Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Біз өмірімізді неге арнаймыз? -

Біз өмірімізді неге арнаймыз?

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1664 | Размер: | Автор: гость
. Салематсыздарма балалар!Енді біз бізге келген қонақтарға жылы жұздерімізбен амандасайық
.Енді бір-бірімізбен амандасайық.
Күлім қағып қолымды 1,2,3 деп қолымды соғайын.
Қарап тұрған көршіме,қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы жүзбенен маңдайынан сипайын
Жылы-жылы сөзбенен,жүрегімді сыйлаймын
Ыстық алақаныңмен,қолыңды бірқысайын
Амандасып өзіңмен,құшақтап бір қысайын.

Тақырыбы: «Біз өмірімізді неге арнаймыз?»
Мақсаты:Оқушыларға өмір туралы түсінік беру,дұрыс таңдау жасай білуге үйрету.

Білімділігі: Жас ұрпаққа адам тек өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылығы:Сын тұрғысынан ойлау,сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелілігі:Отбасын сүюге,шындықты,сұлулықты қадірлей білуге эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік құралдары:компьтер;Интерактивтік тақта;слайд материалы;магнитафон;кассет;
үйлестірмелі қағаз; қарындаштар;үнтаспа;нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:Біз өмір туралы не білеміз?Өмірді не үшін сүреміз?
Жауаптар:

Арттерапия:

Ойларына кез келген бір суретті майшаммен қағазға түсіреді де,оның үстінен түрлі түсті бояумен бояйды.

Суретте:Табиғаттың көрінісі;көңіл күй;өмірде не нәрсе ұнайды.....
Енді сабағымызға оралайық.
Суреттердің барлығын тізіп тақтаның алдына қойып,қайсысы ең әдемі,қайсысы ең көңілді? Екенін ажырату.Не себептен мана сурет ті салдың?Сен ше?
«Біз өмірімізді неге арнаймыз?»Ойын «Аукцион»
Ойынға қатысушыларға 10-жетоннан беріледі.Олар үнемдеп керекті нәрселерді сатып алады.
Слайд көрсетіледі:
1.Кең жақсы пәтер;(1-жетон)
2.Спорттық автомобиль;(1-жетон)
3.Білім немесе мамандық(2-жетон)
4.Жалғыз нағыз дос(2-жетон)
5.Теңізде дем алу.(2-жетон)
6.Жанұя.( 2 жетон) (+1 жетон за награду)
7.Денсаулық.(2-жетон(+1 жетон за награду))
8.Әдемі табиғат;(1-жетон)
9.Таза ар(2-жетон)(+1 жетон за награду)
10. 5-жыл бойы еш кедергісіз рахаттану.(2-жетон)
11.Спорт; (2-жетон)
12.Өмірге қосымша жеті жыл;(3-жетон)
13.Уақыты келгенде қиналмай келген өлім.(3-жетон)
14. Армандаған жігітіңіз(қызыңыз)(1-жетон)
15.Алға қойған мақсатыңа жете білу.(2-жетон)
16. 5-жыл бойы еш кедергісіз рахаттану.(2-жетон)

Сұрақтар:Қайсысына қызықтыңдар?Қайсысына көп жетон жойылды? Ала алмай қалған заттарыңыз болды ма?Көрдіңдерме,өмірде бәрін алу мүмкін бе еді?

Аутотренинг(Релакциялық жаттығу)Теңіз жағасында.

Мақсаты:Топ ішіндегі өте жоғары деңгейдегі қозғыштықты бәсеңдету арқылы дем алдыру.

Топ дөңгеленіп отырып,терең дем алып отырып,көздерін жұмады.

Интрукциясы:Бәріміз көзімізді жұмайық,терең дем аламыз.
Өзіңізді жеңіл бос ұстаңыз.Енді көз алдымызға елестетейік.
Сіз теңіз жағасындасыз.....Онда сізге қолайлы,ыңғайлы......Сіз өзіңізді қинап жүрген барлық ойлардан арылғандай сезінесіз....
Ешкім мында сізге кедергі келтірмейді.......мазаламайды......
Мында сізге жайлы.......рахат....
Енді айналадағы табиғатқа көңіл аударайықшы....... Ондағы әдемілікті сезінейікші... Сіз қандай әсер алып отырсыз?..Қандай дыбыстар естіледі,құстың ән салғаны,.....судың сылдырлағаны,......самал желдің соққанын, .. сіздің жолыңызға әсер тудырады......Сізді нәзіктікке,мейірімділікке бөлейді.......Сізге мұнда жағымды,жақсы.

Енді біз аудиторияға оралайық.Көздерімізді ашайық,алған әсерлерімізбен бөлісейік.
Өздерізді калай сезіндіңдер?Ненің даусын естідіңдер?Кәдімгі теңіз жағасында отырғандай сезіндіңдерме?Қандай сезімде болдыңдар?

Міне,бүгін біздер өмір туралы әңгіме айттық,психологиялық ойындар ойнадық.Мен сендердің болашақта оқуды аяқтап,ел қатарлы азамат болатындарыңа көзім жетіп тұр.Сендер өмірде бәрін бірдей алуға болмайтынын түсіндіңдер.
(Сендердің араларыңда өмірге түңіліп қарайтын оқушылар болған жоқ.)
Сендер өте жақсы жұмыстандыңдар.Іштеріңізде өте жақсы,белсенді қатысқандарыңа «Алғыс хат» беріледі.
Осымен сабағымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.