Меню
Назад » » »
«Жақсылықпен жаным дос»
загрузка...

загрузка...
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі
Мерзім: 20.10.2015ж
Сынып: 5а
Оқушылар саны: 8
Сабақ: 7
Тақырып:«Жақсылықпен жаным дос»
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: қарапайымдылық, сенімділік, жауапкершілік
Мұғалiм: Шукирова Кымбат Байзуллиновна
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларға «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы түсінік беру;
- Шындықты жалғаннан, жақсыны жаманнан ажырата білуге, жауапкершілікке дамыту;
- Оқушыларды жақсылық жасай білуге, жауапкершілікке, сенімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «5-Т» қайталау.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Орманға ойша серуен
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтың 27беттегі 7сабаққа берілген «Жақсылыққа жақсылық» ертегісін оқып келу.
Мәтін бойынша сұрақ қою:
1. Сырқаттанып қалған ана қандай өтініші білдірді?
2. Балаға жолда кімдер кездесті?
3. Баланың ойының жақсылыққа қарай өзгеруіне не әсер етті?
4. Жақсылық жасау үшін адамдарға қандай құндылықтар мен қасиеттер қажет?
5. Өздеріңе біреулердің риясыз жақсылық жасаған кездері болды ма? Әңгімелеп бер? Сабақ барысын талқылау:
3. Дәйексөз.
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»
Ы.Алтынсарин

1. Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
Оқушылар дәйексөздің мағынасын талдап болған соң 2рет қыздарға айтқызу, 2рет ұлдарға айтқызу. Дәйексөзді дәптерге жазып,жаттап алу.
4. Оқиға айту, әңгiмелеу
Шыншыл бала
Ертегі
Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Патша өте ақылды, шыншыл және қарапайым, халқына адал жанашыр, кеңпейілді және әділ болыпты. Патшаның таққа қалдыратын баласы, мұрагері болмады. Содан патша ойлана келе еліне, халқына жария етті. Патша мақсаты мұрагерлікке қалдыратын бала халқына адал, еліне тек жақсылық ойлайтын шыншыл болуын қалайды. Барлық балаларға гүл тұқымы беріледі. Уақыт беріледі, күн өтіп бара жатыр Сон Ирдің гүлі өспеді, қанша баптап қараса да. Патша гүлдің өскені жайлы көретін күні де келді. Барлық балалар әдемі киінген, гүлдері жайқалып өскен. Сон Ир болса балалардың ең артында жабырқаулы тұр еді.
1. Патша барлық гүлдерді көрді бірақ көңілі еш көтерілмеді, содан қараса бір бала жылап тұр екен. Сон Ирді өзіне шақырды да, менің ұлым мұрагерім деп жар салғанда, халық ушығып кетіпті, арасынан біреуі шығып патшадан дәл сол бос құмырамен тұрған баланы неге асырап алдыңыз десе, патша халыққа балаларға берілген тұқымдарын бұқтырылғандары туралы айтып береді. Сол әдемі гүлдермен тұрған балалардың беттері ұяттан қызарып кетеді. Сөйтсе барлығы берілген гүл тұқымдарынан тыс басқа гүл тұқымдарын еккен екен. Патша қандай мұрагер іздейді?
2. Балаларға тұқымды не үшін берді?
3. Сон Ир бойындағы қандай қасиеттерімен мұрагер атанды?
4. Мәтін мазмұнына сәйкес қандай өмірлік оқиғалардың куәсі болдыңыздар?

Талдау сұрақтары:
5.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар 3топқа бөлінеді.Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1топ: «Жақсылыққа жақсылық» тақырыбына әңгіме құрастыру.
2топ: «Жақсылыққа жақсылық» тақырыбына сахналық қойылым дайындау
6. Топпен ән айту
«Жақсы адамдар»
Әні: А. Оралов
Сөзі: Ж.Оспанұлы
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Жақсы адамдар.
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы 32 беттегі 8- сабақтағы С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін оқып,талдау.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Барлығыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

Мұғалім _________________ К.Б.Шукирова

Директор _________________Ж.С.Батырова Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Жақсылықпен жаным дос» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 408 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar