Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бала- біздің болашағымыз. -

Бала- біздің болашағымыз.

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 270 | Просмотров: 2415 | Размер: 63.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Алматы облысы
Райымбек ауданы
Бестөбе орта мектебі

Бала- біздің болашағымыз.

Психолог : Абдикеримова .Н

Тақырыбы : Бала- біздің болашағымыз.
Мақсаты :
1. Бала тәрбиесіне ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру .
2. Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Көрнекілігі : Өсиет сөздер, тест сұрақтартары , қабырға газеттері .
Кіріспе бөлім :
Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға . Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып , әрленеді. « Бала нені білсе жастан, ұядан- өле – өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағана жатыр. « Бала істеген жауыздықтың жазасын » тәрбиешісі көреді деген. Бұл орайда мектептің де ролі зор. Өйткені , отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір- бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы – ата- анасы. Бала ата-анасының, ата-ана баласының жан-дүниесін түсінбейінше , іс алға баспайды . Ата-ана мұғалімге көмекші , сенімді тірек болса , мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана , барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Негізгі бөлім :
Отбасындағы , мектептегі бала тәрбиесі қандай ?
Келіңіздер , осы тақырып төңерегінде пікір алысайық.
І . Ой қозғау .

Ата-аналарға сұрақ:

1. Балаңыздың білім алуына көп көңіл бөлесіз бе ?
2. Білім алуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба ?
3. Мектептен үйге келгенде көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
4. Балаңыздың достарын білесіз бе ?
Ұстаздарға сұрақ :
1. Баланы қабілетті , қабілетсіз деп бөлесіз бе ?
2. Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?
3. Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?
4. Сабақта баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?
Оқушыларға сұрақ :
1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың ?
2. Саған ұстазыңның қандай қасиеттері ұнайды ?
3. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болуы керек ?
ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу .
Ата-аналарға :
- Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз ?
Ұстаздарға :
- Сіз сыныпты тыныштандырып , сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей , оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап , күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?
Оқушыға :
- Сен би кешіне баруға достарыңмен уәделесіп қойдың .
Ата-анаң рұқсат бермеді . Бұл жағдайдан қалай шығасың ?
ІІІ. Психологиялық сараптама .
Тестердің жауабынан жинақтаған ұпайларына қарап , бағыт- бағдар беріледі .
Қорытынды
Қадірлі Ұстаздар, ата-аналар , « Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып , жерге қаратпасын десең , балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп , еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік . Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса , тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Ұстаздарға сұрақ :

1. \Баланы қабілетті , қабілетсіз деп бөлесіз бе ?

2. Баламен қарым- қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтыра ма ?

3. Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсың ба ?

4. Сабақта баланың көңіл –күйіне мән бересіз бе ?

5. Сіз сыныпты тыныштандырып , сабақты бастап кеттіңіз . Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді . Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей , оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап « Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап , күлкім келеді», -деді. Сіз қандай шара қолданасыз ?


« Ырыс-ынтымаққа жолығады , дәулет-бірлікпен толығады » деп Елбасымыз жолдауында айтқандай , ынтымақ пен бірліктің артуына барынша күш-жігеріміз бен білімімізді аямай жұмсайық .

Психологиялық дайындық
Әрбір сабақ-үйрену ,ұғу, ұлағат,
Әрбір ісің –тірлік,, тірек , адамдық
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адамдық

Білім деген –менің жарқын көңілім,
Білім деген шаттық толы көңілім,
Білім деген-әнім болып төгілдің
Білім деген –болашағы өмірдің .

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын .
Соқса дадауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн.
Шәкіртсіз өмір-айсыз түн.
Көрінсін талабы еңбектің.
Абыройы арта берсін еңбектің





Психологиялық жұмыс барысында мектеп оқушыларын зерттеуде қолданылатын әдістер .



Мектептегі психолог жұмысының басты мақсаты :

Білімді, мәдениетті , шығармашыл, әдепті , парасаты мол, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру . Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты зерттеу, білу- оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. Оқушылардың қызығушылығы мен танымдық әрекеттерін және бейімділігін анықтау.Оқушы бойындағы жағымсыз қылықтарды анықтап, оны болдырмау. Жеке тұлғаның ой-өрісі мен біліктілігі, логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерінің дұрыс қалыптасуына , жеке тұлғаның дарындылық, шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру , мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру, ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру жолдарын қарастыру, жеке тұлға ерекшелігін ескеріп, жан-жақты түрде терең зерттеу болып табылады . Мектепте психолог жеке тұлғаны зерттеуде үнемі тиімді әдістемелік жүйені іздестірумен қатар, жеке тұлғаның физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісі мен сана- сезімінің психологиялық дамуына ерекше назар аудару .

Мектеп ұстаздарының психологиялық ахуалын зерттеу сауалнамасы

1.Сіз өзіңізге сенімдісіз бе ?

2. Сіз өзіңіздің мамандығыңызға қанағаттанасыз ба ?

3. Адамдармен қарым-қатынастық стиліңіз қандай ?

4. Өзіңіздің мектебіңізге деген көзқарасыңыз қандай ?

5. Өзіңіздің қасыңыздағы әріптестеріңіз туралы пікіріңіз қандай ?


6 Ұжымға өз пайымдауыңызға мінездеме беріп өтсеңіз .

7. Мектеп ұжымына сіздің ұсынысыңыз.

Аты-жөніңіз--------------------------------------------------
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.