Меню
Назад » » »
Анаға қарап қыз өсер
загрузка...

загрузка...
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Алакөл негізгі орта мектебінің I санатты психологы

Тақырыбы: « Анаға қарап қыз өсер»
Мақсаты: Ананың қызына беретін үлгі - өнегелері туралы түсіндіру; ананың «бесік жыры» арқылы қыздарды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу жолдарын көрсету.
Түрі: сырласу
Құрметті Аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да, әсем арулар « Анаға қарап қыз өсер » атты сырласу кешіне қош келдіңіздер!
Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен. «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те, ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз.
Кештің беташарын «Сіңліге сыр» атты өлеңмен ашсам деймін.

Кешіміздің барысы:
1. «Біз екеуміз бірге » жаттығу
2. Баяндама «Қыз баланың жыныстық жетілуі және жеке гигиенасы» мектеп мед бикесі Усенгалиева.Б
3. «Тәрбие бастауы - Ана» (аналармен сырласу)
4. «Мен саған сенемін»жаттығу
5. «Сынып жетекші - екінші ана» (сынып жетекшілермен ой бөлісу)
6. Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу, жаднама)

Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
1-ші бөлім «Біз екеуміз бірге » жаттығу анасы мен кызы үйде бірігіп не істейтіндерін айтады мыс: Біз екеуміз бірге тамак жасаймыз, сырласамыз т.б
2-ші бөлім Баяндама

3-ші бөлім «Тәрбие бастауы - Ана» (аналармен ой бөлісу)
«Ей ,өмір, неткен сонша жылдам едің?!
Кеше ғана мен сабақ тыңдап едім
Балалығым атымды ойып жазған
Парталарым орнында тұр ма менің ?
Жас талдар жапырақ жайғасын
Естілмей кетті — ау ертектер,
Парталас қыздар қайдасың
Қайда екен , қара тентектер» демекші сіздер де бала болдыңыздар, бой жеткен болып бой түзедіңіздер , сіздердің алған тәлім — тәрбиелеріңіз, киім киістеріңіз , жүріс- тұрыстарыңыз қандай еді , қазір — ХХІ ғасыр айырмашылық өте көп , бұған не дер едіңіздер ?
Аналардың пікірі :

4-ші бөлім «Мен саған сенемін» жаттығу
Анасымен қызы бір-біріне қарай отырып анасы қызына сенім білдіретін сөздер айтады
5 -ші бөлім. Сынып жетекші -екінші ана. (ой бөлісу)
«Көп ойлап бұрынғыша бала жайын,
Жүрсіз бе , сау – саламат жан апайым ,
Тек сізге арнап сәлем жолдаушы бұл
Өзіңіздің қолда өскен құралайың» демекші бүгінгі кешімізге 5-8 сынып қыз балаларының сынып жетекшілері қатысып отыр
Сынып жетекшілер қыздарын жекелеп мінез – құлқын , жүріс- тұрысын айтып өтсе
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он екі мен он сегіз жасыменен.-
дегендей, аналарымыз мәпелеп, үкі тағып, үлбіретіп өсірген Қыз Жібек, Баян, Айман - Шолпандар, Айша бибі сұлулықтың пірі емес пе?!
Халқымыз қыз сұлулығына ерекше мән берген. Қазақ қызы десе, бет - жүзінде ұяңдығы бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді.
6-шы бөлім «Тәрбие – табалдырықтан басталады» (қыздармен ой бөлісу)
1. Жанұядағы саған ең жақын жан кім? Неліктен?
2. Анаңмен сырласасыңба, жеке басыңнын сырын ашасың ба?
3. Өзіңді толғандырып, жауабын шешімін таппай жүрген сұрақтарыңа анаңнан ақыл-кеңес сұрайсың ба?

Қорытынды
«Өткен уақыт өлшенетін аралығын
Ғылым үшін жоқ сенің жаңалығың,
Сенде жатқан жалғыз –ақ қазына бар
өзіңде өткен ол – менің балалығым»
деп отырып , «Анаға қарап қыз өсер» атты кешімізді аяқтаймыз . Келелі ой – пікір бөлісіп ,ойларыңызды айтқандарыңызға рахмет. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Анаға қарап қыз өсер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 337 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar