Меню
Назад » » »
Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
загрузка...

загрузка...
ТАСҚАЛА АУДАНДЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ

Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
Шығармашылық шеберхана, коучинг әдісі


Психолог: Валиева С.Б.

Мамыр 2014 ж

Тақырыбы: Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
Мақсаты: Психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін ата-аналармен бірлескен жұмыста практикалық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- ата-аналарға психологиялық жеке және топтық көмек беру;
- өздерінің құндылықтарын нақты сезіну және оларды ата- аналарының
мақсаттарына сәйкес күткен нәтижелеріне көмектесу ретінде жан-
жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына көмек
беру;
- ата-аналардың алдына қойған мақсаттарына жетуге ықпал ету.

Әдіс тәсілі: (Шығармашылық шеберхана, коучинг әдісі)
Жоспар: 1 Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе
3. Қиял- ғажайып тренингі (құм терапиясы)
4. Аяулы алақан (коллаж терапиясы)
5. Құмыра тренингі ( ой қозғау)
6. Қорытынды
1. Ұйымдастыру кезеңі (таныстыру)
2.Кіріспе ( Презентация)
Баланың дүниеге келуі – әрбір отбасында қуанышты жаңалық. Дамуында бұзылыстары бар әрбір балаға сүйіспеншілік, қамқорлық пен мейірімділік қажет. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды отбасында тәрбиелеу ата-аналардан, педагогтардан сабырлық, түсінушілік және т.б. көптеген қасиеттерді талап етеді.
Денсаулығында ауытқушылығы анық байқалған баланы тәрбиелейтін отбасындағы ата-ана үшін баламен қарым-қатынасы күрделі, әрі маңызды мәселе болып саналады. Тіпті, баланың өмірге әлеуметтік бейімделуі ата-аналарының осы жағдайды мейлінше түсініп, шындықты қабылдай біліп, дұрыс көзқараста болуы үлкен ықпал етеді.
( Слайд 3)
Ата-аналар балаға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ең алғаш рет ата-аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір-бірімен байланысты бірнеше факторлармен айқындалады, олардың ішінде маңыздысы ата-аналардың жеке басы, баланың ерекшеліктері, қоршаған ортасы әсер етеді. (Слайд 4)

Баланың патологиялық жағдайы ата-аналар бойында ауыр стреске ұшыратады. Кейбір жағдайларда бала орталық нерв жүйесінің бұзылысынан басқа дене бітімінің кемтарлығы болуы мүмкін. Бұл жағдайлар баланың ата-анасына үлкен ықпал жасауы мүмкін. Туындаған жағдайда жаңа рөлді қабылдау, дамуында ауытқуы бар баланың ата-анасы екенін қабылдау өте қиын. Дамуында кемшілігі бар бала күнделікті өзіне деген күтімді талап етеді де, ата-анасына күнделікті дағдыланған өміріне кедергілік әкеледі.

Бұл жағдайда арнайы маманның кеңесі қажет. Кейбір жағдайларда ата-аналар баланың кемтарлығынан ол кеш жүруі тиіс, немесе оның дамуында бір кемшіліктер болады, тілі кеш дамуы мүмкін деп ойлап, аталған диагноздың қойылуынан қорқады. Шындықты естігенде, ата-аналар бұл жағдай уақыт өте бала есейгенде өтіп кетеді деп ойлайды және осындай диагноз қоюшы мамандарға ренішті болады. Бұндай сезім түсінікті, бірақ ең бірінші естігендегі ауыр сезім өтпелі болады. Кейбір ата-аналар барлық жақындарымен, достарымен қарым-қатынасты тоқтатады, ал басқалары көптеген адамдардан көмек алу үшін қарым-қатынасқа түседі.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары уақыттарының көп бөлігін үйде өткізеді, оларға жұртпен араласуға уақыт жетпей жатады. Сөйтіп, олардың эмоциялары күнделікті күйбең тіршіліктің тасасында тұншығып қала береді. Сол себептен мамандар, психологиялық көмек көрсету үшін, отбасымен төмендегідей жиі жұмыс жүргізіп отыруы қажет. (слайд 5)
Мен психолог маманы ретінде осындай отбасылармен жұмыстану барысында, ата-аналарға өз баласын сол күйінде қабылдауды үйретуде коучинг әдісін пайдаланып: психологиялық тренингтер, кеңестер, тақырыптық дәрістер мен семинарлар, ата-ана ұжымындағы бірлескен сабақтарды жиі өткізіп тұрамын.(слайд 6)
Бүгін сіздердің алдарыңызға практика жүзінде күнделікті қолданылып жүрген, коучинг әдісін пайдаланған бірнеше арт терапия түрлерін ұсынғалы, көрсеткелі тұрмын.
3 Қиял –ғажайып әлемі» тренинг (Релаксация әуені ойнап тұрады)
Мұнда әр түрлі түсті құмдар бар. Әуенді тыңдап мына стаканға өз армандарыңызды ойлай отырып, құмдарды әдемі етіп орналастыруыңыз сұралады. Әрбір құмды алғанда ойлаған армандырыңыз орындалғандай сезініңіз. (6 слайд)
Құрметті әріптестер, әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының арманы бір. Ол - бала. Ата-ана құмды алып, стаканға салғанда ол еріксіз өзіне шешілмеген мәселелердің шешу жолдарын ойлау мүмкіндігін іздейді. Болашаққа сенімді көзбен қарайды. Өзіне деген сенім пайда болады.
«Құм терапиясы» - ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Ата-ананың өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашуына көмектеседі. Сонымен қатар, ата-аналардың жүйке жүйесін тыныштандыруға психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруіне пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие . ( 7,8 слайд)
4 «Аялы алақан» тренингі . (коллаж терапия қолданылады) Мына суреттке назар аударайық. Не жетіспейді? Керемет күн, әдемі бұлт, ағаш. Кәне, осы өзіміздің балаларымыздың алақанын пайдаланып, жетіспеген суреттерімізді бейнелейіқ. Әрбір алақан өзімізге бақыт, куаныш алып келеді.
Құрметті әріптестер, арт терапиясы бір нәрсені жапсыра отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Арт терапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек, біздің ата-аналарымызға күш қуатын беру мақсатында жиі арт терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды. Мысалы, мұнда пайдаланған түстер, сары және қызғылт сары- сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер жағымды көңіл-күй береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңілін көтереді, жүйкесі қозғанда тыныштандырады. (9-10 слайд)
5. «Құмыра» тренингі (бейнеролик) ойнап тұрады.
Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше, судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін, кемшіліксіз болыпты.
Қария үйіне жеткенде, бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін, қатты тәкаппарланын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен. Екі жыл өткен соң, бір күні жарық құмыра, қарияға былай депті:
- Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:
- Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен басынан сенің бүйіріңдегі жарықты байқап, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда, сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол жарығың болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім...
Иә, бұл мысалдан дені сау адамның кемтар жанға күлмеуі және кемтар жанның мен мүгедекпін деп салы суға кетпей, Аллаға тәуекел етіп тірлік қылса, Жаратқанның жарылқауына ие болатыны айқын көрінеді.
Енді, құмыраны адамдармен салыстырайықшы. (11 слайд)
6. Қорытыңды
Міне, құрметті әріптестер, әрбір адамның өмірде өз орны бар. Тіпті дені сау адамдар өз орнын таба алмай, денсаулықтарын бұзып, жаман жолға түсіп жатырғаны кездеседі. Бәрі біздің қолымызда, тек біз ата-аналарға балаларының өмірде еш қиындықсыз ата-анасының мейіріміне бөленіп, өз орнын табуға, өмірге тез бейімделуге көмектесуіне осындай жұмыстар жүргізу арқылы ықпал етіп отыруымыз керек деп ой түйемін. Балаларды өмірге бейімделуіне отбасының басым рөлін мойындай отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір маман ата - аналармен қарым - қатынас жасауда, түрлі тәсілдерді қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата- ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата- ананың , өмірге деген көзқарасы өзгерер еді.
(12 слайд) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Психологиядан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 362 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar