Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Келіспеушілік дегеніміз не?» -

«Келіспеушілік дегеніміз не?»

Сабақ жоспары | Предметы | Психологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2512 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№8 орта мектеп педагог – психологі
Баймуратова Баян Бахиевна

Психология - 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:
«Келіспеушілік дегеніміз не?»
Сілтеме: 1.Қазақстан Республикасы Жастар жетістігі орталығында жасақталған бағдарлама және әдістемелік көмекші құралы. Т.П. Стекольниковой., Кошкербаева С.М., Кудайбергенова С.К., Ким Е.Т. - Алматы 2003ж.
2.«Психология» Ф.Н. Гоноболин «Мектеп», Алматы – 1976ж.
3. «Жантануға кіріспе» Қ.Жарықбаев., Ө. Озғанбаев Алматы 2000ж.
4. «Игры обучение тренинг досуг» М – 1994ж. «Новая школа» В. В. Петрусинского.
5. «Психологиялық тренингтер». (Көмекші құрал). Ақтау – 2008ж.
6. Әдістемелік көмекші құрал: «Жеке адамның психологиялық даму ерекшелігі» Маңғыстау – 2010ж. Баймуратова Б.
Сабақтың мақсаты: Топтағы жұптық жұмыстың дағдылары арқылы ынтымақтастыққа қалыптасады.
Міндеті: Оқушыларды келіспеушілік,келіспеушіліктің жағымды және жағымсыз жақтары туралы түсініктермен танысады.
Оқыту нәтижелері: 1. Оқушылар қарым – қатынас арқылы келіспеушілік,келіспеушіліктің жағымды және жағымсыз жақтары туралы түсініктерімен танысады.
2. Салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады.
Жаттығулар:
Ассоциация: «Келіспеушілік», топтық жұмыс, тренинг: «Апатқа ұшыраған кеме», презентация, ситуациялық тапсырма
Тапсырмалар:
Ситуация: «Келіспеушілік»

Блум таксаномиясы Жұмыстың атауы Мазмұны
Білім Топтық жұмыс: Қиынды суреттер

Оқушыларды топтарға бөлеміз:

Топтық жұмыс: Стол үстінде қиынды суреттер жатыр. Оқушылар қиындылар арқылы суреттерді құрастырады.
Құрастырылған суреттер арқылы 3 топ құрылады

Жиналған суреттер қиындылары белгілі бір ситуацияны құрады:
1. Суретке ат қою
2. Себебі не?
3. Дұрыс жауабымен салыстыру

Түсіну Ассоциация: «Келіспеушілік»

1. Оқушылар өз ойларын ортаға салып бөліседі
2. Жазылған ой пікірлері 2 – ге бөледі:
1) Жағымды жақтары
2) Жағымсыз жақтары
3. Қай топта көбірек жиналған? Неліктен?
Қолдану Тренинг: «Апатқа ұшыраған кеме» Мақсаты: Қарым – қатынас арқылы ситуациядан шығуды үйрету. Жеке тұлға бойындағы ерекшеліктерді, қабілеттерді алғаш көргенде қалай танып білуге болатындығын үйрету.
Талдау Ой толғау:
1. Келіспеушілік түрлері
2. Өзара байланыстылығы 3 топ өзара сыни ойлай отырып, презентацияға шығып қорғайды
Жинақтау Диагностикалық жұмыс: Тест Тестік жұмыс арқылы өз – өздерін анықтайды. Келіспеушілікке бейім бе? әлде жоқ па? Екенін көреді.
Бағалау Көшбасшы:
Үй тапсырмасы:
Ситуация «Келіспеушілік»
(өз өмірінде көрініс берген ситуацияны дайындау) Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз

Рефлективтік есеп

12.05.2012ж мен екінші сабағымды ұйымдастырып өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Келіспеушілік дегеніміз не?» Мақсаты: Топтағы жұптық жұмыстың дағдылары арқылы ынтымақтастыққа қалыптасады. Міндеті: Оқушыларды келіспеушілік, келіспеушіліктің жағымды және жағымсыз жақтары туралы түсініктермен танысады. Нәтижесінде сабаққа осындай мақсат – міндеттерді қоя отырып оқушылар қарым – қатынас арқылы келіспеушілік, келіспеушілктің жағымды және жағымсыз жақтары туралы түсініктермен таныса отырып, салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалауға дағдыланады. Содан соң топтық жұмыс арқылы ортаға келіспеушіліктің ситуациялық көріністері бейнеленген қиынды суреттерін тастадым. Оқушылар өздерінің қалаулары бойынша бір – бірлеп қиындыларды алып қалған қиындыларын іздеуге тырысты. Соңында тұтас суреттерді құрастыру арқылы шағын топ құрды. Яғни 3 топ пайда болды. Сабақтың білім кезеңінде әр топта пайда болған суреттермен топтық жұмыс жасау тапсырмалары берілді:
1. Суретке ат қою
2. Себебі не?
3. Дұрыс жауабымен салыстыру



Оқушылар осы тапсырмаларды орындау кезінде сыни ойлау арқылы суреттерге ат қойып, себептерін анықтай алды. Үлестірмелі суреттермен қатар АКТ - ны қолдана отырып интерактивті тақтаға үлгі суреттер көрсетіп қойдым. Бірінші суретке – «Түйісіп қалу», екінші суретке – «Мыналар да басымды қатырды, ау», үшінші суретке – «Ата – анам мені жақсы көрмейді» - деп ат қойдым. Себебін түсіндіру кезінде ситуацияны өздері сыни тұрғыда ойлау арқылы құрастырып, дәлелдей алды. Ал дұрыс жауаптарымен салыстырғанда оқушылар өздерінің түсініктерінің жобалап келетініне көздері жетті. Тапсырманы орындау кезінде топ ішіндегі яғни бірінші сабақта дарындылықтың кейбір ерекшеліктері байқалған оқушым, топқа бөлгенде менің жақсы көретін қызымды қасыма отырғызбадыңыз деп ренжіп қиынды суреттің бір бөлігін тығып жоқ қылып жіберді. Яғни бұл жерде келіспеушілк пайда болып тұр деп айтуға болады. Басқа да тапсырмаларды орындау кезінде мінезін көрсетіп енжарлық білдірді. Бірақта қасына барып жасалған жұмыстарына диалогтік сұрақтар қойып, ойын сабаққа қарай аударғанда ғана ол бастапқы әрекетін ұмытып, өз – өзін реттеді.
Топқа «Келіспеушілік» деген сөзге ассоциация жүргізу тапсырмасы берілді:
1. «Келіспеушілік» сөзіне бірнеше ойларын білдіру
2. Жазылған ой пікірлерін екі топқа бөлу (жағымды және жағымсыз жақтары)
3. Қай топта көбірек ой пікірлер жазылған? Неліктен?



Жұптық және топтық жұмыс кезінде оқушылар өз ойларын сыни тұрғыда іске қоса отырып, ортаға талқыға қоса білді. Ойларын ренжу, түсінбеу, көре алмау, менсінбеушілік, қырылысу, жаман сөз айту және т,б сөздерімен жеткізді. Ал жағымсыз және жағымды жақтарына бөлген кезде, басым көпшілік оқушыларда жағымсыз жағында ойлары көбірек жазылған болып шықты. Яғни оның психологиялық талдамасын айтатын болсақ, топ – жиі келіспеушілікке түсетін топ. Оқушыларға талдамасын түсіндірген кезде, кейбіреулері үндемей немесе ұялып отырғандарын білдіріп отырса, енді біреулері «Сонда біздің сынып онша емес пе?» - деген сұрақтар қойып та үлгерді. «Жоқ ондай шешім қабылдауға асықпауымыз керек» - деп сабақты әрі қарай «Апатқа ұшыраған кеме» деген тренингпен жалғастырдым. Мақсаты: Қарым – қатынас арқылы ситуациядан шығуды үйрету. Жеке тұлға бойындағы ерекшеліктерді, қабілеттерді алғаш көргенде қалай танып білуге болатындығын үйрету болатын.



Оқушылар сыни тұрғыда ойлай отырып, керемет жауаптармен ойларын дәлелдей алды. Ситуациядан шығудың өте тиімді, әрі қолайлы жақтарын ерекше айтқан Айгүл есімді белсенді оқушым болды. Ол топ ішінде белсенділік көрсетумен қатар тобындағы оқушыларға дұрыс бағыт беріп ынтымақтастыққа шақырып отырды. Мақсатта қарастырылғандай Айгүлдің бойындағы ұшқырлықты тобындағы көшбасшы басқалармен салыстыра отырып фармативті түрде бағалап отырды.
Ой толғау кезеңінде әр топқа келіспеушіліктің түрлері және өзара байланыстылығына презентация жасау тапсырмасы берілді. 3 топ сыни ойлау кезінде бір – бірінің жұмыстарына ұқсамайтын презентация жасай отырып, көшбасшы топта енжарлық көрсетіп отырған оқушыларды жұмысқа тарта білді. Оқушылар үлкен жауапкершілікпен өздерінің орындаған жұмыстарын жан – жақты талдай алды. Ал кейбір оқушылардың топтары мағынала тапсырманы орындағанымен қорғаушы оқушының тіл байлығы жетпей қарапайым сөз тіркестерімен шолып, топ мүшелерін ренжітіп алып отырды. Өйткені олардың ортасында «Ерекше бірінші болуымыз керек» - деген бәсекелестік болатын.
Оқушылар мақсатта қойылған мәселелер бойынша ситуациядан шығудың жолдарын өздеріне сабақ ретінде қалыптастырды деп ойлаймын. Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтау мақсатында өздерінің келіспеушілікке бейім бе, немесе бейім еместіктерін нақты анықтау үшін тестік жұмыс жүргізілді. Сабақтың соңында талдау жұмысын жүргізгенімде топ ішіндегі оқушылардың көрсеткштері 58 % - ға келіспеушілікке бейім екендіктерін көрсетті.
Ал сабақтың бағалау кезеңінде көшбасшы өздерінің топтарындағы оқушылардың сабаққа деген қатысып орындаған тапсырмалары арқылы салыстырып формативті түрде бағалай алды. Сабақтың соңында келіспеушілікке байланысты ситуация құрастырып келу үй тапсырмасы берілді.
Жалпы сабақты ұйымдастыру кезінде білім және түсіну, қолдану кезеңдеріндегі тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар қызығушылық танытып атсалыса білді. Оқушылар жақсы қатысты. Ал презентация кезінде топтан оқшауланған немесе топ қатарындағы оқушылар үшін әлі де өз ойларын жеткізу жеткіліксіз. Келесі сабақтарда ол оқушылармен әрі қарай жұмыс жасаймын деген ойдамын. Мені оқушылардың ешқандай кедергісіз батылдылау болып жұлқынып ортаға шығып келістірсе де немесе келістірмесе де мен айтайыншы деген әрекеттері қатты қызықтырады. Осындай әрекеттеріне сүйене отырып, мен олардың сөздік қорларын дамытамын деген ойдамын. Сонымен қатар мен өзімнің тәжірибемде оқушылардың ішінде топқа қабылданған оқушыларды белсенділікке, белсенділігі бар оқушыларды лидерлікке өзгертер едім. Сабағым бұдан да жақсы өтсе, мен топ ішіндегі келіспеушілік проблемасын жоямын деп болжаймын. Ең бастысы оқушылардың сабаққа қатысуынан қызығушылық ерекше көрінеді. Келешекте сөздік қоры аз оқушыларыммен жеке жұмыс жасап нақты диалаогтік сұрақтар арқылы өзгертуім керек. Осы мәселелерді қолға алу үшін ұмтылар едім. Ал сабақтың мақсатына жету үшін тәжірибе және жоспарлау кезінде сұрақтар құрастыруға көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Маған қайталау және сараланған, көзделген мәселелерді қолдану мүмкіндігі туралы ойлану керек. Ол бұдан әрі сабақ беруді жақсартуға көмектеседі. Келешекте маған АКТ бойынша кең көлемді материалдар керек болады, оны мен информатика пәні мұғалімдерінен көмек алу арқыла ала аламын деп ойлаймын.
Бұдан кейін мен оқудың екінші «Бетпе - бет» кезеңінде орындайтын құжаттарыма сабағымдағы мәселелерді талдап түсіремін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.