Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өзін өзі тану пәнімен кіріктірілген дүние тану пәнінен сабақ жоспары -

Өзін өзі тану пәнімен кіріктірілген дүние тану пәнінен сабақ жоспары

Сабақ жоспары | Предметы | Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 8609 | Размер: | Автор:
. «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Дүниетану пәнінің сабақ жоспары
Мерзімі: 03.12.2015ж
Пәні: Дүниетану Сынып: 4
Пән мұғалімі: А.Жангалиева география және өзін өзі тану пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Өзендер мен көлдер.Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау.
Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер: аялау,қамқорлау,қорғау,үнемшілдік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту.Балаларға судың адам тіршілігіндегі маңызын,оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып,өмірде табиғатпен қарым-қатынаста дұрыс әрекет жасай білу құндылығының адамгершілік ретіндегі маңызын ашу.
Сабақтың міндеттері:
Судың қасиетін,тіршілік көзі ретіндегі маңызын ұғындыру;
Су көздерін пайдалануда зиянды бұрыс әрекеттерден аулақ болып,дұрыс әрекеттер жасауға баулу;
Суды ысырап қылмай пайдалана білуге, үнемшілдікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілімізбен
Бүгінгі сабағымызды бастайық!
5-Т ережесімен таныстыру
Т-тәртіп
Т-талап
Т-тыныштық
Т-тазалық
Т-татулық
Топқа бөлу .Бұлттың, күннің, кемпірқосақтың,тамшының суреті арқылы топқа бөлінеді.
Тыныштық сәті:
Қайықпен көлге серуенге шығу
(Жанға жайлы музыка әуенімен)
Аяқтарыңды созып,көздеріңді жұмып,қолдарыңды айқастырмай,денелеріңді босаңсытып отырып,қиялданып көрейік...
...Таңертеңгі маужыраған тыныштық сәт,күн шуағын жер бетіне молынан төгіп тұр.Біз бүгін көлге қайықпен серуенге шығамыз.Орнымыздан көтеріліп, мектеп айналасында өзімізді күтіп тұрған мектеп автобусына отырып, көңілді күйде бәріміз көл жағасына да келіп жеттік.Жағалауда дайын тұрған қайықтарға достарымызбен бірге отырып,жүзіп те кеттік.Міне,біз қайықпен көл бетінде ақырын тербетіле жүзіп келеміз.Жоғарыда тұнық көгілдір аспан,аспан аясындағы нұрлы шуағын шашып тұрған шуақты күн,төменде сылдырай аққан мөп-мөлдір су,су бетінде еркелей жүзіп жүрген әдемі аққулар,ал айналада сайраған құстар дауысы естілуде.Біз барлық денемізбен су бетінен желпи ескен салқын самал лепті,жоғарыдан күн шуағынан тараған жылуды сезіп келеміз.Иығымыз,қолымыз,денеміз,аяғымызға жылу сезілуде.Ал су лебі біздің денемізді сергітуде.Біз жайлымыз,өзімізге сенімдіміз.Барлық жамандық атаулы бізден кетті.Көңіл-күйіміз өте тамаша!Біз өмірге осы сәттегі бақытты күйімізге ризамыз,өз күлкімізді,осы бақытты шағымызды айналамыздағы адамдарға сыйлаймыз.Біз көл бетінде әдемі жүзіп келе жатырмыз.Ескекті достарымыз болып кезектесіп есудеміз.Қайықты ескекпен есу бізге сондай ұнайды.Міне, біз қайығымызды ақырын жағаға қарай бұрып жүзіп келеміз. Жағалауға ақырын жақын жүзіп келіп қайықтан түсіп көлігімізге отырдық.Автобусымыз бізді лезде зырлап отырып мектебімізге де алып келді.Көліктен түсіп,мектепке де кірдік,дәліз бойымен жүріп отырып сыныбымызға жетіп,ондағы өз орнымызға ақырын жайғастық.Барлығы өте тамаша! Жаймен көздеріңді ашуға болады.
Тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөлісу.
-Қалай балалар,көлде қайықпен серуендеген сендерге ұнадыма?
-Қандай сезімде болдыңдар?
2.Үй тапсырмасын тексеру
Лездеме
1.Конверттен бір сөзді бір рет алу.(минералды сулар,шипалы сулар,арасан,еріткіш,тұщы су)
2.Сөздің өзін атамай түсіндіру.
3.Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды да,қалғандарына түсіндіреді.
3.Дәйексөз.
1.Су бар жерде ырыс бар:
ұстап балық жейсің,
ақ бидай егіп, нанын жейсің.

2.Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асыртады.
(Халық мақалы)
4.Мұғалім сыйы
Қазақстанның өзендері,көлдері. Су тіршілік көзі. (бейнеролик)
Түйіндеме: Бастау-өзеннің басталар жері.Өзендер басын таулардан алып,көл,теңіз,мұхиттарға құяды.Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды.
Көлдер жер бетіндегі ойыс жерлердің суға толуынан пайда болады.
Ең үлкен көл-Каспий теңізі Қазақстанда Аралдан кейінгі ірі көл-Балхаш көлі.
Ең терең көл-Байкал
Табиғат ананың адамзатқа тарту еткен тамаша құнды сыйы Мөлдір таза суды бағалай білгеніміз жөн.Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Су барлық табиғатқа өмір беруші,тіршілік көзі болып табылады.Суды үнемдеп,қорын сақтай білгеніміз жөн.
5.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
1-топ. «Су-табиғат сыйы» тақырыбында газет дайындау
2-топ.Қазақстанның кескін картасына өзен-көлдерді орналастыру.
3-топ.Табиғаттағы су айналымын құрастыру.Судың қасиетіне тәжірибе жасау.
4-топ. Су туралы мақал –мәтелдер,нақыл сөздер жазу.
Түйіндеме: Еске сақта мұны
Су-өмірдің нәрі,
Төгіп бекер шашпа,
Үнемдеп оны сақта!
6.Топпен ән айту.
«Жау жаңбыр» әні. Сөзі,әні: Бота Бейсенова
1.Келді міне көктемім
Жердің жүзі көктеді
Ақ жаңбырды сыйлады
Ақша бұлттар көктегі
Қайырмасы:
Жау жау жаңбыр
Жау жау жаңбыр
Мөлдіреген
тамшыларың
Жау жаңбыр
Жау жау жаңбыр
Табиғаттың сән
Жау жаңбыр Жау жаңбыр
Мөлдіреген
Тамшыларың
Жау жау жаңбыр
Жау жаңбыр
Табиғаттың сәні
2.Жаушы жаңбыр тағыда
Күтіп сені сағына
Кірсін жердің сәні де
Топырақтың нәрі де
Кері байланыс. «Білім» теңізіне кеме жіберу.
7.Үйге тапсырма
«Су-өмір нәрі» тақырыбында эссе жазу
8.Соңғы тыныштық сәті. (Жайлы әуен жіберіледі)
Балалар осы тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.