір тостақ ұстатыпты.
Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты. Жанары сөне бастаған сулы көздерімен дастарқанға мұңая қарайтын болыпты. Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап, тостағын жерге түсіріп, сындырып алыпты. Келіні ауыр сөздер айтып айғайлайды.
Ертеңінде атайдың ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады. Мүсәпір адам енді тамағын сол ағаш тостақтан жейтін болады.
Бір күні осы үйдің төрт жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді. Әкесі ұлына:
- Ол ағаштардан не істемекшісің?-деп сұрайды.
- Ағаштан тостақ жасаймын, әке... Қартайғанда сіз де осы
тостақтан тамақ жейтін боласыз, - дейді ұлы.
Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешенің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады. Атасын қайтадан дастарқан басына отырғызады. Содан кейін тамақты үстіне, дастарқанға төкседе, оған сөйлемейтін болыпты.
Сұрақтар:
1. Әңгімедегі ең аянышты сәті қайсысы?
2. Кішкене баланың әрекетінен не байқадың?
3. Ол ата-анасынын мейірімін қалай ояты?

Шығармашылық жұмыс
1. Оқушылардың ойларың білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «сахналау» айдарымен берілген диалогті 5 минуттың ішінде жаттап сахналау.

Жан сұлулығы
Алтынай: Мен әдемі қызббын мен өскенде де ең ідемі қыз боламын.
Дина: Ия, достым, сен сыныптағы ең әдемі қызсың. Мен сенің әдемілігіне қызығамын.
Алтынай: Мына қарияның көзі көрмейме, қолында таяғы бар?
Дина: Жүр, онан да көмектесіп, жолдан өткізіп жіберейік.
Алтынай: Урадқыт алғанша, жүре бермейміз бе?
Дина: Сізге көмектесейік бе?
Қария: Көмектесіп жіберші, мейірімді қыз. Көзім көрмейді, қартайдым, Жолдан да өте алмай тұрғанымды қарашы.
Дина: Жүріңіз.
Қария: Рақмет, қызым. Күн көзіндей сұлу екенсің..
Алтынай: Оның әдемі екенін қайдан білдіңіз? Көзім көрмейді деген жоқсыз ба?
Қария: Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан анық көрінеді. Өйткені оның сұлулығы жүректен тарайды.

Осы көріністе адамның жан сұлулығының мәні ашылады.

2. ( тапсырманың шартын түсіндіремін.)
-Балалар, барлығыңа мынадай тапсырма беремін, бірақ әркім өз бетінше орындау керек.
«Әр адамның өзіндік сдұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті ғана емес, жан сұлулығына байланысты». Осы сөйлемнің мағынасына қарай, өз түсініктеріңізді қысқаша жазыңыздар.
Тапсырма түсінікті ме, ендеше 5 минут уақыт беріледі.
(Жай, баяу музыка қою). Болған соң оқушыларға оқыту, қорытындылау.
Топпен ән айту .
Сөзі А.Махамбетованікі, Әні М.Жәутіковтікі
Қуанамын мен күнде, Таң арайлап атқанда. Күн шуағын төгіп бір, Гүл жұпарын шашқанда. Бұлбұл құстың үніне. Бейбіт елге мол шуақ, Төгіп тұрған күніме
Қуанамын әр күні Болған сайын көңілді. Ата-анам сыйлаған Жақсы көрем өмірді. Қуанамын сәт сайын Әкем еркелеткенде. Құшағында анамның Тәтті ұйқыға кетекенде.
Үй тапсырмасы.
Оқушылар «Сұлулық сыры» мәтінің оқып түсініктерін айту.
Келесі сабақ: Дәптермен жұмыс 1,2,3-тапсырмаларды сыныптан алған білімдерін өздері тұжырымдауына көңіл бөледі
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдарда болады.

Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, бар жерде Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, бүкіл әлемде

Пайдаланған әдебиеттер: Өзін-өзі тану оқулық Алматы «Бөбек» 2010ж.
Самопознание KZ, Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Атамекен – алтын бесік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 411 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar