Меню
Назад » » »
Жақсы көңіл күй – жан шуағы
загрузка...

загрузка...
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі
Мерзімі: 13.10.2015ж
Сынып: 5а
Оқушылар саны: 8
Сабақ №6
Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, кешірімділік,
Мұғалiм: Шукирова Кымбат Байзуллиновна
Сабақтың мақсаты: Адамның ішкі жан дүниесі сұлулығының көңіл күйіне әсер ететін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
а) адамның ішкі жан дүниесі сұлулығының көңіл күйге әсерін түсіндіру;
ә) оқушылардың өз көңіл күйлерін, эмоцияларын және сезімдерін басқара алуларын дамыту;
б) өзіне, айналасындағы адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:слайд, үнтаспа, оқулық
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. 5Т қайталау
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 24-бетіндегі 6-сабақта берілген Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу берілген.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1.Жолаушылар тастағы жазуды қалай түсінді?
2. Үш жігіттің айтқандарынан олардың бойындағы қандай қасиеттерін білдіңдер?
3. Адам көңілін, бойын бұлақтай таза ұстау үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы қажет деп ойлайсыңдар?
4.Сендерге айналадағы адамдардың көңіл күйі қалай әсер етеді? Әңгімелеп беріңдер? Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйексөз
«Сүйіспеншілік сезімі мен әділеттілік кімде басым, сол- данышпан, сол-ғалым.»
Абай Құнанбаев
Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?
Дәйексөзді ұлдарға оқыту. Қыздарға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу.
Оқиға айту, әңгiмелеу
Өмір жаңғырығы
Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: « А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а!» деген дауыс естілді. Ғани өзінің дауысының қайталанғанына таңырқап:
-Сен кімсің?-деп дауыстағанда, Ғаниға:
-Сен кімсің? –деген жауап келді.
Ғани түкке түсінбей жынданып:
-Сен қорқақсың!-деп айқайлады.
Таудан шыққан дауыс та:
-Сен қорқақсың!-деп жауап берді.
Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:
-Әке, бұл кім өзі? - деп сұрады.
Әкесі:
-Ұлым, менің сөзіме құлақ сал, -деді де тауға қарап тұрып: -Мен сені жақсы көремін! –деп айқайлады.
Таудан:
-Мен сені жақсы көремін!- деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап:
-Сен әдемісің!-деді.
Жауап:
-Сен әдемісің!-деді.
Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:
-Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңе не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!
Бұл- өмір заңдылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Сондықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың.
1. Ғани неліктен таңырқады?
2. Әкесі ұлына өмірді қалай түсіндіріп берді?
3. Әкесінің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?
4. Ақылды тыңдай білу, іспен дәлелдей білу қаншалықты маңызды?
5. Өздеріңнің өмірлеріңде осындай жағдайлар кездесті ме? Әңгімелеп беріңдер.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-топ Берілген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастыру:
Кешірімді, Әкем, мейірімді, көмектесемін, жауапкершілік, дүкенге, анам, мен, сыйлаймын, отбасымды, азық-түлік, татумыз, әкелемін.
2-топА.Қалаубаеваның «Көңілді күн» өлеңінің сазына сүйіспеншілік құндылығының қасиеттерін ұйқастыру арқылы өлең жолдарын шығару. Көп нүктенің орнына ұйқас табу.
Біз үйде де, аулада сабырлымыз
Өз - өзіңді ұстай біл, төзімді бол.
шыдамды бол.
Кешірімді де, мейірімді бола білу.
сүйіспеншілікті.

Қайырмасы:
Біз үйде де, аулада мейірімдіміз.
төзімдіміз.
кешірімдіміз.
Татумыз біз әр қашан!
6. Топпен ән айту
Әні мен сөзі: Роза Әлқожа
Қос бәйтерегім
Әкешім дана болған биік шыңым,
Үйреткен мына өмірдің барлық сырын.
Жер бетін кезгенменен, сендердің көздеріңнен,
Төгілген жылылықты ешкімнен сезбедім мен. 2рет

Анашым ақ сүт беріп мәпелеген,
Кешірген көп кетсе де қате менен.
Анамның алақаны, әкемнің қарағаны,
Ұқтырды біз екенін бақытқа балағаны. 2рет

Сендердің арқаларың жүргеніміз
Алаңсыз бұл өмірде күлгеніміз
Менің қос бәйтерегім сендерсіз қайтер едім
Әрқашан бірге болсақ түгел ғой бар керегім.2рет
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы 27беттегі 7сабақтағы «Жақсылыққа-жақсылық» ертегісін оқып келу.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық.
Барлығыңызға рахмет! Сау болыңыздар!



Мұғалім _________________ К.Б.Шукирова

Директор _________________Ж.С.Батырова Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Жақсы көңіл күй – жан шуағы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 926 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar